Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы



бет9/13
Дата03.01.2022
өлшемі263.5 Kb.
#450863
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
М.Мағауин

Алдымен Ел-Тұрар сұлтан, содан соң қалған жұрт батаға бет сипасымен үш жігіт боз биенің шашалығына қыл шылбырды салып жіберіп, теңките жығып салды.

Жас жұбайларға берілген батадан да ізгі ниеттің, ақ тілектің қайнар бұлағын аңғаруға болады. Отау құрған жас жұбайларға берілген батадан жаңа өмірден өз орындарын табуларына, ұрпақ сүйіп, үбірлі-шүбірлі болуларына, амандықта, саулықта өмір кешулеріне тілектестік білдіред.Жанжалқой әлденені ісіне түсіре алмағандай, қабағының арасы сызықтана қиналып, аз тұрды. –Бата!.. Бата!..-деді сосын қолын жайып. Кенет аттарының аузы арандай ашылған үш нөкер бірдей шауып келгені. Жүрегім зырқ ете түсті. Бірақ амал не. Хақ- Назардың алдына барып бата, рұқсат алдым. Бата жаса, сұлтаным! – деді Төбет тізерлей отыра қалып, бірі бүтін, бірі оқтаудың басындай шолтыйған екі қолын қатарынан жайып.

Батаның екінші түрі – теріс бата. Бұл риза болмағанда айтылады. Мұндай кезде қатты ренжіген адам, екі қолын теріс қаратып тұрып, ауыр-ауыр сөздер айтылады. Халық танымында “теріс бата алған адамның жолы болмайды” деген ұғым қарғысқа ұшыраудан, лағнет айтудан туған. Екі қолын теріс қаратып бата беру – қазақ халқында ер адамдар қолданысында кездеседі. Осындай қарғыс мәнді әйел қолданысындағы бейвербалды амалдардың бірі – омырауын көкке сауу. Бұл кинема магиялық қарғыстан шыққан. Ананың ақ сүтін халқымыз киелі деп түсінген. Мұндай іс ең ауыр жаза, кешірілмес күнә болып саналған.

Жазушы шығармаларында қол жаю, бет сипау кинемалары аруақтарға бағыштап құран оқу, дұға оқу, құдайға мүнәжат тілеп жалбарыну жағдаяттарында қолданылады.



-Иә, тәңірім! – деді Ел-Тұтар оқыс қатайып. Саусақтарын тарбитып жая ,екі қолын бірдей көкке созды. – Бозқасқаның қаны – азаматтың ары. Бозқасқаның еті- ақсақалдың реті. Бозқасқаның сүті- ел-жұртымның құты. Ием - өзің, кием - Жер-Ана, Су – Ана. Ақ ,адалға қуат бер! Арам мен бұзыққа тұзақ сал! Бәтуа, бірлікке келген қарындас қауым өзіңнің жолыңа айтқан қасиетті құрбандықты қабыл ал!

Емеурініңді түсіндім, тақсыр, - деді Томан түнеріп. – Асқам жоқ, сасып жүрмін. – Еңсесін жазып, екі қолын көкке жайды.

Марқұм болған ата-бабаның, туған-туыстарының басына барып дұға оқып, есіне түсіру – қазақ халқы үшін парыз. Сонымен бірге әр адам сапар үстінде келе жатқанда жол үстіндегі қорымдарға тоқтап, дұға оқып, бет сипап өтуі шарт екенін де қаламгер назардан тыс қалдырмайды.

Мұз үстіне тізерлеп отыра кетіп, көзін жұмған қалпы баппен шоқынды:- Госпади Иисус Христе, Божий сын, помилуй нас!.. Неге екенін өзі білмейді, Ораз- Мұхамедте қол жайып бетін сипады:- Аллах акбар.

Дұға тәмәмдалып, дастархан иелері тегіс тәуба айтқанда бұл да өз рәсімімен бетін сипады. – Аз ба, көп пе біздің арамызда боласың, содан соң салтанатпен үйіңе ораласың. Ата тағын аласың!- деді Петр.

-Әумин! – Ораз-Мұхамед бетін сипады. – Періштенің құлағына шалынсын. Тек... тағының керегі жоқ. Ештеңенің де керегі жоқ. Елге жетсем. Жетіп барып өлсем...

“Екі алақанын жаю” кинемасы жазушы шығармаларында қарғыс айту ситуацияларында да кездеседі.



Өзінен бедел-бағы екі елі асқандарды иттің етіндей жек көретін өшпенділік оты лапылдап, өз бармағын өзі шайнап ашуланғаны соншалық, тізерлей отырып, екі алақанын көкке жайып қарғанып-сілене жөнелген: Ораз-Мұхамедті көрген бетте батпақта тізерлеген қалпы құтыра еңсе жазған да, тістене ысқыртып, оқ боратқандай үсті-үстіне төпелеп балағаттай жөнелген. Ең сыпайы сөзі- қансорғыш гәуір, ең жеңіл қарғысы- ұлы-қыздың жәсірге кетсін.

Қол жаю, бет сипау, құбылаға қарау сияқты бейвербалды амалдар – ұлттық сипатқа ие кинемалардың бірі. О.Бөкеев шығармаларында кездесетін бейвербалды амалдар бірде ел өмірінің шындығын көрсету үшін қолданылса, бірде шығарманың стильдік реңкін арттыру үшін жұмсалады.


Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келе жатқан дәстүрінің бірі – қонақ күту. Қазақта қонақты қарсы алуға, тиісті орынға отырғызуға, дастархан басында қонақ күтуге, қонақты аттандыруға байланысты бейвербалды амалдардың түрі көп. Қонақты алдынан қарсы алып, аттан түсіріп алғанының өзі қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерінен хабар береді.

Қапияда амал тапқандай болған. Қос қолдай амандасты. Бояр сенекте, - Ораз – Мұхамед білетін, бұл- үлкен құрмет, - қарсы алды; Петрмен қолдасып амандасып, содан соң құшақтасып сүйіскен.

Атын байлап, айылын босатқан соң, үй иесі есікті ашып алдымен қонақты кіргізеді. Төрге сырмақ жайып, “төрлетіңіз, төрлетіңіз” деп жылы шырай көрсетеді. Қонағының астына көрпе, шынтағына жастық төсеп, ілтипат білдіреді.

Бек сонда ғана әлденеден секім алғандай. Сол иілген күйі төрге қарай асыға аттады да, тізе бүкті.

Сәлем рәсімі жасалысымен, сұлтан игі жақсыларды төрге шақырған . Әркім өзіне тиеселі орны – солмен оңға жайғасып отырған соң қымыз келді.

Жаңа Манақтың сөзін қаперіне алмаған, қайта сұлтанның жарлығынан соң оқыс көңілденген воевода – Ораз – Мұхамедті қолтықтап әкеп, төрдің төбесіне отырғызған.

Алдында – манағы бас жаушы Борис Доможиров . Әлденеге қатты ренішті. Тепсініп қолын сілтеп, ашына сөйледі. Төрде отырған қонақтарды көрсеткен.

Айыпкердің әр қимылын бағып отырған қымызшы жігіт шара аяқты ұстай алған. Сол – сәтінде-ақ батырдың қолы ыдыстан босады. Көзін ашып-жұмып, төрге қарап еңкейе берді де, бір жақ бүйіріне сылқ құлады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет