Көрсең, қазір сол үйге кіреміз. Сен әзірше осы арада тұра тұр,— деді де, сәл ойланып,— жоқ, сен де жүр. Байқап бас. Соңымнан ңалма! — деді.
Оның соңынан қалмай жүріп келемін. Үй жаққа көз жіберіп қараймын. Үйдің бейнесі көрінгенімен, шам жарығы көрінбейді. Бұл неге олай? Әлде онда ешкім жоң па екен? Әлде керосиннің жоқтығынан шам жақпай отыр ма екен? Міне, мендегі ой әзірше осы.
Иван Кузьмич тағы біраз ілгері жүрді де, маған
бұрылып:
Бұл үйдің иті бар еді. Бізді ендігі ит сезіп, үре- тіндей болды. Ол неге үрмейді? Әлде гестапо Семен Григорьевичті алып кетіп, итін атып тастады ма екен? — деп, кідіріп тұрып қалды.
Төңірек жым-жырт. Осынша қалың орманнан тіпті құстың да даусы естілмейді. Тэк жақын бір жерден көлбақаның бақылдағаны ғана естіледі.
Үйге не болса да кіреміз! Кірмеске лажымыз жоқ,— деді Иван Кузьмич бір кезде күрсініп. Коман- дирдің бұл сөзінен осы үйдің ішіне кірудің өзі қауіпті екенін аңғардым.
Рацияны қай жерге қойғанын Семен Григорье- вич өзі гана біледі, басқа ешкім білмейді,— деп жал- ғады ол сөзін сәлден соң.— Ал рациясыз біздің де күніміз қаран.
Жүр5 кірелік,— дедім Иван Кузьмичтің ауыр оиына ортақтасқандай. Ол пистолетін кабурынан суы- рып алды да, стволына ау.ырын ғана оқ жіберді. Мен де әзірлендім. Ол аяғының ұшымен адымдай басып,
үйге қарай жүріп кетті. Соңынан қуып жетіп, оны тоқ- таттым да:
Сен осы арада тоқтай тұр. Мен үйге кіріп, жағ- дайды білейін. Екеуіміздің бірдей кіруімізге болмай- ды, дедім.
Ол сәл ойланып қалды да:
Ол дұрыс қой. Бірақ Семен Григорьевич сені танымайды. Онда мен барайын, сен тұра тұр.
Әрі ойлэп, бері ойлап, үйге екеуіміз де кірмек болдық.
Достарыңызбен бөлісу: |