Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы


М.Мағауин шығармаларындағы бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері



бет8/13
Дата03.01.2022
өлшемі263.5 Kb.
#450863
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
М.Мағауин

2.2 М.Мағауин шығармаларындағы бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері

Тілсіз қарым-қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірлерден бастау алды. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Тіпті екі мың жыл бұрын өмір сүрген Цицерон шешендерге барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс екендігі жайлы кеңес берген. Ғалымдардың теориялық тұжырымдарында санасыз (Hominid) адам дәуірінен саналы (Homa sapiens) адамның қалыптасу дәуіріне дейінгі аралықта миллиондаған жылдар өткені жайында, сол саналы адамдардың өзі алғашында ым-ишара тілі арқылы қарым-қатынас жасағандығы дәлелденді. Дыбыстық тіл пайда болғанға дейінгі дәуірлерде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде ым тілі қызмет атқарған. Осындай ұзақ дамудың барысында, адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілдерінің бірі – бейвербалды амалдар қанша ғасырлар өтсе де, әрбір этнос болмысы мен қарым-қатынасында күні бүгінге дейін сақталуда. Ым тілі дәуірінде ым-ишара элементтері негізгі міндет атқарып, дыбыс тілі оларға көмекші қызмет қана атқарса, енді негізгі мағына бірте-бірте тіл дыбысына ауысты да, ым-ишара бүгінгі қарым-қатынаста қосымша қызмет атқарады.

Бейвербалды амалдарды зерттеу алғаш Г.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин еңбектеріннен бастау алған. Ч.Дарвиннің 1872 жылы жарық көрген “Эмоцияның адам және жануарларда бейнеленуі” [5] атты еңбегін атап өткен абзал. Зерттеуші тілдің шығу тарихы мен ым-ишараның дамуындағы байланыстарды ұштастырады. Ч.Дарвиннің қазіргі “бейвербалды амалдарға” қатысты айтқан тұжырымдары мен бақылауларын бүгінгі күні әлемнің барлық ғалымдары мойындайды. Зерттеуші осы күнгі адамда байқалатын айтайын деген бір ұғымды жеткізуге арналған қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттердің қалдығы екендігін айтады. Содан бері көптеген ғалымдар бейвербалды амалдардың сөйлеудегі ерекшеліктерін анықтай келе, адам өмірінде қайсысы қандай қызмет атқаратынына айрықша назар аударған. Мәселен, француз психологы Альберт Мейербиан қарым-қатынас кезінде вербалды амалдар (тек сөз) жеті пайыз, дыбыс, интонация отыз сегіз пайыз, бейвербалды амалдар елу бес пайыз қолданылады деген пікір айтқан. Ал профессор Бердвислл адамдар қарым-қатынасында отыз сегіз пайыз сөз, алпыс бес пайыз хабар бейвербалды амалдардың көмегімен беріледі деп тұжырымдайды [6,13]. Әрине, бұл статистикалық мәліметтер қазақ халқының қарым-қатынасында қолданылатын бейвербалды амалдардың негізінде жасалмаған. С.Татубаев: “Казахов нельзя отнести к народам многожестикулирующим. Раньше, да и сейчас по этикету не рекомендуется интенсивная жестикуляция (здесь мы не касаемся вопросов, связанных с типом высшей нервной деятельности, в том числе и с темпераментом индивидумма)”, - деп ой түйеді [7,6].

Бейвербалды амалдардың қарым-қатынас құралына айналуында адамның дене мүшелерінің бәрі де қатысады. Осыған байланысты шетел және орыс тіл білімінде “Язык жестов”, “Языка тела”, “Язык лица” т.б. еңбектер, зерттеулер жарық көрген.

Тіл білімінде бейвербалды амалдарды паралингвистика (грек тілінде apa – қасында, жанында және латынның lingua – тіл деген сөздерінен құралған) қарастырады. Паралингвистика терминін қырқыншы жылдары американдық зерттеуші, ғалым А.Хилл енгізген.

