Ұлыдан тараған ұрпақ тарихы


– Абай ұрпағы жоғалады деп қорық­пайсыз ба?



бет4/6
Дата08.11.2022
өлшемі305.92 Kb.
#464238
1   2   3   4   5   6
абай ұрпақтары

Абай ұрпағы жоғалады деп қорық­пайсыз ба?
– Рас, кейбірінде ата-баба мұрасы жоғалады деген алаң бар. Меніңше, біз ештеңені жоғалтпаймыз. Себебі, Абай мұрасын жан-жақты зерттеп, зерделеп жатқан қаншама тарихшылар бар. Оның үстіне тарихта бәрі жазылып, сақталған. Менің бұған қатысым жоқ. Абайдың ізбасары, рухани жағынан жалғас­тырушы емеспін. Жай ғана Абайдың биологиялық ұрпағымын. Мүлдем басқа адаммын. Өмірге деген өзіндік көз­қарасым бар, өз философияммен өмір сүріп жатырмын.
– Сонда сіздің өмірлік философияңыз қандай?
– Қолыңа алған кез келген нәрсені тиянақты, сапалы жасау керек. Өмірге келген соң кең тыныспен өмір сүру қажет. Әр отбасының өз ішкі заңдылықтары болады. Отбасымыз салауатты өмір салтын ұстанады. Темекі тартып, арақ ішуден аулақпын. Мұсылман ретінде парызымды орындаймын. Жолдасым Наталья жұма сайын шелпегін пісіріп отырады.
– Ұлы ойшыл атаңыздың шығармаларын жиі оқисыз ба?
Шынымды айтайын, жиі оқымаймын. Әрине, жас кезімізде бір емес, бірнеше рет оқып, жаттап алған кездерім болды. Түпкі идеясын түсініп, өзіме керек азығымды алдым. Мағауиядан тараған Ғазал, Ишан деген тәтелерім атамыздың нағыз фанат­тары еді. Газетке шыққан материалдарды жинап, суретін қалтасына салып жүретін. Барлық жиын кездесуге баратын да, сұхбат беретін де сол кісілер болды. Бабамыздың әр сөзін жаттап алып, барған жерінде айтып отыратын.
– Жеті атаңызды таратып айтып бере аласыз ба?
– Құнанбай – Абай – Ақылбай – Әлімқұл – Бағыфұр – Айдар – Данияр. Ақылбай ата – Абай атамыздың тұңғышы. Он жеті жасында әке атанып, өмірге ерте келген соң, Ақылбай атамыз баласынан гөрі, інісіндей болып өскен екен. Бағыфұр атамыздың үш ұлы болды. Эрнест пен Айдардан ғана ұрпақ бар. Эрнесттен – Айдос, Айдардан – Данияр тарап отыр.
– Арғы тегіңіз туралы әңгімелерді сізге кім айтушы еді?
– Бағыфұр атам арабша хат таныған, жазу-сызуды да арабша жазатын кісі болды. Тізесіне отырғызып алып, біздің үлкен әулет туралы естеліктерін жиі айтатын. Құнанбай әулеті туралы алғаш атамнан естідім. Арабша жазылған дүниелері көп еді. Өкінішке қарай, ол жазбаларының барлығы сақталған жоқ. Ес біліп, етек жиған соң, іздестіріп көріп едім, таба алмадым. Ауылдағы үйдегі қолжазбалардың көбі жоғалып кетіпті. Үйімізде атамыздың үлкен портреті болушы еді. Қай суретші салғаны қазір нақты есімде жоқ. Үйдің жарты қабырғасын алып тұратын. Ол портретінен де айырылып қалдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет