Химиялық байланыс және валенттілік
Атом құрылысы мен химиялық байланыс тұрғысынан қарағанда валенттілік әрбір атомның молекула түзуге жұмсайтын электрондарының санымен анықталады. Атом, химиялық байланыс түзуге неше электрон жұмсаса, оның валенттілігі де сонша болады. Мысалы, сутек молекуласын түзуге әрбір сутек атомы бір электроннан, оттек молекуласын түзуге оттектің әрбір атомы 2 электроннан, азот молекуласын түзуге әрбір азот атомы3 электроннан жұмсайды. Сондықтан сутек молекуласында сутек атомдары бір валентті, оттек молекуласында оттек атомдары 2 валентті, азот молекуласында азот атомдары 3 валентті болады. Молекуладағы атомдар арасындағы әрбір қос электронды бір сызықшамен ауыстыру арқылы заттың құрылымдық формуласын құрады. Құрылымдық формула молекуладағы атомдардың валенттілігін көрсетеді. Бір сызықша бір валенттік байланысқа сәйкес келеді. Сонымен бірге құрылымдық формуласы молекуладағы элементтердің бір-бірімен байланысу ретін де көрсетеді. Әрбір элементтен шығатын сызықша саны сол элементтің валенттігін көрсетеді. Мысалы, мына көрсетілген элементтерден кететін сызықшалар сутектің - 1, оттектің - 2, азоттың - 3, көміртектің - 4 валентті екенін көрсетеді.
20 – сурет. Элементтердің байланысу реті
Бірақ молекулада бос валенттілік болмайтындықтан бір элементтің валенттігі (сызықшалары) екінші элементтің валенттігіне сәйкес келетіндей етіп формула құру керек. Сонан кейін қосылысатын атомдардың сызықшалары оларды байланыстыратын ортақ сызықшаларға бірігеді, мысалы:
21 – сурет. Ортақ сызықшалардың бірігуі
Лекция № 4
1.10 Химиялық реакциялардың жiктелуi
Химиялық реакциялар әрекеттесетін және түзiлетiн заттардың түрi мен санына қарай төрт топқа бөлiнедi.
1. Қосылысу реакциялары. Екі немесе одан да көп заттардың химиялық әрекеттесуi нәтижесiнде жанадан бiр зат түзілетін реакцияларды қосылысу реакциялары дейді. Қосылысу реакцияларына жай заттар да, күрделi заттар да қатынасуы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |