Бауырсақты кім берді саған?— деп сұрады сол жерде балалардың біреуі менен.
Ешкім берген жоқ. Ас үйде бауырсақ дегенің ат-көпір! Екі астау беттесіп тұр!— дедім мен бала- ларга.
Оны айтқа пісірген,— деді Сақыпзада жұлып алғандай.
Міне, тамаша! Онда ана Ңарамойылдың ішінэ бауырсақ апарып, айтшылап ойнасақ қайтеді?— де- дім мен.
О, ойнасақ ойнайық! Тіпті жақсы болды, енде- ше, сөйтейік!— деп қуаныштары қойындарына сьтй- май, балалар шулап кетті. Шешем байғұс бала-шағала- рының көптігінен бе қайдам, әйтеуір өте қатал адам еді. Шешем оянып кетсе, хабарлау үшін, бір баланы те- резе алдына қойдым. Егер шешем оянып, ас үйге бет- тей қалса, қарауылшы бала қатты ысқырып, бізге: «қашыңдар» деген белгі беретін болды. Бір топ бала қойсын ба, кепешке салғаны кепешке, етекке салғаны етектеріне толтырып, екі астауды ә дегенше босатып, Ңарамойылға қарай тартып отырдық. Әр мойылдың
түбіне түйе жапыраңты жайып тастап, әрқайсымыз бір-бір «үй* болып, кезекпе-кезек айттап жүрміз. Ба- уырсаң таусылды. Ақыры: «Бауырсақты сен көп же- дің, мен аз жедім», «Сен маған айтшылап көп келдің, мен саган айтшылап аз бардым»,— деп «айттың» аяғы қиян-кескі жанжалға айналды. Жанжалды әрең деген- де басып, ауылға қарай қайтуға айналдық. Балалар үйді-үйіне тарай бастады. Бірі — көз жасын көл қы- лып, екіншісі — аузы-басы бұртиып, жанындағы бала- ға ала көзімен ата қарап, өкпелеп барады, ал енді бі- реулері: «есемді жібергенім жоқ» дегендей жан-жағы- на қоқиланып қояды. Үйге таман жақындаған соң, Сақыпзада бізден оқшаулана бастады. Өзімнің басқа бауырларымдай емес, кейде айтқан сөзінде тұрмай, «қылмыстарымды» үйдегілерге жеткізіп қоятын әдеті бар-ды. Оның өзі әжемнің бауырында еркелеп өсті де, неліктен екені белгісіз осындай әдетке, әйтеуір, машық болып алған еді. Ңашанда мен «айыпкер» де, ол «айыптаушы» болатын. Сөйтіп, енді болған мән-жайды Сақыпзаданың үйдегілерге айтып қоятынын сездім де:
Достарыңызбен бөлісу: |