Ңарт соңғы сөзін айтты да, арқасындағы дорбасы- ның аузын шсшуге оңтайланып:
Қарындарың ашқан шығар, аздап қаужаңдап алыңдар!..
Біз өзімізде де тамақ бар екенін айтып, ризалық білдірдік.
Ол дорбасын иығына қайта салып, бірдеңе айтуға оңтайланды да, жан-жағына сақтықпен қарап:
— Мен күн сайын осы жерде боламын, сау болың- дар!— деді де, бізбен қол алыса қоштасып, селоға қа- рай жөнеле берді. Біз де өз жөнімізге кеттік.
Қараңғы түннің қою қара көрпесін айқара жамы- лып, орманның жалғыз аяқ жолымен келе жатырмыз. Жолдастарымызбен кездесуге уәде байласқан шартты жерге беттеп келеміз.
Артымда келе жатқан орта бойлы, кесек денелі қа- ра торы қызға сөз қаттым:
Зина жедел басып, менімен иықтаса жүріп:
Ал, құлагым сізде, жолдас командир,— деді естілер-естілмес дауыспен.
Бүгін тағы да рацияңды әбден тексер!
Тексеретін түгі де жоқ, жолдас командир. Пи- таниесі істен шығып қалған. Басқа ақауы жоқ...
Онда бір байланыс орнына барып, питание та- уып алуымыз керек болды ғой,— дедім мен, өзіміздің еркін ауданның байланыс бөліміне барып, сұрап ала қоятындай-ақ, сенімді пішінмен.
Сөйгпесек болмас, рациясыз қалай күнелтеміз...
Мақұл ендеше... жігіттердің басы қосылып, жи- налған соң ойласып көрерміз.
Сөйткенше болған жоқ, дәл қасымызда, бір ағаш- тың тасасынан, өзара сөйлескен біреулердің даусы шықты. Бәрінен де бұрын өзіміздің Мишаның таныс даусы келді құлағымызға.
Зина екеуміз қосарлана сөйлеп, қайта-қайта: «Ми- ша, Миша!» дей беріппіз. Екі-үш минуттен кейін жол- дастармен шұрқырасып, табыса кеттік, бірнеше жыл- дан бері коріспей, әбден сағынғандай, бірімізді-біріміз құшақтап, сүйісіп, мәре-сәре болдық та қалдық...
Достарыңызбен бөлісу: |