Лкция №1 1 Химия пәні



бет8/24
Дата25.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468762
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Лекция об хим

1.5 Атом ядросының құрылысы
Нейтрондар ашылғаннан кейiн совет ғалымдары Д. Д. Иваненко, Е. Н. Гапон ядро құрылысының протондық-нейтрондық теориясын ұсынды. Бұл теория тұрғысынан қараганда атом ядросы Протондар мен нейтрондардан тұрады. Протон массасы 1 м. а. б., ал заряды +1. Нейтрон массасы шамамен протон массасына тең зарядсыз бөлшек. Протондар мен нейтрондар ядроның екi түрлi күйдегi карапайым бөлшектері. Атом ядросының қасиеттері оның кұрамындағы протондар мен нейтрондардың санына байланысты. Ядродағы протондардың немесе оң зарядтардың саны периодтық жүйедегі сол элементтің реттік нөмiрiне тең болады. Атом ядросының қасиеттерін сипаттайтын екінші жағдай - ол оның массалық саны (А).
Ядроның массалық саны А, оның құрамына кіретін протондар (р) мен нейтрондардың (n) қосындысына тең: 4=+р. Ядродағы протондар саны элементтiң реттік нөміріне тең, ал нейтрондар саны массалық. Ал сан мен протондардың айырмасына тең: Nn -A-N,. Мысалы, калий элементінің ядросындағы протондар мен нейтрондар санын табу үшін оның периодтық жүйедегі реттік нөмiрiн анықтайды. Калийдің реттік нөмірі 19. Яғни протондарының саны да 19-ға тен. Нейтрондарының санын табу үшін оның массалық санынан (39) протондарының санын (19) алып тастайды. Nn-A-Np =39-19-20. Калийдің нейтрондарының саны 20-ға тең.
Атом ядроларын белгілеу үшін элементтiң химиялык таңбасының сол жақ төменгі жағынан оң зарядтардың санын, ал сол 39 - жақ жоғары жағынан массалық санын көрсетеді, мысалы: 1; N; F.
Изотоптар және химиялық элемент
Әр түрлі элементтердің атом ядроларын зерттеу нәтижесі ядро зарядтары бірдей, бірақ массалары әр түрлі атомдар болатынын көрсетті. Мұндай атомдар бiр элементке жатады. Ядро зарядтары бірдей, ал массалық сандары әр түрлі болатын атомдардың түрлерін изотоптар деп атайды. Изотоптардың протондарының саны бiрдей, ал нейтрондарының саны әр түрлі болады. Қазіргі кезде барлық элементтердің 300-ге жуық тұрақты, 1500 радиоактивті изотоптары белгілі. № 43, 61 және 84-105 элементтер тек радиоактивті (тұрақсыз) изотоптардан тұрады. Көптеген элементтер изотоптардың қоспасынан тұрады. Мысалы, калий элементі массалары 39, 40, 41 болатын 3К, К, К, каль- 40 19K, 19K, ций элементі массалары 40, 42, 43 болатын 2) Ca, 2, Ca, 2 c 2 изотоптардың қоспаларынан тұрады.
Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінде орналаскан элементтердiң массалық сандары бүтін сандар екені дәлелденді, ал олардың көпшiлiгiнiң атомдық массалары бөлшек сандар. Бұдан элементтердің атомдық массалары олардың изотоптарының массалық сандарының орташа шамасы екенін көруге болады (әрбір изотоптың проценттік мөлшерін есепке алғанда). Мысалы, кәдiмгi литийдің 92,7% массасы 7 болатын 3Li изотопынан, ал 7,3% массасы 6 болатын 3Li изотопынан тұрады. Сондықтан литийдің орташа атомдық массасы кестеде 6,93. Изотоптардың ашылуына байланысты химиялық элементтер ге дәл анықтама берілді. Ядро зарядтарының саны бірдей атомдардын белгілі бір тобын химиялық элемент дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет