Тата!— деді де қарағайдан қарғып түсіп, жүгі- ріп келіп Микола қартты құшақтай алды. Ңыз өксіп жылай берді.
Ңарт қызды құшақтап тұрып:
Бұл менің кенже қызым — Вера,— деді, кем- сеңдеп көзіне жас алып.
Жавахидзе Вераның аяғының жарасын көріп, қа- нын сүртті. Балтырының екі-үш жерінен оқ тиіпті, бі- рақ сүйегі сау екен. Дәрігер жарасын таңып байлап берді.
Вера көзінің жасын сүртіп отырып: селоларына және көршілес селоларға да солдаттар көп келіп жат- қанын, тауға мал бағуға тыйым салғанын, соны хабар- лауға келе жатып, көп солдатқа кездесіп қалып қашып құтылғанын, олардың осылай қарай келе жатқанын айтты.
Микола қарт пен Вера екеуі жергілікті халықтар- дан бізге қосылған бірінші партизандар еді.
Осы қарсы алдымыздағы биік тау — «Полони-
на Острый» деп аталады. Бұл өте тік, ұшар басы жа- лаңаш — ашық, басы өте сүйір. Ерте заманда жауға қарсы қорғаныс ретінде пайдаланылған қамал. Міне, әзірше осы қамалды бір пайдаланып көрелік,— деді Микола қарт тауды таяғымен нұсқап тұрып.
Александр Васильевич картасын жазып қарады да, таудың басына көз жіберіп тұрып:
— Сонау басына бір шығып алсақ, біраз дем алу- ға болар еді, жігіттер! Жүгіміз де ауыр. Дегенмен осы- дан басқа мүмкіндік жоқ. Немістер Ковпак пен Руд- невтің құрамасын да осы тауда біраз шығынға ұшы- ратқан. Патриот Руднев өзінің екі баласы, жүздеген жауынгерлерімен осы тауда қаза тапқан. Бірақ олар- дың біздердей қару-жарақ, техниісасы болған жоқ. Винтовка, пулеметпен ғана қаруланған ковпакшылар сәтсіздікке ұшырады. Ал біздің бытырап, табыса ал- май жүргеніміз ғана ғой. Бәлем, жігіттер түгел болса, жау көретінін әр кездескен сайын көрер еді,— деп, картасын қонышына салды да, жайлап алға қарай жү- ре берді.
Таудың басына сағат төртте әрең дегенде шықтық. Шынында да бұл тау басқаларынан анағұрлым биік екен. Біз шыққан жерде үлкен үй орнындай жер шұ- қыр, айналасына тастан қалап бес жеріне қарауыл ор- натылған. Онан 250—300 метрдей қалың ағашқа дейін ашық жердің бәрі жақсы көрінеді. Таудың тіктігі сон- дай еңбектеп, шөптен ұстап әзер шықтық. Шұқырдың ішінде қураған адамның, аңның сүйектері, қару-жа- рақтың тот басқан темірлері жатыр. Әлгі жерден тасты жай сырғытып жіберсең көзді ашып-жұмғанша орман- ның жиегіне бір-ақ түседі. Осы арада отырып дем алып, жан-жаққа бақылау жүргіздік. Өзіміздің келген жағымызды мен қарауылдадым. Менің қасымда ми- нашы Леня отыр. Ол өзі ағаштың жиегіне салып кет- кен «магниткаларын» бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |