КӨРІКТІ КИЕВ
Аэропорттан шыққан бойы бізді сол машинамен иеи Қеласын аралата алып келе жатыр.
„пғ,..ө Киевті согыстан бұрын да көргенбіз, ал мен езінде де болғанмын, бүгінгі аралап жүрген
Киевіміз ол кездегі Киевке ұқсамайды. Қазір Киев кемеліне келіп көркейген, гүлге оранған арудай әеем түрге кірген. Тарихи, әдемі көшелерінде, үйлерінде бү- лінгендіктің ізі жоң, тіпті бұл қалада соғыс болмаган, бүліншілікке үшырамаған сияқты. Атақты Креіцатик көшесі биік үйлермен, егілген ағаштармен әсемденіп, ерекше көз тартады. Соғыс уақытында жермен-жексен болған үйлер бұрынғысынан да әдемі болып ңайта са- лынған. Жаңадан тұрғын үйге, мекемеге, театрға ар- налып салынған үйлер архитектураның соңғы табысы- мен көркем жасалган.
Соғыстан кейін көптеген көркем ескерткіштер ор- натылған. Шевченко бульварында В. И. Лениннің, М. Щорстың, Т. Г. Шевченконың, Киров көшесінде ге- < нерал Н. Ф. Ватутиннің, азамат соғысы батырларының, Владимир тауында князь Владимирдің ескерткіштері тұрғызылған. Киров көшесіндегі Украин ССР Жоғарғы Советінің, Орталық Партия Комитетінің, Министрлер Советінің көркем салынған үйлеріне ұзаң қарап тұр- гың келеді.
Машина үлкен жеті ңабат әдемі үйге келіп тоқта- ды. Үйдің маңдайшасында «Украина» қонақ үйі деген жазуы бар. Бізді осы үйге орналастырды.
Сол күні кешке мерекеге қатынасатын әртүрлі ша- қыру қағаздарын берді.
22 май күні таңертең Украин ССР Жоғарғы Советі Президиумында Президиумның председателі Коротчен- ко жолдас делегат мүшелеріне «Украинаның Россия- мен ңайта қосылуының 300 жылдығына ескерткіш» деген медаль тапсырды. Сол күні сағат 11-де Киевтің Т. Г. Шевченко атындағы опера және балет театрында мерекелі сессия ашылды. Театрдың іші-сыртына құр- метті қарауыл ңойылған. Сессияға Совет Одағының туысқан республикаларынан, халықтық демократия елдерінен қонақтар қатынасты. Әр елден келген қонақ- тар ұлы орыс халқы мен украин халқының біртұтас ел болуының тарихи маңызын айтып, Украин ССР Жо- ғарғы Советінің мерекелі сессиясында ңұттықтау сөз- дер сөйледі.
Ңұттықтау сөз Ңазақстан делегациясын бастап кел- ген Ңазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Пред- седателі Оңдасынов жолдасқа берілді. Оңдасынов жол- дас екі ұлы халықтың інісіндей қазақ халқының бұл
қуанышқа ортаң екенін, қиыншылық күндерде ағала- рына серік бола алғанын және алдағы халық игілігі үшін> коммунизм орнату күресінде сенімді серік бола-
тындығын айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |