Амансыздар ма? — деді.
Иван Кузьмич онымен амандасты да:
Ңай селоның адамысың? — деп сұрады.
Мына селоның,— деп әлгі адам Бучак селосын қолымен нұсқады. Ол біздің киген киім, асынған қару- жарағымызға қарап кім екенімізді айқын аңғарған- мен, бірақ өзін өте тұйық ұстады. Шүңірек көздерін екеумізге алма-кезек қадап, Иван Кузьмичтің сұрақта- рына «білмеймін, сірә, солай шығар» — деп, қысқа ға- на жауап қайырып, солпиып тұра берді,
Бізді аржаққа өткізіп сал! — деп оған Иван Кузьмич бұйыра сөйледі. Ол жауап қатпастан басын изеді де, қайығына қарай беттеді.
Ңайыққа мініп, жағадан ұзай бергенімізде жоғары жақтан бір жолаушы пароходы көрінді.
Тез ес! — деп асықтырды қайықшыны Иван Кузьмич, бейтаныс адам пароходқа жалтақтай қарап, құлашын соза-соза есті. Біз екінші жағаға он бес-жи- ырма метрдей жақындағанымызда темен қарай қатты жүзіп келе жатқан пароход тұсымызға да келіп қалды. Таудай-таудай толқындар қайығымызды жағаға қа- рай секірте қуып келеді. Автоматтарымызды қайық- тың ішіне қойып, белбеулеріміздің жұлдыз айылбасын, пистолетіміздің қабын гимнастеркамыздың етөгімен жауып отырмыз. Ңайықшы Иван Кузьмич екеуміздің әрбір қимылымызды бақылаумен болды. Пароходтың палубасында қаптаган көк киімді неміс солдаттары мен офицерлерінің кейбіреулері дүрбімен бізге қа- рап тұр.
Біз жағаға жетсек те бой тасалап, қайықтың ішінде отыра бердік. Көп кешікпей пароход Бучак селосының жоғарғы жағындағы мүйісті айналып, көзден тасала- на бастады. Біз де қайықтан түсіп, жоғаға шықтық.
Иван Кузьмич қайықшының аты-жөнін сұрап ал- Ды да:
Бізді көрдім десең, басың арылмас пәлеге қала- тыныңды түсіндің бе? — деді.
Түсіндім! — деп ол да ңысқа ғана жауап ңа-
йырды.
Былай ұзап шыңңан соң, Иван Кузьмич тоңтап, бұрылып:
|