«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет12/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

Семиозис – семиотиканың пәні. Ендеше, семиозис деп әлденебір нәрсенің белгі, таңба ретінде тіршілік ету процесін айтады. "Семиотика – семиозис туралы ғылым" [127, 37 б.], ал семиозис – таңбалау түрлері (қоғам, ойлау және т.б.) мен таңбалау заңдары. Семиотика “не ғылым бола алмайды, не ілім, не доктрина да емес, ол – антидогматикалық, сыни белгілер теориясының нақты істегі көрінісі” деп Е. Росси-Ланди [35, 334 б.] анықтаған екен деп семиотиканың логика мен лингвистикаға сүйеніп туындаған пәнаралық ғылым екендігін айтпасқа тағы болмас. Онда “әлем” мен “мәтін” бір бірінің өзіндік көрінісі болып табылады әрі мәтін – тілге аударылған әлем деп қарастырылады.

Семиотика тәсілі – аксиоматика тәсілі, яғни оны не дәлдеп болмайсың, не жоққа шығара алмайсың, бірақ негіздеп беруге болады. Құрылымдық-семиотикалық талдау ұстанымдар саналуандығы мен мәтінді талдаудың бәсекелестігі жағдайын моделдеуді мақсат тұтады. Семиотика, Ю. Кристеваның түсінігінде, толықтай модель өндірісі болып табылады.

Тіл туралы болсын, сол тілге түгелдей негізделген мәдениет туралы болсын семиотикалық тұрғыдан қарау заңды, өйткені адами әрекеттің қай түрінен болсын таңба-белгілік, рәміздік табиғатты көруге болады. Оның басты себебі тілдің, яғни таңбалық жүйенің айнала қоршаған шындықты құрастыратындығында болып тұр. Кезінде Л. Витгенштейн менің тілімнің шекарасы менің өзіндік әлемімнің шекарасы болып табылады деген еді. Ол формуланы таза өмірлік утилитарлы тиімділік тұрғысынан адам қаншалықты көп тіл білсе, соншалықты көп әлем ашады деп тұжырымдауға болады. Сонымен қатар, ол формуланың бейпрагматикалық, яғни философиялық мәні бар екендігін де айта кету керек. Ол қоршаған нақты шындықтың тілмен жанамалай негізделетіндігі туралы, тілдің объективті шындықты өз жүйесінің ішінде бөлшектеп, қайта құрастыратындығы туралы, сөйтіп барып белгілі бір мәдениетке, белгілі бір тілге ғана тән әлем бейнесін жасап шығаратындығы туралы тұжырым. Әрине, бұл – тіл физикалық шындықты да өзі құрап шығады деген сөз емес, бұл – тілдің әлгі шындықты социумға бағыштайтындығында деген сөз. Демек, тілді адам өмірінің жеке мәселелерін – қарым-қатынас пен ойлау мәселелерін шешетін құрал деп қана емес, одан кеңірек, яғни өзімізді қоршаған шындықты бізге түрлендіре жеткізуші, біз бен нақты әлемнің ортасын белсенді қатынасымен жалғастырушы таңбалық жүйе деп қарастыру керек. "Тіл дәйектері сол тілде сөйлеушілер үшін олардың күнделікті тәжірибесінің бір бөлігін құрастырады және сондықтан да ол тексеру мен сынай қараудан өтпейді. Ендеше, кімде кім, табиғи қисындылыққа сүйене отырып, зерде туралы, логика туралы және дұрыс ойлау ережелері туралы пайым құратын болса, ол, әдетте, оның өз тіліндегі немесе тілдер тобындағы оның күнделікті тәжірибесінің бір бөлігі болып табылатын таза грамматикалық фактілер желісіне еріп отырады. Бірақ оның басқа тілдер үшін де дәл солай болуы міндетті емес, демек, ойлаудың ортақ негізі бола алмайды деген сөз" [13, 206 б.].

Осының нақты тілдік материалдағы көрінісін Бенджамен Уорфтың "Отношение норм поведения и мышления к языку" [128] деген шығармасындағы ортаеуропалық стандарт тілі (SAE – Standard Average European) мен хопи тілін салыстыру барысында, ондағы дерексіз ұғымдар туралы түсініктер айырмашылығын келтіру барысында, тілдің мәдениет пен психологияны негіздеуін көрсету барысында табамыз.

Мәдениет семиотикасы туралы біраз ойлардың негізін қалаған ұлы орыс лингвисті, эстетигі және философы А. Потебня (1835-1891) болды. Оның пікірінше, тіл адамдардың іс-әрекетін басқарушы, олардың өзін-өзі танушы және қоршаған дүниені игеруші құралы. Тілдің негізінде эстетикалық фактор жатыр, себебі тіл қашанда шығармашылық күй кешеді, қашанда адам рухының тұрақты әрекеті болып көрінеді. А. Потебня үшін тіл біздің күнделікті түсінігіміздегі сөздер жиынтығы емес, ол – өзіндік философиялық және ғылыми жүйе. Белгілі бір тарихи кезеңдерде тіл өзімен ғылымды да алмастыра алады. "Кейде тіл өзіне ғана тиесілі құралдар арқылы ойды жалпылайды және абстрактылайды. Кейінірек дәл осы жолмен ғылым да жүріп отырады" [129, 38 б.].

Жоғарыда аталған терминдер қатарынан анықталмағаны семиология болып тұр. Семиология — сåìèîғèêà ғåðìèíiìåí қàғàð қîëäàíûëàғûí ғåðìèí. Îë ғië ғåîðèÿсûí æәíå îíûң áàсқà äà áåëãiëåð æүéåсiìåí áàéëàíûсûí áiëäiðåäi. Енді семиотика мен семиология арасындағы өте нәзік айырмашылыққа тоқталатын кез жетті. Сонымен, семиотика белгілер туралы жалпылама теориялық ғылыми пән болса, семиология – қоғам шеңберінде белгілер өмірін зерттейтін ғылым.

Семиология ғåðìèíií Ô. äå Сîссþð åíãiçãåí áîëàғûí. Семиологиянû äàìûғóғà Ð. Áàðғғûң да øûғàðìàëàðû êөï әсåð åғғi. Îëàðäûң ғүсiíäiðói áîéûíøà, àқïàðàғ àëìàсóäûң ғàáèғи ғiëäåí áàсқà äà êөïғåãåí áåëãiëåð æүéåсi áàð. Ìәäåíèåғғiң àëóàí ғүðëi áөëiêғåðiíiң әðқàéсûсûн өçiíäiê áið ғiëäiê æүéå äåï ғàíóғà болады. Ғàғàì, àçûқ-ғүëiê, êèiì-êåøåêғåí áàсғàï әäåáèåғ, êèíî, àðõèғåêғóðà æәíå ғ.á. – ìәäåíèåғғiң ғiëäiê æүéåëåði áîëûï ғàáûëàäû. Тіпті, мәäåíèåғғiң өçií äå ìåғàғië äåï ғàíóғà áîëàäû, өéғêåíi ìәäåíèåғғi ғàңáà-áåëãiäåí ғûсқàðû, ÿғíè ғiëäiê-áåëãiëiê æүéåëåðäåí áөëåê қàðàсғûðóғà áîëìàéäû. Тілдік құрылымдар мен олардың белгі-нышандары мәдениетте бар көптүрлі жүйелерді туындататын схемалар ретінде қарастырылады. Сөйтіп, тіл, өнер, мәдениет қалған жүйелер үшін негізгі аналогиялар ретінде алынады.

Семиологияны формалар туралы ғылым деп те анықтай аламыз, өйткені ол мағынаны оның мазмұнына тәуелсіз түрде зерделейді. Р. Барт айтпақшы, семиология метафизикалық қақпан емес, басқа ғылымдар қатарында орналасқан қажетті ғылым, бірақ оның жалғыз өзінің күші белгі сынды сусымалы шындыққа жетпесі анық [130, 237 б.]. Сондықтан оған көмекке лингвистика келеді. Содан “...семиолог ақыр аяғы – ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір – өз жолында тілге кезігері сөзсіз. Ол тілді өз белгілік жүйелерінің моделі ретінде ғана емес, сонымен қатар, конститутивті элемент ретінде де, орталық буын ретінде де, белгіленуші ретінде де кездестіруге мәжбүр” [130, 248 б.]. Лингвистика табиғи тілден тұратын хабарлама нәтижесіндегі коммуникация түрін зерттейді. Лингвистика – сол жалпы ғылымның бір ғана бөлігі: семиология ашатын заңдардың лингвистикаға да қатысы болады.

Семиология белгілер мен белгілер жүйесінің ең жалпы: "белгі дегеніміз не?", "белгі қандай заңдарға бағынышты?" деген мәселелерімен айналысатын ғылым болғандықтан, семиология мен лингвистиканың шешетін сұрақтарының өзара байланысты екендігі күмәнсіз. Бірақ, Соссюрдан кейін қалыптасқан осы бір дәстүрлі тұжырымға Р. Барт “лингвистика белгі туралы жалпы ғылымның бір бөлігі, тіпті, ерен тұрған бөлігі бола алмайды; керісінше, семиологияның өзі лингвистиканың бөліктерінің бірі" деп қарсы шығады [131, 249 б.], өйткені семиологияның зерттейтін объект-белгілері қандай болса да (ишарат, дыбыс, сурет және т.б.), оны танып-білу тек қана тіл арқылы жүзеге асатындығы сөзсіз.

Сонымен, тіл кең мағынада алынған семиотика-семиологиялық процесс (“дискурс”) болып табылады. Семиотика-семиология тілді және басқа да белгілерді лингвистикалық тәсілді қолдана отырып зерттейді. Семиотикалық процестің біртұтастығында тіршіліктің толығымен салыстырмалы рөлі сахнадағыдай “ойналып шығады”.

Тілдің таңбалық сипаты туралы мәселенің тарихы ұзақ. Алайда, бұл мәселенің кең көлемде қойылуы Фердинанд де Соссюрдың "Жалпы лингвистика курсы" деген кітабының жарыққа шыққан кезінен басталады. Ол тілді таңбалар жүйесі деп есептейді де, оны таңбалардың кез келген жүйесімен қатар қойып, солармен барабар деп қарайды. Тіл тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге, адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба, белгіден тысқары, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық әлем қоршаған, өйткені адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. Адам бір мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да, оны пайдаланушы да.

Тілдің таңбалық табиғаты мәселе ретінде көтерілгенде сөздің лексикалық мағынасын аттап өту мүмкін емес. Сөздің екі жағы бар: Ф. де Соссюрдың терминологиясы бойынша, оның бірі – таңбалаушы, екіншісі – таңбаланушы. Жалпы, лингвистикада дәстүрлі түрде белгіні (таңбаны) белгілеуші-таңбалаушы (означающее) мен белгіленуші-таңбаланушы (означаемое) бірлігі ретінде анықтап келген болатын. Фердинанд де Соссюр белгіні екі беті бар қағаз парағымен салыстыра қарастырған. Қағаздың бір беті – белгілеуші, ал екінші беті – белгіленуші болып елестетілмек. Таңбалаушы – сыртқы жақ, ол – дыбыстар тіркесінен тұратын сөздің дыбыстық жамылғышы, ал таңбаланушы – ішкі жақ, ол – мағына, мазмұн, ұғым. Соссюрдың, осы екі ұғымды мәнге қатысты ғылымдардың барлығы үшін қажетті деп білгені де орынды.

Сонымен, Ф. де Соссюр тілді белгілер жүйесі деп санайды, әрбір белгінің екі жағы бар: білдіруші, белгілеуші және белгі арқылы білінуші, белгіленуші дегенді айтып кеттік. Осыны басқашалап айтар болсақ, тілдік белгі өз құрамына дыбыстық бейнені (белгілеушіні) және де мән-мағынаны (белгіленушіні) енгізді. Ендеше, бұл тезистен тіл дегеніміз форма, кез келген мазмұнды сипаттаушы құрал болып шығады.

Осы екі элементтің (таңбалаушы мен таңбаланушы) бірін басым деп қарастыру, нақтылай кетсек, таңбаланушыны (яғни мән-мағынаны) алғашқы, негізгі, басым деген эпитеттермен байланыстыру өздігінен түсінікті сияқты. Міне, осы айтылған дүние дәстүрлі лингвистиканың "метафизикалық" элементі болмақ. Сонымен, белгіленуші мән-мағынамен, болмыспен тікелей байланысты деп есептелінеді. Соның нәтижесінде, тіл – ойдың қосалқы құралы, ал жазылған хат – ауызекі сөзді жеткізу құралы болып, екінші реттегі ұғымдар санатында көлеңкеде қалып қойған. Бұлардың барлығы: тіл – ойдың құралы, хат – тілдің құралы деген сатылы бағыныштылыққа сүйенген көзқарастар дәстүрлі фоноцентристік лингвистика үшін, орталықтандырылған метафизика үшін дағдылы түсініктер еді.

Кейінірек айтылатындардың алдын орағытып, сондай фоно-логоцентристік метафизикаға күмән келтірген, оны философиялық-лингвистикалық талдаудан өткізген Жак Деррида екендігін, оның деконструкция әдісін пайдаланғандығын да осы тұста бір мәрте айтып кеткіміз келеді. "Деконструкция – Дерриданың грамматологиялық стратегиясының негізгі тәсілі. Ол дегеніміз таңбадағы белгіленушінің (мән-мағынаның) іргелі негіз екендігін жоққа шығару еді. Деррида белгіленушіні симулякр ретінде танытады" [49, 5 б.].

Тілді түсіндіруді Фердинанд де Соссюр оның бастапқы мәнін хаттан, жазу-сызудан ажырата қарастырумен жалғастырады. Ф. де Соссюрдың түсінігінде тіл мен хат түрлі белгілер жүйесі болып табылады. Хаттың мәні тілді бейнелеуде жатыр дейді, яғни хат – таза фонетикалық құбылыс. Сәл кейінірек Соссюрдың бұл идеясына қарсы шыққан Р. Барт, Ж. Дерриданың хат түгелдей фонетикалық, яғни дыбыстық сөз бейнесі дегенмен келіспейтіндігін негіздегінін де білеміз.

Соссюр лингвистиканың пәні ретінде дыбысталған сөзді, айтылған сөзді ғана анықтайды. Соссюрдың түсінігінде, тіл – адам миында қордаланған объективті шындық, дайын формалар. Ал айтылған сөз (речь) – объективті шындықтың жеке тұлғадағы көрінісі, яғни сөз кісілік, даралық, тұлғалық бастама. Сонымен қатар, Соссюр тіл мен қоғам тарихының байланысы туралы маңызды мәселені көтерді. Ол тілдің екі қыры бар екенін айтады: синхрония (бірмезеттілік, яғни тілдің өз жүйесіндегі болмысы) және диахрония (тілдік факторлардың уақыттағы кезектілігі, яғни тілдің тарихи-қозғалмалы жағы).

Тілдің белгілік табиғатына қатысты философиялық дискурс құру, жалпылама ойшолу жасау барысында тілдің өзін ұмыт қалдырмас үшін тілді философиялық, мәдениеттанулық қырынан зерделеп жүрген ғалым-зерттеушілердің бәрінің болмаса да, сол тіл мәселесін бірегейлегендерінің нақты көзқарастарын келтірген де жөн.

Ғылым әлеміндегі көптеген концепциялар тек қана шындыққа жақындау жолы болып табылатындығы белгілі. Олар қашанда салыстырмалы дүниелер. Олар шындықты категориялық торға түсіруге тырысатындай болып көрінеді маған. Сол сияқты, философияның болсын, мәдениеттанудың болсын лингвистиканың ғылыми әдістемесін өз мәселесін шешу барысында пайдалануы шындықтың тағы бір қырына жақындау барысында зор рөл атқарады. Көтерілген бір мәселе төңірегінде алуан түрлі ой толғаныстар, дәлелді тұжырымдар шығатындығы белгілі. Соның дәлелі ретінде Ф. де Соссюрдың концепциясының лингвистикадағы маңыздылығына нұсқан келтірмейтін, бірақ оның кейбір тұстарын сынға алатын ізденістер жетіп артыларлық. Ол туралы осының алдында да бірер сөз айтылған еді.

В. Брендаль да “Структуральная лингвистика” деген мақаласында [132, 48 б.] Соссюрдың құрылым (структура) түсінігінде қарапайым элементтердің шоғырлануына қарама-қарсы бір біріне тікелей байланысты өзара тәуелді құбылыстардан тұратын біртұтастық жатқандығын көрсетеді.

Алдында айтылғандай, Соссюр тілдік әрекетті (langage) тіл (langue) мен айтылған сөздің (parole) қосындысы деп қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет