Лкция №1 1 Химия пәні


Лекция № 3 Химиялық байланыстар җәне молекулалар құрылысы



бет9/24
Дата25.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468762
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Лекция об хим

Лекция № 3
Химиялық байланыстар җәне молекулалар құрылысы
Атомдық және иондық байланыстар
Табиғатта элементтердің атомдары бос күйінде ұзақ бола алмайды. Олар бір-бірімен қосылып жай немесе күрделі заттардың молекулаларын түзеді. Атомдардан молекулалар түзілгенде көп жағдайда энергия бөлініп шығады. Энергияның бөлінуі молекулалардың беріктігін арттырады. Молекулалар тұрақтылығының басты себебі оның құрамына кіретін атомдардың арасында химиялық байланыс түзілуінен.
Химиялық байланыстар белгілі бір химиялық реакциялар кезінде үзіліп және түзіліп отырады. Химиялық байланыстың беріктігі оны үзуге кеткен энергия мөлшерімен (кДж/моль) өлшенеді. Табиғатта тек инертті газдар атомдары бос күйінде кездеседі. Оның себебі барлық инертті газдардың (гелийден басқалары) сыртқы электрондық деңгейлерінде сегіз электрондық тұрақты қабат болады.
Басқа элементтердің атомдары бір-бірімен қосылғанда молекуланы құрайтын әрбір атом өзінің ең сыртқы қабатындағы электрондар санын, инертті газдардікі сияқты, сегізге жеткізуге тырысады. Химиялық реакциялар нәтижесінде молекула түзілгенде ондағы әрбір екі атомның арасында бір немесе бірнеше жұп электрондардан тұратын химиялық байланыс түзіледі.
Бұл жұп электрондардың екі атомға ортақ болуы да немес бір атомнан екінші атомға мүлде ауысуы да мүмкін. Бірақ қалай болғанда да молекуладағы әрбір атомның сыртқы деңгейінде, инертті газдардағыдай, сегіз электрондық тұрақты қабат түзіледі.
Бірдей атомдар немесе химиялық қасиеттері ұқсас атомдар атомдық немесе химиялық ковалентті байланыс түзеді. Химиялық ковалентті байланыс полюссіз және полюсті болып екі топқа бөлінеді. Полюссіз ковалентті байланыс. Бір элементтің атомдары полюссіз химиялық байланысты молекулалар түзеді. Мысал ретінде фтор (F2) молекуласының түзілу схемасын келтіруге болады. Көрнекті болу үшін фтор атомдарының сыртқы қабатындағы электрондарын нүкте арқылы белгілейміз. Молекула түзу үшін фтордың әрбір атомы бір электроннан ортақ пайдалануға жұмсайды. Осының нәтижесінде түзілген жұп электрон екі ядроны бірдей айналып жүреді. Фтор молекуласындағы химиялық байланыс бір жұп электрон арқылы түзіледі. Мұны схема түрінде былай көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет