Сөйтсек, екі солдат машинадан түсіп комендатура жанындағы біздің тосқауылшы партизандарды көріп
қойьіпты да, машинаға қарай қаша жөнеліпті. Пар- тизандар қоршауында екенін сезігі қалған солдаттар мен партизандар арасында ұрыс осылай ойда жоқта басталып кетіпті.
Комендатура қоймасынан қару-жарақ, азық-түлік тиеп байланысшылар машинасын құрама лагерінө жө- нелтіп жібердік. Сөйтіп, өзіміз тұтқындарды алып, таң ата орманға кірдік.
Тұтқындардан жауап алып, олардың бұл ауданда істеген жан түршігерлік айуандық қылмыстарын мо- йындарына қойып, құраманың далалық соты комен- дант пен төрт офицерді ату жазасына бұйырғанын Ро- берт Клейн түсіндіргеннен кейін:
Сіз мұнша неге қатаң жаза қолданасыз бізге? — деп сұрады фашист коменданты.
Сендердің қылмыстарың ауыр,— деді оған Ро- берт.
Сіз неміс емессіз бе, ендеше өз ұлтыңызға неге оқ атасыз?
Рас мен таза қанды неміспін. Бірақ мен жалпы немістерге қарсы оқ атып жүргенім жоқ. Мен фашис- терге, нацистерге қарсы оқ атамын. Оларга қарсы бү- кіл прогресшіл адам баласы оқ атады. Міне, біздің қа- тарымызда орыс та, украиндық та, неміс те бар. Бірақ біз сендерге қарсы неміс екен деп оқ атып жүргеніміз жоқ. Басқыншы ретінде оқ атып жүрміз. Әне, кеше түнде қолға түскен байланысшылар тобы майданга Гитлердің зорлығымен келгендерін мойындап бақытты болашаққа үлес қосу үшін өз еріктерімен бізге қосыл- ды. Біз оларды туысқандық ниетпен қуана, құшақ жая қарсы алдық. Сол бақытты болашақ сагатын жақын- дату үшін біз бел шешпей бірлесіп күресеміз,— деді Роберт Клейн.
Н» *Н 4»
Неміс халқының осындай саналуан ерлік жасаган адал ұлы Роберт Клейнге 1943 жылы батыр атағы бе- рілді.
Достарыңызбен бөлісу: |