93
екі топқа (тағанға) жіктеліп, бөлініп тұрған тұрақты сөз орамы» деп анықтайды [4,15].
Мысалы: 1) бетегеден биік, жусаннан аласа; 2) әулиеге ат айтып,//қорасанға қой айтып; 3)
ақ дегені алғыс,//қара дегені қарғыс; 4) ай дер ажа жоқ,//қой дер қожа жоқ т.б.
Олай болса, жоғарыда келтірілген мысалдардың құрамындағы компоненттерді
мифтік-танымдық
құрылым негізінде салыстырып, былай түсіндіруге болады: бірінші
мысалдағы биік-аласа, ғаламның мифтік моделіндегі аспан-жер, жоғары-төмен жұптары
арқылы, екінші мысалдаш ат-қой жұптары, жылқы - аспандікі,
қой - жердікі, үшінші
мысалдағы ақ-кара, ақ - өмір, қара - өлім, төртінші мысалдағы ажа -қожа, аталық-аналық
дегендерді білдіреді. Демек, қос тағанды фразеологизмнің моделін: А+В деп шартты
белгілеуге болады. Мысалы:
Ақ дегені алғыс, // Қара дегені қарғыс
Аз да болса, // Көптей көр
Күле кіріп, // Күңірене шығып
Іші өлген, // Сырты сау
Мұны жоғарыдағы бірінші тарауда айтылған А мен В немесе А (М) В логикалық
механизіміне сай түсіндіруге болады. Сонда үш тағанды фразеологизмдердің құрамы
мифтік танымдағы А (М) В логикалық механизімінің тілімізде әлі де жұмыс істеп
тұрғандығының нәтижесі екендігін көрсетеді. Мысалы:
А М В
Аузын үріп,
Аяғын сырып, Табанын қырып
Үш тағанды фразеологизмнің құрылымын модель: А+М+В моделімен белгілесек, ол
мифтік құрылымның жоғары дүние, орта дүние, жер асты яғни А (М) В моделі бойынша, А
- ауыз, М - аяқ, В - табан дегенмен сәйкеседі. Осындай модельдер түркі халықтарының сөз
ескерткіші «Күлтегінде»: ішре ашсыз ташра тонсыз йабыз-йаблақ будунта (іші ассыз, тысы
тонсыз жаман-жәутік жұртта) деген сияқты фразаларда кездестіреміз. Түркі халықтарының
сөйлеу тілінде, одан соң мақал-мәтелдерінде, ауызекі сөз үлгісінде түбір сөз ұйқасы,
қосымша ұйқас, дыбыс ұйқас өте ертеде өзара бірлікте туған мағына жағынан жақын сөздер
(йабыз-йаблақ, сүгіт-йымшақ), мағына жағынан қарама-қарсы сөздер (іш-таш, ішре-ташра)
әуелі жалаң тіркес, содан соң жұп тіркес құрау арқылы сөйлемді гармонияға келтіру талабы
туды. Сөйлемдегі гармония, теңдік, жұптық, тепе-теңдік шартына бағына келе сөйлеу
материалдарынан дайын үлгілерді жіктеп шығарды. Бұлар одан соң модель,
қалыпқа
айналды да, екінші кезекте өздері сондай дайын үлгілерді (модельді сөздерді) жасауға негіз
болды. XV ғасыр жазба ескерткіштеріндегі:
//Ішре//аш ~сыз//, ташра//тон-сыз//
I түріндегі жұп тіркестср, XI ғасыр жазба ескерткішіндегі:
//Кіші аласы//-іч-тін//,
//йылқы//аласы//таш-тын//.
//Ал-ым-чы//арслан//, //бері-ім-чі//сычған//
деген сияқты жұп тіркесті мақалдар да осы модель-қалыптан шыққан.
Қос тағанды фразеологизмдердің құрылымына қатысты айтылған осы қағида мен
осы тараудағы бинарлық жүйе туралы тұжырымдарымыз сәйкесіп жатыр. Қос тағанды
фразеологизмдер тағанаралық компоненттердің контрастивті мағынасы негізінде жасалса,
мифтік танымның негізгі құрылымдық белгісі бинарлық қарама-қарсылықтардан тұрады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. 1-кітап. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004.
2. Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и
лингвокультурологический аспекты. М: Школа языка и русской культуры, 1996.
3. Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. Алматы: Ғылым,
1998.