Ол осы кезде комсомолецтер әскери оқуды үйреніп жүргенде гранатаны лақтыру тәсіліне үйренбей, тек мылтық атумен гана шұғылданганына өкінді. Түн қараңгылығын жамылып, үш патриот комен датураға қарай беттеді. Запалды гранаталардың біреуі Илькода, біреуі Михайлода еді. Тәжірибесі аз жас бс лаларга ешкімге білдірмей шатырға секіріп шығ; едәуір-ақ қиын! Бірақ көп кешікпей Илько мен Михай ло комендатураның дуалына шығып та үлгерді. Демде- рін іштерінен алып, олар дуалға жабысып, жан-жаққз құлақ салды. Даурыққан айқай-шу, ұлыған аңға ұқсас күлкіқү- лақ жарады. Олардың нағыз қызған, даурыққан, есі- нен тана бастаған кезі. ¥зақ күтуге тура келді. Ыза кернеген Илько мен Михайло тістеніп, комендатураның есігі мен терезесі- нен көз алмай тұр. Бірақ гранаталарды тұтандыру қа- аір қауіптірек болды. Жаудың қорылдап, өле ұйқьпа кеткенін күту кажет.
Әлден уақытта, түнгі сағат бір-екі шамасында есік аінылды, староста Гердюк пен екі полицай көрінді. Олар сенделе басып, түн қараңғылығына сүңгіп, ғайып болып кетті. Илько ызаланғанынан айғайлап жібере жаздады. £ң қас жау қолынан кетіп қалды. Бірақ бұған көнуге Тура келді. Комендатурада неміс офицері — комен- дант, оның жәрдемшісі, тағы да солармен қоса бірнеше солдаттар қалып қойды. Бір кезде айғай-шу, даурығу да басылды. Балалар мысық секілді, аяқтарын ептеп басып ша- тырға шықты. Гранаталарды сабанға орап, екеуін екі бұрышқа қойып, шатырға от қойды. Жұмыстарын тындырып, олар жерге түсті де, дуалды қалқалап, Ми- хайло Тимофеевичке қарай жөнелді, олар ұзап кеткен- нен кейін, өлі тыныштықты бұза кенеттен тарс еткен дауыс естілді, сонсоң бір секундтен кейін екінші гүрс еткен дауыс шықты. От тілі аспанға шапшыды, өрт жалыны бүкіл селоны жап-жарық қып жіберді. Ал он бес минут әткен соң, патрондар қойылған комендату- раның кладовойына жанған дөңбек түскенде, тағы да тарс-тарс еткен дауыс естілді.
Қалай, Михайло Тимофеевич, мұнымыз мінсіз істелген жұмыс болмады ма? — деп сұрады Илько өз ісіне риза болғандай, бірақ әлі де болса азырқанған- дай, оның даусынан ызғардың лебі естілгендей еді.