Абалақ сұлтан ант бұзып, жаулық жолын тұтынады дегенге мен сенбеймін.
Киім атаулары арқылы кейіпкерлерінің мінезін, әлеуметтік жағдайын т.б. сияқты түрлі қасиеттерін суреттеу арқылы О.Бөкеев шығармаға экспрессивті-эмоционалдық реңк беріп, образды айшықтай түседі. Жазушы шығармаларындағы киім атауларының қолданысы олардың көркемдік бейнелеуін толықтырып, кейіпкер болмысын ашады. Мысалы, Оған басына үкілі шоқты, байлығына маржан төгілген, желкелігі - өрілмей бос жіберіліп үш бүктеп түйілген қолаң шаш. Сыртынан киілген, жаурын ортасына түскен шашқаппен ұласатын биік сұлама бөрік, үстіне бес етек көк торғын көйлек, қынама бел күдері камзол, аяғына шошақ оқалы, биік өкше, қайқы тұмсық көк етік киген Ай-Шешек бегім мінді.
Осындай ұлттық-мәдени негіздегі бейвербалды амалдарды ығармаларында пайдалану – жазушы шеберлігінің бір қыры. Көріп отырғанымыздай, жазушы салт-дәстүрлік негіздегі бейвербалды амалдарды қолдана отырып, халық өмірінің шындығын берумен қатар, оның ұлттық ерекшеліктерін де бейнелеп көрсетеді.
Сонымен, әр ұлттың ерекшелігі этностың салт-санасынан, дәстүрінен, әдет-ғұрпынан байқалады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып әр түрлі бейвербалды амалдар арқылы орындалады, толығады. Және де бұндай бейвербалды амалдар этностың мәдени-ментальдық ерекшеліктерін, болмысын ашады.
Сұлтанға сәлем беруге, еру қайырлы болсын айтуға келе жатқан, әмәнда көп алдында, жас ыңғайына қарай топ-тобымен бір бөлек жүретін қарашы бектер – елдің игі жақсысы аталатын батырлар мен билер тобы көрінген екен.
Достарыңызбен бөлісу: |