Бейвербалды амалдар – өз мәні мен өзектілігін қазіргі таңда да жоғалтпаған мәселелердің бірі. ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап бұл сала аса үлкен қарқынмен зерттелді. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар елуінші жылдардың басында қолға алынды. Дж.Трейгер, М.Джос, Т.Сибеок, Ч.Хоккет, М.Уэст, Р.Бердвислл т.б. лингвистердің еңбектерінде, П.Бэтсон, П.Оствальд, У.Лабарр, А.Шефлен, М.Уэст, К.Л.Пайк т.б. психологтардың еңбектерінде сөз болып, ғылыми зерттеулер жарық көрді.

Қарым-қатынастың бұл түрі қазақ тіл білімінде тек соңғы жылдар жемісі болса да, бейвербалды амалдардың қызметі туралы ойларды, терең тұжырымдарды ертеден кездестіруге болады. Атап айтсақ, бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Жұбанов еңбегінде кездеседі. Ғалым ымның ерекшелігі туралы былай дейді: “Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толығады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, ыммен ылаждап түсінуге болады” [10,148]. Қ.Жұбановтың ойынан бейвербалды амалдар ауызекі тілдің ажырамас бөлігі екенін, сонымен қатар қарым-қатынасқа көмекші компонент ретінде рөл атқаратынын аңғаруға болады. Қ.Жұбанов бейвербалды амалдардың қатысымдық қызметімен қатар, ұлттық-мәдени ерекшелігіне талдау жасайды. Бейвербалды амалдардың әр түрлі халықтарда өзіндік сипатымен, ерекше жүйесімен қолданылатындығын ескеріп, сол арқылы әр түрлі халықтың этиникалық әрі психологиялық табиғатын сұрыптауға мүмкіндік беретінін айтып кетеді. Ғалым сол кездің өзінде баспаға “Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов” деп аталатын зерттеуін дайындаған. Бірақ, өкінішке орай, аталмыш зерттеу бізге жеткен жоқ.

Сондай-ақ тілші М.Балақаевтың зерттеу еңбектерінде де бейвербалды амалдарға қатысты мәселелер сөз етіледі. Ғалым бейвербалды амалдарды сөйлеудің қосымша амал-әрекеті ретінде қарастырады. “...Сөйлеу әр уақытта сөйлеу жағдайында өтеді: дауыс ырғағы, екпін, қимыл, ым, нұсқау, қол көтеру, көз қысу, бас изеу, күле, ызалана... сөйлеу, бәрі – ойды дәл жеткізе айтудың қағазға түсе бермейтін қосымша амал-әрекеттері”,- деп қорытындылайды [11,86].

Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдар мәселесі соңғы жылдары зерттеудің негізгі бағытына айналып келе жатыр. Бұл ретте М.Мұқановтың, Ә.Қайдардың, Қ.Қажығалиеваның, Ж.Өмірәлиеваның, Э.Оразалиеваның баяндамаларын, ой-тұжырымдарын атап өткен абзал. С.Татубаевтың “Жесты как компоненты искусства” [7] атты еңбегі жарық көрді. Бейвербалды амалдар мәселесіне байланысты С.Бейсембаеваның “Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке” [12] деген кандидаттық диссертациясы, М.Ешимовтың “Ым семантикасы: универсалды және ұлттық табиғаты” [13], Ж.Нұрсұлтанқызының “О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар” [14] атты ғылыми еңбектері жазылды. Сондай-ақ Б.Момынова мен С.Бейсембаеваның авторлығымен жарық көрген ым мен ишараттың сөздігі де осы мәселені зерттеп-тануға арналған пайдалы еңбек [14].

Психолог-ғалым М.Мұқановтың зерттеуі қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысында кездесетін ұлттық-мәдени сипатқа ие бейвербалды амалдарды алғаш психология ғылымымен байланыстыра талдауымен бағалы. М.Мұқанов қазақ халқының тұрмысында кездесетін бейвербалды амалдардың 28 түрін жинақтай келе, бірнеше топқа жіктейді: сәлемдесу амалдары (көрісу, сәлем ету); алғыс айту амалдары (ас қайыру, сарқыт беру, бата беру); үлкендерді немесе сыйлы адамдарды қошеметтеу амалдары (бас беру, жездеге төс беру, ауыз тию, жолаушының түсуі, ақ байлау); тілек амалдары (бата беру); кемсіту немесе қорлау амалдары (теріс бата беру, келген кісіні табалдырықта қабылдау, келген адамға ішек-қарын беру); қайғы амалдары (жылау, көрісіп жылау,); ант, серт амалдары; тұрмыс амалдары (шашу, кесені төңкеріп қою, дастархан қайыру); салт-дәстүр амалдары (ерулік, із келсе шығарып салу); таңғалу амалдары (бетім-ай); өтініш амалдары (кіндік шешенің құттықтауы); өзгешелік амалдары [15,110-115].

Академик Ә.Қайдар қазақ қауымында өзіндік мағына-мәні бар тізе бүгу, қол шапалақтау, жұдырық түю, сақал сипау т.б. амалдарды иммитациялық әрекеттер деп қарастырады.

Жалпы басқа тілдермен салыстырғанда бұл мәселе орыс тіл білімінде ғылыми еңбектер, теориялық зерттеулер, оқулықтар түрінде тереңірек зерттелген. Атап айтқанда, орыс тіл білімінде Т.М.Николаева, Л.А.Капанадзе, Е.В.Красильникова, Н.И.Смирнова, Г.В.Колшанский, А.А.Акишина, А.В.Филиппов, Н.В.Глаголев Е.Крейдлин сынды ғалымдардың еңбектерінде бейвербалды амалдар мәселесіне әрқилы тұжырымдар жасалып, құнды ғылыми пікірлер айтылған.

Қарым-қатынастың тілдік амалдары сияқты бейвербалды амалдар да ұлттық нышандарға ие. Бейвербалды амалдар әр халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің көрсеткіші болып табылады. Ұлттық-мәдени негіздегі бейвербалды амалдардың мағыналық астарында халық өмірінің бүкіл қыр-сыры жан-жақты сақталған. Сондықтан ұлттық-мәдени негіздегі бейвербалды амалдар этносымыздың ұлттық-ментальдық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі болып саналады. Ұлт болмысын танып білуде бейвербалды амалдардың қосар үлесі зор. Көрнекті лингвист Е.Д.Поливанов: “...значение слов дополняется разнообразными видоизменениями звуковой стороны, куда входит главным образом мелодия голосового тона, и, наконец,- жестами... При этом надо иметь в виду, что в разных языках имеется различное использование интонации и жестов”,- деп, бейвербалды амалдарды әр халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің ажырамас бөлігі екендігі туралы айтады [114,296]. А.И.Галичев: “Кинесические средства могут иметь национально-культурную специфику, способную выступать одним из серьезных препятствий в общении разноязычных и разнокультурных коммуникантов”,- деген ой тастайды [94,36]. Бір халықта кездесетін бейвербалды амалдардың өзге халықта мүлдем кездеспейтінін, я болмаса басқа бір мағынада жұмсалатындығын А.Пиз өзінің еңбегінде тұжырымдап өтеді: “Как вербальные языки отличаются друг от друга в зависимости от типа культур, так и невербальный язык одной нации отличается от невербального языка другой нации. В то время, как какой-то жест может быть общепризнанным иметь четкую интерпретацию у одной нации, у другой нации он может не иметь никакого обозначения, или иметь совершенно противоположное значение” [6,19]. Мысалы, Европа және Америка елдерінде бас бармақты көрсету “өте жақсы”, “бәрі де жақсы” деген мағынаны білдірсе, бұл кинема Грецияда–сақтандыру, Шығыс Африкада – масқаралау ұғымын айқын береді. Сол сияқты болгар халқында бас шайқау – мақұлдау, келісуді аңғартса, бас изеу – қарсылық білдіру, келіспеушілікті ұғындырады. Сонымен қатар “тілін шығару” кинемасы қытай халқында сес көрсетудің, үнді тайпаларында даналықтың, айн халқында сәлемдесудің, қазақ халқында мазақтау, келемеж қылудың белгісін береді. Бейвербалды амалдар барлық халыққа тән болғанымен, әр ұлттың бейвербалды амалдар жүйесі әр түрлі, бірдей емес. Бұл айырмашылық сол елдің тұрмысының, қоғамдық-әлеуметтік өмірінің, осыған орай халықтың таным-түсінігінің әр түрлілігімен сипатталады. А.Сейсенова: “Кинемалар – қарым-қатынастың ежелгі формаларының рудименті болғандықтан, кез келген этностың ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің белгісі болады, сол себептен бүгінгі күні кинесика ұғымы және оған жататын құбылыстарды лингвистикалық мәдениеттану пәнінің объектісі ретінде зерттеу қажеттілігі туып отыр”,- деп тұжырымдайды [115,120].

Қазақ халқының ұлттық-мәдени ерешеліктерінің бірі – әдет-ғұрпы, ырымы, салт-дәстүрі. Қай халықтың болмасын өзінің өмір сүрген дәуіріне қарай тұрмыс-тіршілігі, сол ұлтқа ғана тән әдет-ғұрпы, ырымы, салт-дәстүрі қалыптасады. Әр елдің өзіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрі арқылы халықтың тұрмыс-салты, мінез-құлық ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр-сипаты көрінеді. Бейвербалды амалдар тілдік амал-тәсілдер сияқты ұлттық феномен. Әр халықтың бейвербалды амалдары сол халықтың мәдениетімен тығыз байланысты. Бейвербалды амалдар әр этностың ұлттық-мәдени ерешеліктерін анықтауда маңызды рөл атқарады. А.В.Филиппов: “Мы убеждены, что язык жестов всегда дан как кинесика людей конкретной наций. Очень многие факты, наблюдаемые нами непосредственно или регистрируемые в специальных работах, говорят о том, что нет “международного” языка жестов, что он всегда национален, как и звуковой язык”,- деп, бейвербалды амалдарды нақты бір ұлт өкілдеріне тән элемент екенін айтып кетеді [92,15]. Қазақ ұлты салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай халық. Жас сәби “іңгәләп” жар салып жарық дүниеге келгеннен, адам қартайып бұ дүниемен қоштасқанға дейінгі аралық олардың әрбір баспалдағы, әрбір кезеңі өзіне лайықты той-томалақпен, қуанышпен аталып өткен. Тіпті ақырғы демі бітіп, соңғы сапарға аттанған адамды арулап жөнелтудің өзі де халқымыздың өзіндік ерекшелігі мол ғажап салты болып қалыптасқан. Этнос мәдениетінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін бейвербалды амалдар арқылы тануға болады.



Коммуникативтік актіде қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпына қатысты бейвербалды амалдар өзіндік көркемдік таныммен ерекшеленеді. Мысалы, ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салтының бірі – біз шаншу. Бұл – “құда болайық” деген өтініш, елшілік хабарды аңғартатын бейвербалды амалдардың бірі. Қазақ халқы жолаушылап жүрген адамдарды жылы қарсы алып, сый-сыяпатын көрсетіп, аттандырып салатын. Біз шаншуға келгендер ешкіммен сөйлеспейді. Қандай шаруамен жүргенін де айтпайды. Қонақасын ішкеннен кейін үн-түнсіз аттанып кетеді. Қонақтар кеткен соң, үй иелері сырмақ қағады. Егер сырмаққа қадалған бізді көрсе: “Ұл ержетті, қыз бойжетті қасқұлақ бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, құда болайық”,- деген ұсынысты сөзсіз түсінген.

