тегіне алып, оқшауырақ тұрмақшы болатын. Роберт пен Петр комендатураға жақындай бергенде, қолына келтек ұстаған бір еңгезердей полицай алдарынан шы- ға келді-
Комендант қайда? — деп сұрады Роберт не-
місше.
Бір ауыз неміс тілін білмейтін добалдай полицай Роберттің комендантты сұрап тұрғанын тек «комен- дант» деген сөзінен ғана аңғарып:
Пан комендант өзінде, өзінде,— деп қалбалаң- дай жауап қатып, комендатураны нұсқады. Екі бар- лаушы жедел басып комендатураға кірді. Комендант- тың қабылдау бөлмесіндегі лсас әйел орнынан ұшып тұрып, сасқалақтап, екеуіне бас изеп амандасқан бол- ды. Барлаушылар кідірместен кабинетке келіп кірді. Робертке ілескен Петр кабинеттің қос есігін соңынан мықтап жаба кірді. Стол басында отырған комендант амандасайын деді ме, болмаса кабинетке қірген өзінен шәні үлкен офицерлерге ілтипат білдіргісі келді ме, әй- теуір орнынан тұрды. Сол кезде столға жақындап барып қалған Роберт оған немісше:
Көтер қолыңды! Дыбысыңды шығарма! — деді пистолетін кезене зәкіп.
Комендант бұларға көзі шарасынан шыға қарады да, сәл кідіріп барып қолын көтерді. Басына ойламаған жерден ажал оғы төніп, өлердей қорыққан оның өңі әппақ шөлмектей боп кеткен еді. Петр шығар есікке шапшаң бұрылып, ілгегін ішінен ілді. Сөйтіп комен- дантттың жанына келіп, белбеуіндегі пистолетті қабы- нан суырып, өз қалтасына салып алды. Коменданттың өнбойын тінтіп, документтерін алып, стол үстіне қой- ды. Содан үлкен сейфті ашып, ішіндегі қағаздарды, екі мөр, көптеген неміс маркалары мен басқыншылар- дың украиндықтар үшін уақытша шығарған қат-қат ақшаларын жол сумкасына салды. Сонан кейін комен- дант столының тартпаларын ақтарып, одан табылған керекті қағаздарды да алды.
Бұл кезде талай-талай кінәсіз совет адамдарының қанын жүктеген жендет: «Бұдан әрі енді не болар екен»,— дегендей, екі барлаушыға көзінің қиығымен алма-кезек қарап, қалтырап тұрған еді. Петр жұмыс- тың бәрің бітіріп болған соң, Роберт комендатқа:
Достарыңызбен бөлісу: |