Михайло Тимофеевич, мен таптым,— деп Илько дауыстап орнынан атып тұрды.— Гранатаны біздің үй- дің іргесіне қояйық, өйткені онда комендатура орна- ласқан, неміс құзғындары мен жергілікті «басшылар» онда күн сайын арақ-шарап ішіп жығыла мас болады. Менің өз үйімді талқандағым келетін тағы бір себебім сол — ата-анамның қолымен тұрғызылған бұл үйде енді бір күн болса да жау тұрмайтын болсын!
Илько күйіне сөйледі. Ңазір неміс басып алып отырған өз үйінде өткізген бақытты балалық шақта- рын бала қабырғасы сөгіле есіне түсірді. Бірақ, артын- ша-ақ қатуланып, ширай түсті.
Сен мұны дұрыс ойлап таптың,— деді Михайло Тимофеевич.— Объект қай жағынан болсын лайықты, бірақ біздің уақытымыз тым аз, ал істерлік ісіміздің үшы-қиыры жоқ.
Кәне, қимыл-әрекетіміздің жоспарын жасайық, егер мұны біз тыңғылықты етіп орындайтын болсақ, онда біз бәрін де дер кезінде істеп үлгіреміз,— деді Михайло.
Мұны мен де ойлаған едім,— деді Михайло Ти- мофеевич.— Менің жоспарым былай. Ертең сәрсенбі. Жұмаға дейін біз бәрін де тындыруымыз керек. Илько, Михайло екеуің, бүгін түнде құралдар мен патрокдар- ды Трахтомировка селосының аржағына әлгі орман- ның қарсысындағы бұталардың ішіне апарып жасы- рыңдар. Бұл жұмыстар сендердің күндізгі үш-төрт шамасына дейін уақыттарыңды алады, ал бұл кезде
мен киім-кешектерді, жолға азық, ол-пұл әзірлейтін болам. Сәрсенбі күні кешке сендер Малый Букринге Қайтып ораласыңдар, объектіні қарап шығасыңдар, мені Стратон қарттың бағында күтесіңдер.