Вася, Вася! — деген дауыс арадан киіп кетті. Артыма жалт қарасам, көзілдірік киген орта бойлы адам тұр. Мен сәл кідіріп қалдым.
Немене, Вася, танымай қалдың ба? Мен Роберт- пін,— деді. Екеуміз қанша жұрттың алдында құшақ- тасып сүйіеіп жатырмыз. Мен өз көзіме өзім сенбей тұрмын. Роберт өзгеріп кетіпті. Бұрын көзілдірік ки- мейтін. Бетіне әжім түсіп қартайыңқырап қалыпты. Ол маған да таңырқап қарайды. «Вася, қымбатты Вася» деп күле береді.
Сен де өзгеріпсің. Сен талдырмаш қана жас жі- гіт едің. Міне, үлкен адам болыпсың. Толып кетіпсің. Бірақ сонан бері көп уақыт өтті ғой. Табандатқан жиырма екі жыл. Ол аз уақыт деймісің? Бірімізді-бі ріміз көрмегелі жиырма екі жыл, жиырма екі жыл бо лыпты,— деп Роберт мені тағы құшақтады.
Роберт Клейн Волга бойындагы неміс семьясында туган. Ол Совет Армиясының офицері. Согыстың ал гашңы күндерінде ауыр жараланып жау тылында қа лып қойған. Соңынан, жарасы жазылған соң біздің Чапаев атындагы партизандар құрамасымен астыртын байланыс жасап, партизандар лагеріне жаудың бірне- ше машиналарын алып келген болатын. Сонан бастап екеуміз бірнеше кескілескен ұрысқа бірге қатыстық. Неміс офицерлерінің киімін киіп алып, жаудың әскери коменданттарын ңолға түсіріп, талай рет жер соқтыр ған едік. 1943-жылдың сентябрь айында Днепр өзені бойында Совет Армиясына қосылдық. Оған Совет Ода-
\
Генерал А. Асмолов партизандар арасында.
ғының Батыры атағы берілді. Мені жау тылына тағы жіберді. Оны да жа,у гылына аттандырды. Бірақ екеу- міз жұбымызды жазып қалдық. Ол менен бөлек, атақ- ты Вершигора генералдың құрамасымен бірге кетті деп естігемін.
Вася, сен білмейсің ғой! Польша жерінде қатты соққыға ұшырадық. Тағы да ауыр жараландым. Міне ақсап жүре алмаймын. Ден саулығым соңғы кезде, жас келді ме, төмендеп кетті. Айтпақшы, Сидор Артемьевич ауру. Александр Васильевичті сұрап едім. Ол да ден саулығына байланысты келе алмапты,— деді Роберт. Әрине, бұл хабар маған ұнаған жоқ. Бірақ амал қанша, оларды бұл жолы көре алмайтын болдым.