Лкция №1 1 Химия пәні


TOTЫҒУ-TOTЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ



бет18/24
Дата25.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468762
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Лекция об хим

1.11 TOTЫҒУ-TOTЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ


Тотығу дәрежесi
Атомның молекуладағы күйiн сипаттау үшiн атомдардың тотығу дәрежесі деп аталатын шартты түсінікті пайдаланады. Тотығу дәрежесі дегенiмiз - молекулалар тек иондардан тұрады деген жорамал бойынша есептеп шығарылған молекуладағы атомның шартты заряды. Атомның тотығу дәрежесiнiң мәнi оң теріс немесе нөлге тең болады. Оң тотығу дəрежесi осы элементтің берген электрон санымен өлшеніп, соңына оң таңба (+) койылады.Терiс тотығу дәрежесі осы элементтiң косып алған электрондарының санымен анықталады да, соңына терiс таңба (-) қойылады.
Атом электрон бермесе және қосып алмаса, бұл элементтің тотығу дәрежесі нөлге тең. Сондықтан бос күйiндегi атомдардың (H0, F0, Na0, Ca0, Fе0, Ni0, C0, Cr0, AI0, Ag0, Au0 т. б.) тотығу дәрежелері нөлге тең.
Таза байланыс тек жай заттардың (H2, O2, CL2 Br2.) молекулаларындағы атомдардың арасында тузiлетiндiктен жай заттарды құрайтын атомдардың да тотығу дəрежесi нөлге тең болады.
Күрделі заттардың молекулаларының кұрамындағы атомдардың электрон қосып алу қабілеті (электртерістігі) абсолюттi түрде бiрдей болмайтындықтан, олардың арасындағы байланыста таза ковалентті болмайды. Сондықтан олардың арасындағы ортақ қос электрон электр терістігі аздау элементтер электртерістігі көптеу элементке ауысады да, электрон нанайрыл Ран элемент атомының тотығу дәрежесі оң, ал электроннан айырылып қалған элемент атомының тотығу дәрежесi терiс болады. Тотығу дәрежесiнiң сандық мәні элементтiң берiп жiберген немесе қосып алған электрондарының санына тең болады.
Элементтің қосылыстары тотығуда дәрежесiн есептеп шығару үшін мына жағдайларды естен шығармау керек. Мысалы, сілтлік металдардың (N , L , ,C ) тотығу дәрежесі 1 + сілтілік жер металдардың (B , M , C , S , B R ) тотығу дәрежесі 2+, бордың, алюминйдің дәрежесі 3+-ке тең екенін, ал электртерістігі басым фторды (F-) тотығу дәрежесі 1-, оттектің тотығу дәрежесі 2-, пероксид типтес қосылыстарда ( , N , BaO) оттектің тотығу дәрежесi 1- екенін есте ұстау керек. Сонымен қатар, металл еместермен қосылыстарында сутектің тотығу дәрежесі 1+, ал металдармен қосылыстарында (гидридтерде NaH, Ca ) тотығу дәрежесі 1- болады. Осы келтiрiлген мәлiметтердi пайдалана отырып күрделi қосылыстардағы элементтердiң тотығу дәрежесiн анықтауға болады. Ол үшін молекуладағы атомдардың тотығу дәрежелерiнiң алгебралық қосындысы нөлге тең болады деген ереженi пайдалану керек.
Мысал ретiнде алюминий сульфатындағы Al2(SO4)3, күкiрттiң тотығу дәрежесiн анықтайық. Алюминий сульфатындағы алюминийдің тотығу дәрежесi 3+ оттектікі 2-. Теңдеу құру арқылы күкірттің тотығу дәрежесін табамыз: +3*2+x*3+(-2)*12=0; x=6+.Күкірттің тотығу дәрежесеі 6+.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет