Ұлыдан тараған ұрпақ тарихы


Абай ұрпағы Данияр: Мен Абайдың тек биологиялық ұрпағымын, ізбасары емеспін



бет2/6
Дата08.11.2022
өлшемі305.92 Kb.
#464238
1   2   3   4   5   6
абай ұрпақтары

Абай ұрпағы Данияр: Мен Абайдың тек биологиялық ұрпағымын, ізбасары емеспін
Мамандығы – инженер-океонолог. Қызметі – Ақтауда. Отбасы – Алматыда. Үш қызы бар.

Данияр Ақылбаев – Абай Құнанбаевтың Ақылбайдан тараған бесінші ұрпағы. Ақылбай арғы атасы болса да, әлі күнге есім-сойын Ақылбаев деп пайдаланып жүр. Біз ұлы адамның ұрпағын Маңғыстау облысынан іздеген едік. Сөйтсек, кейіп­­керіміз Ақтау мен Алматының екі арасын жол қылып, бірде – батыста, бірде Жетісу жерінде жүреді екен. Мамандығы – инженер-океонолог. Қызметі – Ақтауда. Отбасы – Алматыда. Үш қызы бар. Үлкені Дана – Германияда. Мюнхен қаласында білім алуда. Кәмиласы – мектепте, Меруерті – алты жаста.
Данияр Ақылбаев сұқбат бе­руге оңай келіскен жоқ. Бұған дейін де тілші қауым жиі қоңырау шалып, біраз мазасын алғанға ұқсайды. Ақырында «Айқын» газетінің тілшілері Наталья жең­гейге қолқа салды. Ерлі-зайып­ты Данияр мен Наталья Ақылбаевтар сұқбатқа бірге келді. Ашық-жарқын, ешкімді жатыр­қамайтын жан екені көрініп тұр. Санкт-Петерборда білім алған. Наталья екеуі сонда танысыпты.
– Жұмыс көп. Бос уақытымыз жоқ. Отбасын асырау – оңай шаруа емес, – деп бастады әңгіме­сін Данияр. – Көпшіліктің бізді Ақтауда тұрады деп ойлайтын жөні бар. Әке-шешеміз ұзақ уақыт Маңғыстау облысында тұрды. Алматыға көшіп келгені бертінде ғана. Ғұмырының жар­тысы сол жақта өтті. Мектепті де сонда бітірдім. Санкт-Петерборға да оқуға Ақтаудан кеттім. Қазір ата-анамызбен бірге Алматыда тұрамыз.
Абайдың ұрпағы екеніңізді достарыңыз да, араласатын жақын әріптестеріңіз де білмейтін секілді. Неге?
– Ұлы адамның ұрпағы екенімді көпшілікке әйгілей бергім келмейтіні рас. Тіпті жақын жора-жолдастарым да біле бермейді. «Абайдың ұрпағымын» деп жар салу соншалықты қажет деп ойламаймын. Рас, «Абайдың ұрпағымын» деп ат қойып, айдар тағып жүргендер де бар. Оны естіп те, басылым беттерінен оқып та жүрміз. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын кейбіреулер «ұрпағымын» деп жар салады. Аталарымыз туралы әңгіме айтады, салиқалы сұхбат береді. Кейде осы сарындас әңгімелерді естігенде қамығып қалатыным бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет