Бір күні мені құрама командирі Александр Васи- льевич Тканко шақырды. Ңұрама штабына келсем, командир картасын жайып қойып, үлкен ойдың үстін- де жападан-жалғыз отыр екен.
— Сіздің шақыруыңыз бойынша келіп едім,— де- дім кірген жерден. Ол дереу басын көтеріп алды да, маған қарап мейірлене бір езу тартып қойды.
Ол сол кездерде отыздарға жақындап қалған, мы- ғым денелі, аласа бойлы, өте қатал адам еді. Оның кү- ліп жайдары жүретін кездері сирек кездесетін. Бір нәр- сеге ашуланғанда өзі жаныңа жетіп келіп, мөп-мөлдір көк көздері өңменіңнен өте қарайтын еді де, сол адам- ның не істесе де барлық шындықты айтуын талап ете- тін. Егер ол адам шындықты жасырмай бірден айтса, «жігітсің!» деп, жуан да, қысқа саусақты қолдарымен екі иығынан капсыра ұстап, көкірегіне қысатын да, арқаға бір қағып қоя беретін. Ал енді айыбын мойын- дамаған адамга аяусыз жаза қолданатын. Өзімен бір- ге жау тылына сан рет ұшып жүрген сырмінез коман- дирлер оның алдында не істесе де ешуақытта жасыр- майтын еді.
Бір күні біз мынадай бір қылмыс жасап алдық.
Карнатка ұшардың алдында Ловно қаласы жанын- да, майдан шебі маңындағы, Аборово деген бір селоға тоқтадық. Осы селодан Александр Васильевичтің құ- рамасының отрядтары ауа райының жағдайына қарай жау тылына бір-бірлеп тасталынатын болды. Ауа ра-
ЙЫНЫҢ қолайсыздығынан бұл селода төрт-бес күн жа- тып та қалдық. Әлі есімде, 1944 жылы, июнь айының 21 күні түнде бірінші болып жау тылына менің отря- дым ұшатын болды. Күн күйіп тұрған болатын. Село шетіндегі бір үйдің сабан төселген сарайында жатыр-
МЬІЗ. „ ,
Алар бұйрығымызды алдық қои. Жігіттер бол-
са түп-түгел сапарға әзір. Суға түсіп келсек қайтеді,— деді Спижевой. Бұл орта бойлы, қара бұйра шашты, менің отрядымның комиссары еді. Ол 1918 жылы Пе- реяслав ауданының Григоровка селосында туған. Өзі Ңызыл Армияның офицері, қоршауда қалып қойып, содан туған селосына келіп, Емельян Демьянович Ло- маконың астыртын ұйымына белсене қатысқан, Чапаев атындағы партизан құрамасын ұйымдастырушылар- дың бірі болатын. Әкесі Иван Спижевойды Григоровка селосын альісымен жендеттер асып өлтірген. Шешесі София Ефимовна, апайы Надежда Ивановна село-село- ларда жасырынып жүріп, соңынан отрядқа келген.
Спижевойдың бұл ұсынысын штаб бастығы Григо- рий Давыдович Алексеенко қолдай кетті. Алексеенко да жасы комиссар шамалас, орта бойлы, ашаң, көк көз- ді, сары бұйра шашты, құс тұмсық, асқан ер жігіт еді. Харьков маңында ұрысқа қатысып жүрген кезінде қол- ға түсіп, бір айдан кейін атуға алып барған жерден қашып, бізге қосылған жігіт болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |