Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы



бет11/13
Дата03.01.2022
өлшемі263.5 Kb.
#450863
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
М.Мағауин

Бала Данило өмірінде тұңғыш рет және соңғы рет еңіреп жылаған еді. Екі әпкені екі басұрман атқа өңгеріп алып кетті.

Сәл дағдарыстан соң Сейтек тұра ұмтылып, бас салып құшақтап еді. Абырой болғанда жылаған жоқ.

Баяғы алыс-беріс кезінде. Көндіге алмады. Жылап неше мәрте хабар айтыпты.Кенет жер бауырлай жата қалып жылағысы келді.

- Саған дейін де талай арыстың арасы шыққан, - деді, мол пішілген көк жібек көйлегінің етегін жазып, алтын оқалы жұмсақ мәсісін астына баса отырып жатып. Жас баладай баурына тарта құшақтап маңдайынан сүйді.

Қазақ халқында бұрын өлген адамның әйелі, апа-қарындастары мен қыздары, келіндері шаштарын жайып жіберіп жоқтау айтатын. Қара киім киіп, үйіне кісілер келіп көңіл айқан сайын дауыс салатын болған. Кейбіреулерінің күйініштерінің күштілігі сондай, өз бетін өзі тырнап, жаралап тастайтыны да кездесіп отырған. Сонау көне замандарда түркі тайпалары өлген адамға қатты қайғырып, марқұмның тумалары шашын жұлып, бетін тырнап, құлағын кесіп, өздерін қорлайтын әдет болған. Оның мәнісі “өлген адамның артында қалып, онсыз сүрген өмірде не мән бар?”,- деген ұғымнан шыққан. Бұл жөнінде Н.Келімбетов: “Ертеректе қазақ әйелі ет жақын адамы қайтыс болған кезде, шашын жайып, екі бетіне тырнағының көбесін аямай салып, осып, қанын шығарған. Ежелгі түріктер өлген адамдарын шаман рәсімі бойынша жерлеген. Өлген адамдарды жақын адамдары, әйелі жылып-сықтап, бетін тілгілеп, қан ағызып, шашын жұлып, аза тұтып, өлік жатқан үйді жеті рет айналатын болған”,- дейді [119,31].

О дүниелік пендені жоқтауда әйелдердің атқаратын қызметі ерекше. Тұрмыс-тіршілікте сирек кездесетін “шаш жаю”, “шашын жұлу” немесе “шаш тарқату” сияқты бейвербалды амалдар – жоқтаудың көне түріне жатады.

Қарым-қатынастың көңіл айту ситуациясы аса күрделі. Көңіл айту дәстүрінде қарым-қатынастың вербалды түрімен қатар, бейвербалды түрі де ерекше қызмет атқарады. Көңіл айтушылардың “ой бауырымдап” ат қойып, дауыс салып келуі, аза тұтушылардың көңіл айтушылармен құшақтасып көрісуі, аза тұтушы әйел адамдардың үй ішінде дауыс айтып жоқтауы – көңіл айту дәстүріндегі бейвербалды амалдар болып табылады.

Әуелі рәсім бойынша «Алла жар!» айтқан, содан соң Сейтектің құшағынан босаған сұлтанның алдына басы салбырап, қос тізерлей, сылқ түскен.

Топ ішінен орта бойлы ғана, бірақ төртпақ , қайратты сары жігіт шығып, сәкі алдына жете бере баскиімін шешіп, тізерлеп отыра қалған. Есінен танып қалса керек, құздан құлаған түйенің өлек сесіндей, қимылсыз, тілсіз теңкиіп жатыр. Ал, тостағандай көздері желкесіне шығып кеткен Байғыз қос тізерлеген қалпы, екі қолын алға созып, жылап қоя берді.



  • Сен азат қазақсың! Үзеңгіден аяғың шықса да тізеңді тигізбе! Түрегеп тұрып кестір басыңды.

- Сұлтан енді қымызды өз қолымен Томан биге ұсынды. Әмірші алдына түрегелмей, тізерлей жылжып жеткен би аяқ толы сыйлы асты дем алмай түгел ішуге әзір еді.

Аза тұтушыларға көңіл айтушылардың жылап, құшақтасып көрісуі – қайғыға ортақтықты білдіретін бейвербалды амалдар. Жоқтаудың тағы бір үлгісі – жер бауырлап жылау. Бұл жылау жазушы шығармаларында жас жігіттің жарым көңілін білдіреді.

Әлде зәрелері ұшып, дымдары бітіп қалды ма, әлде қайтсек те пәледен қашып құтыла алмаспыз деп қасарысты ма-тегіс етпеттей жығылған, үнсіз тынып, жер бауырлап жылап жатты.

Кенет жер бауырлай жата қалып, жылағысы келді.

Ертеректе қадірлі азаматы өлген қаралы ауыл киіз үйдің түңлігінен, кейде жапсарынан аза туын іліп қоятын болған. Егер өлген адам жас болса, қызыл түсті жалау; орта жастағы адам болса, қара түсті жалау; қарт адам болса, ақ түсті жалау ілінетін. Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов қысқаша болса да, баға жетпес мәлімет беріп кеткен. Айтып кететін бір жайт, қаралы үйде қандай адам өлгенін осындай бейвербалды амалдар арқылы жүргінші-жолаушыға білдірген. Арғы дәуірлерде суық хабарды сөзбен айтудан гөрі түрлі ишара, дене қимылдары, шартты белгілермен жеткізу салты басым болған. Қара жамылу, шашын жұлу, бетін тырнау, шашын жұлу т.б. сияқты бейвербалды амалдардың барлығы қазаның хабаршысы қызметін атқарған.

Қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшелігін танытатын бейвербалды амалдардың бірі – киім-кешек. М.Мұқанов “Если лицо женского пола одето в бархатный пиджак, на голове тюбетейка с украшениями (перья филина), на указательном пальце левой руки – кольцо, то это признак того, что она девушка. Если женщина одета в белое платье, на голове белый платок, а на обеих руках выше запястья браслеты, то это прзнак того, что она замужняя”,- деп адамның киіміне қарап та әр түрлі мәлімет алуға болатындығын айтады [15,101]. Адамның үстіндегі киіміне қарап әлеуметтік жағдайын, жыныстық ерекшелігін, жас мөлшерін, этникалық ортасын т.б. аңғаруға болады. Осыған байланысты ер адамның және әйелдердің киімі, бойжеткен және күйеуге шыққан әйелдің киімі, күнделікті және мерекелік т.б. деп жіктелген. Сол сияқты той, жиын, аза кезінде киетін киім түрлері де болған. Киім сонымен бірге этникалық (рулық, жүздік, аймақтық т.б.) және жалпы ұлттық ерекшеліктерді бейнелейді. Киім адамның жас ерекшелігі, әлеуметтік ортасы туралы хабар бере келіп, коммуникативтік қызмет атқарады. Мысалы, ертеректе қазақ халқы тымағына қарап қай жүздің, қай рудың адамы екенін тани білген. Яғни Арғын тымағы, Жалайыр мен Найман тымағы, Семей тымағы деген үлгілері болған. Ғалым Е.Жанпейісов өз еңбегінде тымақтың этнолингвистикалық табиғатын аша келіп, бірнеше түрін көрсетеді: төрт сай қарқаралы тымағы; алты сай сырма найман тымағы; жіңішке, ұзын төбелі керей тымағы; сегіз сай уақ тымағы; төрт сай аласа төбелі тобықты тымағы; алты сай тобықты тымағы т.б. [120,130]. Тымақ – қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. Ертеректе қазақтар шала туған баланы неше күні кем болса, сонша күн тымаққа салып, кереге басына іліп қоятын болған. Ноғайлар – ши мойын, қамыс құлақ, серке сән сәйгүліктерге мінген, тегіс қарулы, өңдері суық; тобылдық, ертістік татарлар – жатаған, жағы жүнді, сирағы сом, белді аттарға мінген, қарулары әрқилы: бұқар садағы, қазақ қылышы, барабақорамсағы бір кісінің бойынан табыла береді, көбінің сауыты көн; азғана естек өздерінің дөңгелек тері тондарын, келте төбе бастырғы тымақтарын киген, қысқа, қайқы қылыш байланып, доғал садақ асынған; бұхарлықтардың саны лердің ұрпағы, бұдан отыз жыл бұрын Көшіммен бірге келген сарбаздардың балалары, Сейтекті сағалаушы жалғыз – жарым жолбасар жігіттер-бұлар тегіс қымбат шапан киіп, асыл қару-жарақ асынған, аттары да әлем-жәлем.

Алғашқы екі түйенің өркешіндегі, керей салтымен бастарына үкілі тымақ киген екі көшір тек сән үшін отырғызылғандай.

Жанжалқой лып етіп секіріп, Ораз-Мұхамедтің басындағы құндыз тымақты жұлып алды, жұлып алды да жерге атты. Бек манадан бері бәсте жатқан үкілі тымақты Ораз-Мұхамедтің өзіне әкеп берді, ақ төбе бөркін бипаздап басына киді.



Бөрік. Қазақ халқы бөрікті тек киім ретінде емес, этникалық құндылық ретінде жоғары бағалаған. Қарым-қатынас жағдаяттарында біреудің аяғына жығылып, кешірім өтінгенде, бөрікті шешіп оның аяғына тастап, кешірімін алған. Осындай бейвербалды амал кешірім сұрау ретінде қолданылып отырған. Сонымен қатар бөрікке байланысты “бөркіңді теріс киме” деген тыйым-бейвербалды амал бар. Бөріктің теріс киілуі – бүкіл бір жұрттың арыстай азаматынан айырылып, жұртының қабырғасы қайысқанын, яғни өте ауыр қазаны білдіреді. Сондай-ақ “бөркін аспанға ату ” кинемасы адамның қатты қуану әсерінен туған.

Інжу төгілген оқалы жағасын ағытып алып, көкірегі, жең ұшы өңір-жиекпен жұрындалған қызыл жібек көйлекпен ғана қалды. Содан соң басындағы ақ атласпен тысталған биік бұлғын бөркін тастады. Үстеріне қынама бел қызғылтым шапан , бастарына майысқан шошақ төбелі бөрік киген, қолдарына күнге шағылыса жарысқан, алмас жүзі екі қарыс, ұзын сабы жерге тірелген айбалта ұстаған, егделері тегіс суық түсті, қауға сақалды, жастары түгел жайнаң қаққан қаншама жауынгер орталарынан он-бес қадам жол тастап, қарама-қарсы екі қатар түзеле құрыпты.

Содан соң манағы телпек сыртынан қызыл төбелі құндыз бөрік, үстіне жаңағы шапан сыртынан астары-қара кіс, тысы-астындағы қамқа, жағасы көлдей, жеңі шұбатыла жерге түскен қымбат ішік қапталды.

Жанжалқой бәске не тігілетінін сұрап еді. Ұрысқа шықпақ жігіттердің бірі басындағы бөркін жерге атып ұрды.

Сусар бөрік, үшкіл тұмсық, қызыл жағал сақтиян етік, қызыл жібек шалбар, көк мауытымен тысталған тиін ішіктің белі асыл тас орнатқан кәмәр белбеумен қынай буылған. Сәукеле. Сәукеле – ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеленің өн бойы қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу, маржан, меруерт, ақық сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар түрлі-түсті қымбат жіптермен тігіледі. Матасына әшекей, шашақ, оқа тағылады, жиегіне бұлғын, құндыз терілерінен жұрын ұсталады. Ұзатылған қыздың дәрежесі, шыққан тегін осы сәукелесіне қарап бағаланады. Әрине, мұндай бағалы бас киімді байлар мен өте ауқатты адамдардың қыздары ғана киген. Бұл туралы мынандай этнографиялық дерек бар:

Қуандықта Алтай-Қарпықтың үш баласы болған: Тінәлі, Мәмбет, Көзи, Көзиден туған – Тоқа. Тоқадан шыққан бай – Сапақ. Сапақ үш жүзден құда болуға бай кісі таңдайды. Кіші жүзде Байсақал деген бай бар деп, байлығын өзіне тең көріп, сол Байсақалға Кенесары-Наурызбайдың ағасы Саржан төрені алып, елу кісімен құда түсе барады. Сонда Байсақал құдаларының ортасына бір сәукеле жібереді, “Қызымның қарақан басы, мінген аты, артқан түйесі, тігілген отау, қылған жасауы – бәрі сатусыз, тегін. Бір сәукеленің құнын, пұлын берсе болады”,- депті. Басы Саржан төре – отырған құдалар сәукелені малға шамалап, өздері пішіп, өздері кесіп, “бес жүз байталға тұрады екен” десіп, “Мұның қызының қалың малы бес жүз жылқы болсын”- десіпті [121,12]. Сәукеленің жоқтығы өз кезінде жоқшылықтың, кедейліктің белгісі ретінде танылған.

Жаңа отауына жар-жарсыз, беташарсыз, тіпті бес етек көйлек, биік сәукелесіз кірген жас келін шымылдық ішінде ұзақ отырмады.

Қазақ мәдениетінде киімнің түр-түсіне де ерекше мән берген. Ә.Диваевтың мәліметі бойынша ертеректе қазақ әйелдері қайғыға душар болғанда қара түсті орамал жамылған. Қара жамылу орта жастағы адам қайтыс болып, әйелі мен балалары жетім қалуына байланысты айтылған. Себебі қазақтар қаралы киімді әдейі тікпеген. Орта жастағы адам өлгенде әйелдер әшекейін алып тастап, иығына қара жамылған. Еркектер белін буып, қолына таяқ ұстаған. Осыған байланысты қазақ халқында “беліңді бума”, “таяққа сүйенбе” деген тыйым ретінде кездесетін бейвербалды амалдар қалыптасқан. Қазақ салты бойынша күйеуі өлген әйел қара киінеді, қызы үстіне ақ киім, басына қызыл бөрік киеді. Күйеуі өлген әйел басына қара жаулық салса, ұлын жоқтаған ана басына ақ орамал тартқан. Ж.Бабалықұлы киімнің түр-түсіне байланысты манадай пікір айтады: “Қазақ салтында азаматы қайтыс болған әйел өз үстіндегі күнделік киіп жүрген киімдерін, қолындағы сақина-білезік, құлағындағы сырғасын шешеді. Басындағы сәнді кимешек-шылауышын шешкізіп, қаралы болғанның белгісі ретінде “ақ бүркей” салады. Қазақ қаралы болғанда қара жамылмайды, қара кимейді. Ақ арулайды, ақ кебінге орайды, ақ бүркей салады, ақ белбеу буынып, білекке ақ шүберек байлайды” [122,6].

Қазақта қыз бала үйде жүргенде басына жұқа орамал тартып, сыртта жүрсе, тақия киген. Қыздың осы киіміне қарап, басының бос екені байқалған. Әйелдер қыз күнінде тақия киген болса, қалыңдық болғанда сәукеле киіп, келіншек кезінде орамал тартып, егде жаста кимешек киіп, жаулық салған. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал ақ жіппен шым кестелеп кисе жесір әйел екендігін аңғарған. Ақ орамал тарту – отау иесі екенін аңғартатын нышан. Мұны қыз таңдайтын жігіттер де ескеріп, көзінің қырын салмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет