Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық


Өтініш бланкісін толтыру кезінде жіберілген қателерді түзету



бет7/9
Дата17.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

17. Өтініш бланкісін толтыру кезінде жіберілген қателерді түзету





  1. Өтініш бланкісін толтыру барысында жіберілген қателер өтініш бланкілерін сканерлеу есебінің «Қателер хаттамасы» тарауында көрсетіледі. Қателер қою боялған рамкада көрсетіледі. « / » (қисық сызық) белгісінен кейін осы нұсқаулықтың 35 қосымшасына сәйкес қателер коды көрсетіледі, егер қателер бірнешеу болса, үтір арқылы бөлінеді.

  2. Өтініш бланкісіндегі қателерді бітіруші түзетеді. Өтініш бланкісі қарындашпен толтырылатындықтан, қате толтырылған секторларды түзетуге болады.

  3. Анықтаманың 1-секторындағы мәліметтерде қате кеткен жағдайда, сол мәліметтерді өзгерту үшін, осы анықтаманың 2-секторына өзгертуге тиісті мәліметтер ғана енгізіледі және ол туралы техникалық хатшы хабардар етіледі. Техникалық хатшы бітірушінің өтініш бланкісіне өзгертулер енгізуін бақылайды. Бітірушінің өзгертілген тіркеу жөніндегі анықтамасы ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылады.

  4. Қателер түзетілгеннен кейін өтініш бланкісі «Өтініш бланкілері» папкасына салынып, сканерден қайта өткізуге жіберіледі.

18. «Бітіруші» ДБ-ның жағдайын бақылау





  1. Сканерден өткізілгеннен кейін техникалық хатшыға бітірушілерді тіркеу жөніндегі анықтамалар, анықтамаларды беру тізілімі мен деректер базасы жөніндегі мәлімет беріледі.

  2. Техникалық хатшы:

  1. өтініштерді тіркеу журналы мен деректер базасы жөніндегі мәлімет журналының тізімін салыстырады, ал бұл әрбір өтініш бланкісінің жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді;

  2. өтініштерді тіркеу журналының «Сканерлеу нәтижесі» бағанына келесі жағдайлардың біреуін белгілеп отырады: «енгізілді», «өзгертілді», «жойылды»;

  3. «Өтініш бланкілері» папкасындағы бітірушілердің базасына енгізілген өтініш бланкілерін тексереді;

  4. «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасындағы «Бітіруші» ДБ-дан жойылған бітірушілердің өтініш бланкілерін тексереді;

  5. Қалып қойған ТЖК-лар болса тексереді де, себептерін анықтап, тиісінше түзетулер енгізеді.

  1. Жоғарыда көрсетілген шаралар төмендегі қателерді жібермеуге мүмкіндік береді:

  1. өтініш тіркеу журналына енгізілген, бірақ ДБ-ға енгізілмеген және тіркеу туралы анықтама берілмеген;

  2. өтініш тіркеу журналында жойылған, бірақ ДБ-да жойылмаған;

  3. өтініш ДБ-да жойылған, бірақ өтініштерді тіркеу журналында жойылғандығы туралы белгіленбеген;

  4. өтініш ДБ-ға енгізілген, бірақ тіркеу журналында тіркелмеген.



19. Бітірушінің мәліметтеріне өзгерістер енгізу





  1. Базаға енгізілген бітірушінің мәліметтеріне өзгерту енгізгенде, оның өтініші өзгертіледі немесе жойылады. Бітірушінің емтихан тапсыру тілі немесе ТЖК секторларына өзгерту енгізілетін болса, онда өтініш бланкісі жойылады да, қайтадан енгізіледі. Келесі деректердегі: бітірушінің аты-жөні, жынысы, ЖСН, азаматтығы, ұлты, туған жылы, білімі туралы мәліметінде кеткен қателерді түзету жолымен алмастыруға болады.

  2. Бітіруші туралы деректерді жою кезінде техникалық хатшы:

  1. өтініштерді тіркеу журналының «Құжаттарды қайтарып алған кездегі бітірушінің қолы» бағанына бітірушінің қолын қойдырады;

  2. бітірушіні тіркеу жөніндегі анықтаманы алып, оған «жойылды» деп белгілейді де, оны «Жойылған бланкілер» папкасына салады;

  3. бітірушінің өтініш бланкісіндегі «жойылды» дөңгелекшесін бояйды және оны қайтадан сканерден өткізуге береді және сканерден өткеннен кейін бланкіні «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасына салады;

  4. ескі өтініш бланкісі сканерден өткізіліп, бітірушінің мәліметтері ДБ-дан жойылғаннан кейін, өтініштерді тіркеу журналының «сканерлеу нәтижесі» бағанына «жойылды» белгісін қояды;

  5. өтініштерді тіркеу журналының бос жолына бітірушіні өзгертілген мәліметтеріне сәйкес қайтадан тіркеп, оған жаңа ТЖК береді;

  6. бітірушіге жаңа өтініш бланкісін береді, оны толтырғаннан кейін сканерден өткізуге ҰБТӨП-ке жібереді;

  7. жаңа өтініш бланкісі сканерден өтіп, ДБ-ға басқа ТЖК енгізілгеннен кейін, бітірушіге тіркеу жөніндегі жаңа анықтама береді.

  1. Бітірушінің аты-жөні, жынысы, ЖСН, азаматтығы, ұлты, туған жылындағы деректерін өзгерту барысында өтініш бланкісіне сәйкес өзгерістер енгізіп, «өзгертілді» дөңгелекшесін бояйды және оны сканерден қайтадан өткізуге береді.

  2. Сканерден өткізілгеннен кейін өтініш бланкілері «Өтініш бланкілері» папкасына салынады.



20. Өтініштерді тіркеу журналын жабу





  1. Өтініштер қабылдаудың соңғы күні өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі. ҰБТӨП-тің өтініштер журналы 2 данада басып шығарылып, «Бітіруші» ДБ жабылады:

  1. ҰБТӨП инженері осы нұсқаулықтың 36 қосымшасына сәйкес техникалық хатшының журналын, ДБ туралы ақпаратты басып шығарып, оларды салыстыру үшін техникалық хатшыға береді;

  2. техникалық хатшы тіркеу журналын техникалық хатшының журналымен, ДБ туралы мәліметтерімен салыстырады. Қате табылған жағдайда, оны түзету жөнінде шаралар қолданады;

  3. соңғы өтінішті тіркеуден өткізгеннен кейін, өтініштерді тіркеу журналының келесі бірнеше жолы «Z» белгісімен сызылады. Журналға мектеп директоры мен ҰБТӨП жетекшісінің қолдары қойылады;

  4. ҰБТӨП инженері ҰТО-дан «Бітіруші» ДБ-ны жабу үшін пароль алады;

  5. ҰБТӨП инженері «Бітіруші» ДБ қорытынды файлын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жібереді;

  6. ДБ жабылғаннан кейін барлық өтініш бланкілері «Өтініш бланкілері жинағы» папкасына синхрондық жолағы жоқ жағынан тігіледі;

  7. тіркеу журналы мен «Өтініш бланкілері жинағы» папкасы ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылып, ҰТО-ның нұсқауына дейін ҰБТӨП-те сақталынады.

  1. Тестілеуге қатысуға өтініштер журналы мен «Бітіруші» ДБ жабылғаннан кейін ДБ-ға өзгерістер енгізілмейді. «Бітіруші» ДБ жабылғаннан кейін бітірушінің аты-жөніде, туған жылында, жынысында, азаматтығында, ұлтында байқалған қателер бітірушінің мәліметтерін өзгерту журналына міндетті түрде толтырылады. Сонымен қатар, бітірушінің аты-жөні «ё» әрпі мен «ъ» белгісінен тұратын болса, ашық жері болса, сызықша арқылы жазылатын болса және секторға сыймаса, осы өзгерту журналына енгізіледі.

  2. «Бітіруші» ДБ қабылдау кезінде «Министрлік программисі» АЖО-сына тиісті өзгерістер енгізу үшін өзгерту журналы Министрлік программисіне беріледі.

  3. Аудиториялық қор мен тестілеуге берілген өтініш сандарының сәйкестігі тексерілгеннен кейін бітірушілерді тестілеу тапсыру үшін аудиториялар бойынша бөлу автоматты түрде жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет