келді де: — Жолдас командир, Переяелавтан бір адам келіп тұр. Сізге жолыққысы келеді,— деп баяндады. Құра-
ма командирі оң жағында отырған комиссар Ломакоға қарады. Комиссар бірден тіл ңата қоймаған соң, ол: Кірсін,— деді де, стол үстінде жаюлы жатңан бір метрлік картасын бірнеше бүктеп қонышына тыға салды. Сөйткенше болмай, ұзын бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей, жасы 25—30-дар шамасындағы бір ңа- ра торы жігіт: «Рұңсат па?» деп, жер үйге кіріп келді. Оның соңынан ілескен Алексеенко: «Кірсін деген ада- мыңызды алып келдім дегендей»,— ңолын кепкесінің күн ңағарына апарды да, теріс айналып үйден шығып кетті.
Мен Переяслав гебитінің автомобильдер гара- жы астыртын ұйымынан келдім. Сол ұйымның мүшесі едім. Бүгін гараждың бастығы мені сіздерге жіберіп еді,— деді әлгі жігіт.
Гараждың бастығы неміс ңой,— деп ңалды от- ряд командирі Тютюник.
Неміс болса несі бар? Саналы немістердің бо- лып жатқан жағдайға түсінетін мезгілі жеткен жоң па? Иә, иә, айта беріңіз сөзіңізді,— деді құрама комис- сары Емельян Демьянович Ломако.
Келген адам комиссардың мейірімді жүзіне қарап, сәл күлімсіреді де, сөзін жалғай түсті:
Ол кісінің неміс екені рас, бірақ ол өзіміздің жерлесіміз. Волга бойының тұрғыны. Осы ірі гаражға бастық болып келуінің өзі де тегін емес. Фашистердің оған неміс деп ңатты сенетіні де рас. Ал, Роберт болса өзінің не істейтінін жақсы білетін адам. Біздің осы астыртын ұйымды ұйымдастырған да сол. Автомобиль колонналарына кілең сенімді адамдарды іріктеп алды. Енді сіздерден рұқсат болса, бүкіл гараж бен оған қа- расты колонналардың бәрін бір-аң сағаттың ішінде осында алып келуімізге, не болмаса жүздеген машина- лардың күл-талқанын шығарып, жойып жіберуімізге болады. Ол сөзін осылай аяқтады да, асығыс жауап күткендей командир мен комиссарға алма-кезек қа- рады.