соза көтеріп қалшиып қатып тұрып қалды. Роберт оған немісше бірдеме деп барқ ете түсті. Полицайдың үні ошті. Сол сәтте екі партизан келіп алып кетті.
Біз коменданттың кабинетіне кіріп бардық. Бейқам отырған комендант Робертке қарай қалды. Оның ал- дында отырған төрт неміс офицері мен түрэгеліп тұр- ған солдаттар да аң-таң.
— Ңолдарыңды көтеріңдер,— деді Роберт неміс ті- лінде, тістене сөйлеп. Біз үшеуміз автоматтарымызды кезеніп тұра қалдық. Бейқам отырып, қапы қалғаны- на өкінгендей комендант орнынан сәл көтеріліп қолын көтерді. Оның соңынан қалғандары да қолдарын кө- терді. Осы төңіректі қанқақсатқан он екі жендетті сол арада дереу қарусыздандырдық. Коменданттан басқа тұтқындарды партизандар алып кетті. Роберт комен- дантқа алдағы минуттерде не істеу керек екенін неміс- ше түсіндіріп, стол басына, өз орнына отырғызып қой- ды. Коменданттың жанында Алексеенко мен Милен- тенков қалды. Роберт екеуміз сыртқа шықтық.
Сол кезде селоның Золотонош жақ шетіне қойыл- ған жасырын күзет орнынан: «Бір машина толы нэ- міс солдаттары өтті»,— деген сигнал алдық. Біз дэ әзірлендік. Комендатура маңындағы тосқауылшы топ- тарға да ескертгік. Көп ұзамай біз күткен машина да комендатураның алдына келіп тоқтады. Машинаның кабинасынан біреу қарғып түсті. Роберт машина үстін- дегілерге қолын көтеріп, немісше бірдемелерді айтты да «ком» деп әлгі кабинадан түскен офицерді шақыр- ғандай болды. Машинаның үстіндегі солдаттар сол кү- йі тұрып қалды да, офицер жүгіре басып жанымызға жетіп келді. Біз оны кабинетке кіргіздік те, қарусыз дандырып, даладағы солдаттарын бір-бірлеп осы каби- нетке шақырып тұтқынға алып жаттық. Сөйткенше болмай далада атыс басталып кетті. Тұтқындарды Алексеенко мен Милентенковке тапсырып, Роберт екеу- міз жүгіріп далаға шықсақ, солдаттар машинаны та- салап партизандарға оқ атып жатыр екен. Роберт не- місше «Біз партизан қоршауындамыз. ¥рыс жүргізіп, қарсыласудан нәтиже жоқ. Тұтқынға берілеміз. Бері- ліңдер» — деп айқай салды. Атыс саябырлап, солдат- тар қолдарын көтеріп беріле бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |