Ал не істеуміз керек?
Днепрден өту үшін осы селоның тұсында ғана мұз ңатқан жері бар, басқа жерден өтуге болмайды. Бұл арадан түнде өту қауіпті, әсіресе мына жаңбыр жаңа ғана ілінген мұзды бұзып жіберді, сондықтан күндіз өту керек, күндіз өткенінде село адамдары, селода- ғы полицайлар көреді, бұларға сезіксіз болу үшін қа- зір тура селоны аралап, өткелге тартуымыз керек.
Егер полицайлар кездессе? Олардың кездесуі сөзсіз. Мұндағы алты полиция өткелді күзетеді, соның бірі болмаса да біріне кездесеміз,— деді Попов.
Олармен кездессек, жанжал шығады ғой...
Жанжал шығармауымыз керек, егер жанжал шығарсақ, барлық істі бүлдіреміз, сондықтан да Иван Кузьмич не деп еді?!
Онда қарусыз баруымыз керек болды ғой?
Я, қарусыз баруымыз керек. Сол үшін бізге мы- на документті берген, осы араға қаруымызды тығып, қарусыз, селоға: «соғыс тұтқыны едік, үйге қайтып барамыз» деп, өткел жайын сұрап, судан бүгін өтуіміз керек,— деді Попов қалтасынан бір қағаздарды алып жатып.
Егер полицай бізге қожаңдаса қайтеміз?
Ңожаңдаса документімізді көрсетеміз. Тіпті болмаса тінтер. Бойымыздан ешнәрсе таба алмаған соң «соғыс тұтқыны» екенімізге сенбегенде қайтеді? Маған сенер-ау, саған сену қиын! — дегенде, оларға белгілі өз тұлғам есіме түсті...
Ойласа келіп, тәуекелге бел байладық... Осы белгі- лі қайыңның өзегіне қаруымызды тығайық деген ұсы- нысқа болашақ игілікті іс үшін көніп, мен де пистоле- тімді тықгым. Екеуміз үлкен жолмен селоға кірдік. Селоның ортасындағы алаңда қолына келтек ұстап тұрған қара киімді бізге қарап:
Ай, бері жүріңдер,— деп, келтегін бұлғады. Біз қарсы жүрдік.
Қайдан келесіңдер? — деді, еңгезердей полицай екеуімізге кезек қарап.
Лагерьден,— деп, Попов қысқа жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |