Әңгіме ішіндегі әңгіме
– Әкесі қазақ болған соң, Ольга Данияровна деп атау біртүрлі естілер еді. Есесіне, Дана Даниярқызы, Кәмила Даниярқызы мен Меруерт Даниярқызы деген әдемі, әуезді естіліп тұр.
– Мағауия аталарыңыздың Кәмәлия есімді қызы болғанын білеміз. Кәмиланы сол есімге ұқсатып қойдыңыздар ма?
– О баста, Кәмила деп атағанымызда, ондай ой болған жоқ. Кейін Ғазал тәте мен Ишан тәте келгенде, есімін естіп таңғалды. Тіпті ризашылықтарын білдірді. Мүмкін, бұл да сәйкестік шығар.
– Ұлы адамның ұрпағының жары болу қиын емес пе?
– Әуелде Даниярдың ондай ұлы адамдардың ұрпағы екенін білген жоқпын. Екіншіден, Даниярдың отбасы – мәдениетті, өркениетті отбасы. Келінді «құл» ретінде көретін қазақ отбасын көрген жоқпын. Туыс-туғандардың бәрі жылы қабылдап, отбасының бір мүшесі ретінде көреді.
– Наталья, Абай аталарыңыздың өлеңдерін, қарасөздерін оқисыз ба?
– Әйел адамның өмірінің көбі ас үйде өтеді ғой. Одан бөлек, бала тәрбиесі бар. Соған қарамастан бабамыздың «Қарасөздерін» оқып, қолымнан тастамай жүремін. «Абай жолы» романын да оқып шықтым. Үлкен әулеттің тағдырымен сол роман арқылы жақсы таныстым. Таңғалатыным, «Қарасөздерде» айтылған дүниелердің бәрі бүгінгі қоғаммен үндесіп жатқаны. Осыдан бір ғасыр бұрын жазылған шығармалардың әлі де өміршеңдігіне тәнтімін.
Сұхбаттасқан Гүлзина БЕКТАС, Анар ҚОНЫС,
Достарыңызбен бөлісу: |