Мені алып бара жатқан дәрігер:
Одессаға жақындадық. Кеше вокзалда жолдас- тарыңыз Одессадағыларға телеграмма берген-ді, бұрын- гы партизан достарыңыз алдыңыздан шықса, соларді- кіне барамыз ба, өлде тура институтқа тартамыз ба?— деп сұрады.
Олар алдымыздан сөзсіз шығады, қайда ба- руымды солар шешеді,— дедім.
Міне, Одессаға да келіп жеттік, вагоннан шыққан адамдар мен қарсы алуга келген көпшілік даусы ерек- ше қуанышты естіледі. Сол дауыстардың ішінде маған таныс:
Николай, Галя, алтыншы вагонға жүріңдер, ол сонда,— деген Андриан Павлович Бычковтың гүрілде- ген даусы естілді. Мен: «Сүйікті жүздеріңді көре ал- маймын-ау»,— деп іштей қынжылдым.
Сөйткенше болмай, вагонға бес-алты адам кіріп кел- ді. Олардың бәрі — ¥лы Отан соғысы кезіндегі доста- рым. Достар мені кезек-кезек құшақтап, сүйіп жатыр.
Вася, кеше кешке Емельян Демьянович телефон соғып, сенің жағдайыңды айтқан, сырқатың кешеуле- туді көтермойді, сені Владимир Петровичке қазір жет- кіземіз, ол кісі қайтсе де жазады. Сен түгіл, іштен туа соқырларды да жазып жіберген,— деп, Бычков баста- ған бір тон достарым мені машинаға отырғызып, әлде- қайда алып жүрді. Он минуттай жүргеннен кейін ма- шина тоқтады. Мені қолтықтап екінші этажга алып шықты да, бір бөлмеге әкеліп отырғызды. Бычков менін қалтамнан жолдама қағазымды алып, біреуге ұсынды. Жолдаманы оқып тұрган әйел:
Владимир Петрович бұл кісі туралы білвді. Сәл
күте тұрыңыздар деді.
* Бес минут өткен соң, сол жақтагы есік ашылды Да бөлмеге бір адам кірді.
’ Владимир Петрович, кешегі Ковпак жолдас тап-
ырган адам мына кісі көрінеді,— деді жаңагы әйел.
Василий, сәлеметсіз бе? Партизандар да ауыра-
ды екен гой,— деп әзілдей сөйлеген атақты академик Владимир Петрович Филатов менің қарсы алдыма ке- ліп отырды. Менімен еріп келген адамдарды, ертең келуін сұрап, кабинеттен шығарып салды.
Мен жұмсақ қолды бір адамның көзімді қарай бас- тағанын сезіп отырмын. Академик менің көзіме күшті жарық түсіріп, оңға, солға, жоғары, төмен қаратып, бір сагаттай зерттеді. Сонан кейін тағы бір сағаттай уақыт қасындагы жәрдемшілері қарады. Біріне-бірі медицина тілімен маган түсініксіз бір сөздерді айтады. Дәрігерлердің сөздеріне, жүріс-тұрыстарына қараган- да, дертім өміріме қауіпті болса керек. Владимир Пет- рович те манағы әзілінен кейін маган тіл қатпады. Мұның мәнін тез сездім де:
|