Бейвербалдық сипатқа ие қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі – сырға салу. “Сырға салу” амалы ерте кезден келе жатқан дәстүр екені белгілі. Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша, әдетте үйінде оң босағада отырған қызы болса, керегедегі түскиізге сырға іліп қоятын. Осы дәстүр туралы қазақ зергерлік өнерінің лексикасына этнолингвистикалық сипаттама берген ғалым Р.Шойбеков былай дейді: “Ертеде қыздың басы бос, атастырылмаған болса, керегеге, кілемге, тіпті бақанға сырға іліп қою салты болған. Үйге келген қонақ, яки жолаушы үй ішін көзімен шолып, ілулі тұрған сырғаны көрсе, “бұл үйдің бой жетіп келе жатқан не бой жетіп отырған қызы бар екен, ата-анасы әлі ешкіммен құда болмапты, қыздың басы бос екен” деген ой түйген. Мұның аяғы кейде құдалыққа ұласып жататын. Мұндай салт сонау көне заманнан келе жатыр. Оны ертегі-аңыздардан да байқаймыз. Қазақ ертектерінің ішіндегі ең көнесі “Ер Төстік” ертегісінде былай деген этнографиялық мәні күшті дерек кездеседі: “...тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын; тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын. Керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам, біреуі кем екен, соған жылап отырмын,- дейді Ерназар. - Ендеше жылама, тағы біреуі бар, әне тұр,- деп бәйбіше тұс бақаннан тағы бір сырғаны алып келеді... Сөйтіп Ерназар тоғыз қызға құда түсіп қайтады [118,20-21].-Бұл жарлығыңызды қабыл алдық, - деді Есеней, шынашағына жақұт балдақты асыл жүзік киілген оң қолын кеудесін басып, сол жақ құлағындағы таға бітімдес үлкен алтын сырғасын жарқ еткізе бас иіп.Ал екінші пішін – Ана... бояуы мүлде өшуге айналған. Тек оңып кеткен. Сәнді камзолдың екі өңірі мен етегінен ғана зерлі ою ізі байқалады.Әйтсе де басына, шашқапты жаулық үстіне шолақ қалпақ киген шұжық сырғалы әйелдің туыс – бітісі айқын танылады. Құда түсудің тағы бір амалы – қамшы іліп кету. Қызды көруге келген жігіттің әкесіне шешесі “Қызымның ұнағаны рас болса, белгі тастап кет” деген. Жігіт әкесі “құдалықтың басы осы болсын” деп үйдің төріне қамшысын іліп кеткен. Осындай жоралғыдан кейін ол үйдің қызы “үкі таққан қыз” атанған. Яғни қамшы бұл дәстүрде құдалықтың бір белгісі болып табылатыны байқалады. Осындай әдет-ғұрыптық сипатқа ие бейвербалды амалдардың бірі – қамшы тастау. Бұл ұлттық салт-дәстүр, әдет заңының жолы бойынша шешендер мен билердің, талапкерлердің дау-шар кезінде сөз сұраған белгісі болып саналады. Дау-жанжал, ақылдасу сәттерінде ер адам бір тізерлей отырып, қамшысын бүктеп, жерге қадаса, бұл бітімге келушілік белгісін аңғартқан. Қамшы – өте ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан құрал. Сондықтан қамшы төңірегінде айтылатын әр түрлі әдет-ғұрып, салттық ерекшеліктер жиі кездесіп отырған. Сондай-ақ ертеректе “үйге қамшыны бүктеп алып кіру” әдептілікті байқатады деп есептеген. Қамшыға байланысты тағы бір бейвербалды амал - “қамшы тастар”. Үй иесі үйінде болмаған кезде жолаушы қамшысын тастап, басқа үйге кетеді. Бұл бейвербалды амал қайта соғамын деген мағынаны білдірген. Қазақ халқы еш уақытта “қанша балаң бар?” деп сұрамаған. Жөн-жосық білетін адам керегеде ілулі тұрған қамшының санына қарап, ол үйдің қанша баласы бар екенін, оның нешеуі ұл, нешеуі қыз екенін айтқызбай-ақ болжап білген. Ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан дәстүріміздің бірі – шашу. Қуанышты сәттің бәрінің шашумен басталуы – арты той-томалаққа ұласып, игілікті істерге жалғассын деген ізгі ниеттің белгісі. Сондықтан да халқымыз келін алғаш босағадан аттаған сәтте, күйеу қайын жұртына келіп түскенде, қыздың жасауы келгенде, отау көтергенде, бәріне шашу арнайды. Гендерлік ерекшелікке байланысты шашуды әйел адамдар шашады. Ақ киіз қайтадан жерге түскенде, Ораз- Мұхамедтің үстіне алтын, күміс ақшалар жаңбырдай жауды. Жаңа ханды жақынырақ жерден көрмек болып, жапырлай ұмтылған халық үстіне де шашу шашылған. Ақ киіздің үстіне, жаңа ғана көтерілген ханның төңірегіне шашылған теңгелер де жинаусыз қалмайды. Жаңағы жомарт тоқсан жер таяна тиын теруге кіріседі. Тәбәрік. Хан шашуынан тиген теңге бақыт, байлық әкелуге тиіс. Хан қазынасынан арнайы шығарылған ақшаны аузы бүрмелі, тырсиған кеніп қалталарға салып алған төрт кісі екі жүз қадамдай ғана жерде тұрған, төңіректегі, тұғыры тас, екі, үш қабат ағаш үйлердің бәрінен еңсесі биік, ақ тасты сарайға жеткенше ауық-ауық жұрт үстіне теңге шашумен болды. Босағадан оң аяғымен аттағанда күміс теңгеден шашу шашылған. Қазақ халқында ант ету, ант беру дәстүрінде құранды кеудеге басу, нан ұстау, нан жеу, тілінен қан шығару сияқты қимылдары да кездесіп отырады. Психолог М.Мұқанов сарқыт беру, аң байлау, ауыз тию, ерулік, келген адамға ішек-қарын беру, жездеге төс беру, жолаушының түсуі, ақ байлау сияқты дәстүрлерді де ұлттық-мәдени негіздегі бейвербалды амалдар қатарына жатқызады [15].

Қатар қонысымен, екі орда бірін-бірі ерулікке шақырғанда мүлде басқаша кейіпте көрген. Ұлттық-мәдени негіздегі бейвербалды амалдардың мағыналық астарында халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл қыр-сыры жан-жақты сақталған. Ұлт болмысын танып білуде бейвербалды амалдардың қосар үлесі зор. Көптеген салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарда ата-бабаларымыз тіл қатпай-ақ түрлі іс-әрекеттер, дене қимылдарымен демек, бейвербалды амалдармен көп нәрсенің мән-жайын жеткізе білуге тырысқан. Қазақ халқының ұлттық-мәдени ерешеліктері бейвербалды амалдармен толығып отырады. Бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени ерешеліктерін түсіндіру үшін оның ұлттық-мәдени негізіне сүйену керек.

Халықтың тұрмыс-тіршілігінде қандай да бір жағдайға, оқиғаларға байланысты қимыл-әрекеттер қолданылып отырады. Солардың бірі – шөміш қағу. Бұл ырым бойынша көкек айының бас кезінде күн күркіреп, найзағай жарқыраған шақта әйелдер сыртқа шөміш алып шығып, үй айнала шөміш қағады. Бұндай бейвербалды амалдың беретін мағынасы – сүт көп, ақ мол, төл аман болсын деп жаратқанға жасалған ақ тілеу болып табылады.

Халқымыздың ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі – бата беру. Бата негізінен екіге бөлінеді. Бірі – оң бата (ақ бата), екіншісі – теріс бата. Әдетте, оң бата жолың болсын, ісің сәтті болсын деген жақсы тілекті білдіреді. Оң бата берерде адам екі алақанын алға қарай жайып тұрып, ақ тілегін, адал ниетін айтып, қос қолымен бетін сипайды. Бата оқылған кезде үлкендер жас ұрпаққа амандық тілеп, адамгершілік пен имандылыққа бейімдеп, тәлім-тәрбиенің жолын көрсеткен. Қаламгер шығармаларында бата беру дәстүрі молынан ұшырасады. Қазақ дәстүрінде жайылған дастархан батасыз өтпеген. Мұның өзі бір жағынан, үй иесіне ілтипат көрсету болса, екінші жағынан, нанды қадірлеу, ас-суды құрметтеу нышанын білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет