Сіздерді халық кегін алушы қаһарман партизан- дар қатарына қабылдануларыңызбен құттықтаймын! Ңұрама командованиесінің тапсырмасын ойдағыдай
орындағандарыңыз үшін алғыс жариялаймын! — деді құрама командирі. Совет Одағына ңызмет етеміз! — деді бір ауыз- дан Роберт Клейн бастаған жаңа партизандар. Советтер Одағының болашақ батыры Роберт Клейн- мен алғашқы рет осылай кездескен едім. Роберт партизандар құрамасына келісімен қиын да жауапты операцияларға қатыса бастады. Неміс хал- қының сол қаһарман ұлы Роберт қатысқан көп опера- циялардың бірі былай жүзеге асырылған еді.
Партизандар тобы Перәяслав ауданына қарасты Малая Каратель селосындағы басқыншылар коменда- турасын талқандауға аттанды. Бұл топтың ішінде Ро- берт те бар еді. Күн батар алдында партизандар тобын селоға жасырын жолдармен жақындатып әкеліп, ша- ғындау бір тоғайдың ішіне орналастырдық. Бұл топ- тың командирі сол Малая Каратель селосында туып- өскен Тютюник Федор деген капитан болатын. Және ортамызда Ленька Пероцкий деген осы селоның он же- ті-он сегіздердегі бір баласы бар еді. Селодағы астыр- тын ұйымға хабар беріп, олардан қосымша барлау мә- ліметін алу үшін Леньканы жібердік. Ел орынға отыра Ленька қайтып келді. Иеміс офицерлері Золотоноштан келетін бір машина байланысшылар тобын күтіп, бү- гін комендатурада болатынын, байланысшылар келген соң олар сол байланысшылармен бірге Переяслав қа- ласына кететінін хабарлады ол. Біз дереу селоға кір- дік те, жасырынып келіп, комендатураны қоршап алдық. Роберт майор шеніндегі неміс офицерінің мун- дирін киген елі. Онан басқа Милентенков Геииадий, Алексеенко Григорий және мен немісше киікген бола- тынбыз. Өзіміздің келісіміміз бойынша Роберт, Генька, Гри- ша төртеуміз комендатураға кірмек болдың. Бірақ •- оберттен басқамыз неміс тілін білмейтінбіз. Олармен өзім сөйлесемін, сендер менің қимылы- ма^ қарай әзір болыңдар,— деп ескертті бізге Роберт. Рооерт бізді ертіп комендатураның алдына жетіп бар- ғанда, есік алдында тұрған сақшы гюлицай оң қолын