«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет16/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

Мәтінді қалай анықтайтындығы қазіргі ғалымның методологиялық бағытталуының индикаторы іспеттес. Мәтін анықтамалары алуан түрлі. Мысалы, тарту-мәскеулік семиотикалық мектеп өкілі А.М. Пятигорский мәтінді хабар, белгі, "сигнал" деп анықтайды. Отандық структурализм үшін классикалық анықтама болып табылатын Ю.М. Лотманның дефинициясында мәтін төмендегідей үш сипатқа сай жүйе болса керек:

1. Нақты бір белгілерде бекітілген, көрініс тапқан.

2. Өз құрамына енбейтіннің бәріне қарсы қойылған, басқалардан шектелген.

3. Құрылымды, яғни соның өзін құрастырушы элементтер арасында қарым-қатынас жүйесінің барлығы анық.

Мәтін мен көркем-әдеби мәтінді ажырата қарастыру керек. Өйткені көркем-әдеби мәтіннен басқа ғылыми, публицистикалық және т.с.с мәтіндер түрлері болады. Оның үстіне, мәдениеттануда мәтін тек сөзден құрастырылған тілдік мәтін ғана емес, сонымен бірге, сөздік емес болмыстағы мәтіндер ретінде де қарастырыла алады. Мысалы, рәсім, музыка, кинематограф, көркемсурет, тіпті, қаланың өзі де сәулетшілдік "мәтіні" және т.б.

Мәтін үш түрлі қызмет атқарады:

1. Креативті қызмет. Ол дегеніміз мәтін өзінің жаратушысы, жасаушысы барлығын білдіреді.

2. Референтті қызмет. Демек, мәтін әлденені танытып, қандай да бір шындыққа сілтейді

3. Рецептивті қызмет. Бұл мәтіннің адресаты барын білдіреді, яғни ол қашанда біреуге бағышталған дүние болып табылады.

Мәтін бар жерде коммуникативті жағдай (ситуация) бар, бірақ ол оқиғаға (бірге-болмысқа – со-бытие) айналмауы да мүмкін. Коммуникация бұл жерде ақпарат тасымалы емес, сұхбатқа жақын, араласу, қатынасу деген мағынада алынып тұр. Мысалы адам мен компьютер арасында коммуникация жоқ, өйткені олардың ішкі шындықтарының, тұлғалық “Мен”-дерінің байланысуы жоқ. Мәтінде әлемнің «тілдік» картинасы беріледі. Ендеше, әртілдес дискурстар байланысы – онтологиялық тұрғыдан түрліше әлемнің тілдік картинасының байланысы, яғни түрлі дүниетанымдық позициялар байланысы.

Постструктурализмнің де, постмодернизмнің де ортақ өкілі (егер ажырату мүмкін деп білсек) Ю. Кристеваның айтуы бойынша [24, 53-68 бб.], мәтін дегеніміз ерекше семиотикалық практика. Мәтін – мағына өндірісі. Мәтін үнемі “мәтіндер пермутациясы” болып табылады, өйткені мәтін қашанда интермәтін ретінде көрініс табады. Тарата айтар болсақ, мәтін орналасқан кеңістікте үнемі көптеген басқа мәтіндерде айтылған ойлар, жазылған сөздер бір бірінің үстінен қабатталып, тапталып жатады. Сонымен, біз үнемі мәтіндік интерференцияға куә боламыз деген сөз. Осылайша жападан жалғыз мағыналылық идеясынан интермәтінділік идеясына бас бұру өте конструктивті қадам болды. Интермәтінділік – мәтін сұхбаттастығы.

Ю. Кристева өз концепцияларында әрбір шығарманың мәтінінің әу бастан сұхбаттылық табиғатқа ие екендігін анықтайды. Оның түсінігінде, “М. Бахтин алғашқылардың бірі болып мәтінді статикалық құрылымдарға бөлудің орнына басқаша модельмен жұмыс істеуді ұсынған еді. Ол әдеби құрылым даяр күйінде көз алдыңда тұратын модель емес, ол басқа құрылымға қатысты енді ғана жасалатын құрылымдау болып табылады” [139, 165 б.]. Қос тілдік (кеңірек алсақ, ментальдық) жүйелер қақтығысуы барысында дискурс құралады. Интермәтінділік – мағынаны құрастыру көзі. Оның аударма тәжірибесінде көптеп кездесетіндігін білеміз.

Осы талқыланып отырған концепцияның авторы – Ю. Кристева өзінің ресейлік филолог-мәдениеттанушы М. Бахтиннің идеяларын жалғастырушы ғалым екендігін жасырмайды. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының өзінде-ақ М. Бахтин бүгінгі постмодернистік "сахна жұлдыздарының" концепцияларына негіз болған идеяларды айтқан болатын. Мысалы, М. Бахтиннің мына бір жолдарын есімізге алайық: "Барлық белгілер жүйесінің (яғни әрбір "тілдің") құпия сырын ашар өзіндік кілті табылары сөзсіз. Демек, қандай да болмасын белгілер жүйесі басқа белгілер жүйесіне (басқа тілдерге) аударыла алады. Бұдан шығатын қорытынды – белгілер жүйесінің ортақ логикасы бар, яғни тілдердің тілі болып табылатын әлеуетті ортақ тіл бар. Бірақ ол тіл нақты жеке тіл, яғни тілдердің арасындағы бір тіл бола алмайды. Ал мәтін (құрал-тәсілдер жүйесі ретіндегі тілмен салыстырғанда) ешқашан соңына шейін аударыла алмайды, өйткені мәтіндердің мәтіні болып табылатын жалғыз әлеуетті мәтін жоқ. Мәтін өмірінің оқиғасы, яғни оның шынайы мәні қашанда екі сананың, екі субъектінің аралығында орын алмақ" [140, 303 б.].

Ю. Кристеваның пікірі бойынша, шығарманың статикалық құрылымы туралы айту асқан сарабдалдық танытпайды. Ю. Кристева “мағына өндіру” процесіне жіті көңіл аударады. Сонда мәселе тәмәмдалған, аяқталған құрылымдарды зерттеуде емес, сол құрылымдаудың дәл өзінде болып тұр.

“Шындығында да мәтін қазіргі ойлаудың іргетасын құрайтын біртұтас ұғымдық жүйеде ойдан өткізуге келмейтін дүние, себебі оның (ойдың) шекаралары сол мәтіннің өзі арқылы өтеді емес пе?!” [141, 44 б.]. Семиотика мәтінді зерттеу ықыласын таныта отырып, сол объектінің өзіндік ерекшеліктеріне сай, өзін үнемі қайта ашып отыруы тиіс, өзінің матрицалары мен моделдерін қайта қарастыруы тиіс. Ю. Кристева семиотиканы семанализбен теңдестіре қарайды. Семанализ дегеніміз мағына сыны, мағынаның элементтері мен заңдарының сыны, яғни семиотика өз пәнін, өз модельдерін, өз дискурсын, өз тәсілін сынайды деген сөз. Ю. Кристева үшін дискурс – белгілік жүйе болып табылады. Ғылымның өзін де ол дискурс түрі деп біледі. Семанализдің тәмәмдалған құрылым болуы тіптен де міндетті емес, яғни семанализ “семиотикалық құрылымдардың жалпылама энциклопедиясы” бола алмайды. Оның үстіне, Ельмслев концепциясындағыдай, ол метасемиология болуға да талпынбауы тиіс деп біледі Ю. Кристева.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет