87
Адам баласын түпсанадан бiрiктiрiп тұрған мифтiк архетиптiк символдар
адамдардың психо-соматикалық, рухани-танымдық iс-әрекеттерiн басқарады. Бiрақ,
Серiкбол мифтiк танымның жалпыадамзаттық табиғатын мойындай отыра, мифтiң
арғықазақтық, дейтүркiлiк негiзiн сақтап қалуға, ондағы ұлттық танымдық құндылықтарды
барынша жарқыратуға көңiл бөледi. Себебi, дейдi ол, әлемдiк мифологиялық жүйелердiң
қаймағы бұзылмай сақталып қалған жалғыз көз - қазақтың ұлттық тiлi мен мәдениетi. Бiздiң
тiлiмiздегi кез келген сөз - символ. Себебi, оның аржағында мифтiк мазмұн жатыр.
Әр халықтың, мәдениеттiң, дiннiң өз мифi бар. Тек осы мифтiң танымал болу
дәрежесi әр халықта әр түрлi. Бiреулер оны дамыған күйiнде сақтай алса, екiншiлерi оны
сақтай алмаған, ал үшiншiлерi өздерiнiң тiлiндегi, фольклорындағы,
мәдениетi мен
өнерiндегi мифтi танып, таба алмайды. Өйткенi, әр халықтың тарихи тағдыры әр түрлi
болып шыққан, сондықтан, мифтiк мұраны түсiнудiң, оның жасырылған шифрларының
кiлттерiн тауып ашудың нәтижелерi түрлiше болып шығады, дейдi Серiкбол [1.26].
Расында да ұлттық мәдениеттiң кiлтiн кез келген халық өкiлi аша алмайды, ол үшiн
сол тiлде сөйлеп, сол тiлде ойлап, сол халықтың топырағында аунап, суын iшiп, ауасымен
демалу керек. Себебi, мәдени кодты ашудың кiлтi сол атрибуттармен тiкелей байланысты.
Мифке жеке iлiм ретiнде көңiл бөлу 18-шi ғасырда өмiр сүрген итальяндық философ
Дж. Виконың 1725 жылы жарық көрген «Основания новой науки об общей природе нации»
деген еңбегiнен басталады. Мифтiк шығармашылықтың, алғашқы қауым адамының болмыс
жағдайларына бейiмделуiне мүмкiндiк беретiн ерекше тәсiлдерi көрсетiлген мифтер
«адамзаттық ақыл-ойы сөздiгiнiң» тұңғыш басылымы деп көрсетедi [2.377].
19-шы ғасырдың екiншi жартысында мифологияны қарастырудың негiзгi екi
бағытын атап өтуге болады. Оны бiрiншiсi - Я.Гримм, А.Кун, В.Шварц, В.Манхардт,
М.Мюллер, А.Афанасьев, А.Потебня, т.б. ғалымдар бастаған мектеп. Ол үндiеуропалық
салыстырмалы-тарихи тiл бiлiмiнiң ғылыми жетiстiктерiне және үндiеуропалық тiлдердегi
этимологиялық
салыстырулар
арқылы
көне
үндiеуропа
мифологиясын
реконструкциялауға, жаңғыртуға негiзделген. Екiншiсi - анропологиялық және
эволюционистiк мектеп. Оның негiзгi өкiлдерi Э.Тейлор, Э.Ленг, Г.Спенсер сияқты
ғалымдар болды. Бұл мектептiң негiзгi бағыты - салыстырмалы-этнографиялық
зерттеулердi адам дамуы туралы ғылыми нәтижелермен тығыз байланыста қарастыру.
20-шы ғасыр басында ағылшын этнографы Б.Малиновский этнографиядағы
функционалдық мектептiң негiзiн салды. Осымен байланысты ол мифтi символдық,
аллегориялық, т.б.
мағынаны бiлдiретiн аңыз, әңгiме ғана емес, сонымен бiрге әлем мен
адам дүниесiне ұласатын ақиқат шындық деп таниды.
Француздың социологиялық мектебi – Э.Дюркгейм, Л.Леви-Брюль, т.б. Ғалымдар
мифтi әлеуметтiк психологиямен бiрлiкте қарап, тотемдiк мифологияны рулық
қауымдастықтың алғашқы моделiн жасаушысы ретiнде көрсеттi.
Бұдан кейiнгi зерттеулер мифтiң мәнiнен гөрi, мифологиялық ойлаудың танымдық
ерекшелiктерiн ашуға бағытталады. Нақтылап айтсақ, мифтiң психоаналитикалық
концепциясын жасаушылар З.Фрейд, К.Г.Юнг, т.б. ғалымдар адамның психикасындағы
құбылыстарды алғашқы қауымдық кезеңнен қалған «архаикалық қалдықтар» немесе
«архетиптермен» байланыстырса, мифтiң құрылымдық
теориясын ұсынған француз
этнологы К.Леви-Стросс мифологиялық ойлау ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, мифтiң
сансыз мағыналық трансформацияға бейiм екендiгiн көрсетедi [3.161-171].
Мифтiң символдық теориясының негiзiн салушылардың бiрi – немiс философы
Э.Кассирер. Ол мифтi тiл мен өнер сияқты мәдениеттiң дербес символдық формасы ретiнде
қарастырады. Оның мифтiк символизмi бойынша, айналадағы деректi-сезiмдiк заттар
белгiлi бiр символдарға, таңбаларға айналу арқылы ғана санаға сiңедi, деректi заттар
өздерiнiң деректiлiгiнен айрылмай-ақ басқа заттар мен құбылыстардың таңбасы бола
алады, осылайша мифология өзiндiк шешуi бар жұмбаққа айналады [4.66].
Мифологиялық теориялардың барлық түрiнiң тоғысатын жерi – мифтiң
жасампаздық қасиетi. Немiс психологиялық мектебiнiң негiзiн салған ғалым В.Вундт
88
мифтiк танымның осындай ерекше қасиетiнiң мәнiн анықтауды ең басты мәселе етiп қойған
болатын. Ол мифтiк танымның өмiршеңдiгiн, оның өз формасын өзгертiп отыру арқылы
жалғаса беретiн үздiксiз процесс екендiгiн көрсетедi.
Мифтiк сананың адамның дүниетанымына осылай үздiксiз әсерiн зерттеу iсiн
аналитикалық психологияның негiзiн салған швецариялық ғалым К.Г.Юнг одан әрi
дамытады. Оның мифологияны архетиптiк образдар арқылы түсiндiретiн
мына қағидасы
өте құнды: «Архетипические образы всегда сопровождали человека, они являются
источником мифологии, религии, искусства. По существу, архетипы представляют собой
бессознательное содержание, которое изменяется, становясь осознанным и воспринятым;
оно претерпевает изменения под влиянием того индивидуального сознания, на поверхности
которого оно возникает» [5.120].
Мифтiк архетиптi реконструкциялау сөздiң, тiлдiң көмегiнсiз iске аспайды,
сондықтан, мифтi қалпына келтiру әрекетiне тiлдi, байырғы сөздi қалпына келтiру әрекетiн
қосақтауға тура келедi. Осы екеуi - сөз бен миф – бiр-бiрiне қосақтала, бiрiн-бiрi жетектей
жүрiп, бiр-бiрiнiң жетiспес жерiн толықтырады, бiр-бiрiнiң қателiктерiн түзетедi, осылайша
бiр-бiрiне көмектесе жүрiп, өздерiн өздерi қалпына келтiредi, жаңадан, қайтадан тудырады.
Мифтiң дүниежүзiлiк тарихи құбылыс екендiгiн тану – мифтiк бастапқы интуиция
(Канттың терминологиясында «синтез первоначального целого») қайдан пайда болды,
феноменологиялық жағынан алғаш пайда болғанда қандай мазмұнға ие болды деген
мәселелердi анықтаумен қатар жүредi. Серiкболда бұл Нұр немесе Құдайы құдiрет,
Абсолют, ал оның адамдарға, жер бетiне түсірiлетiн доктринасы Iлкi төр деп аталады.
Яғни, мифтiк сананың құрамды бөлшектерi де дәл сондай бiр-бiрiмен өте тығыз
байланысқан қабатталу, кiрiгу,
бiрiне-бiрi өту, ұласу, тұтасу болып келетiн бiртұтас
танымдық жүйенi құрайды, сондықтан оның кез келген бөлiгiн тек осы жүйенiң iшiнде
қарастыру қажет [6.149].
Жоғарыда тоқталып өткен мифологиялық мектептердiң идеялары, сөз жоқ,
Серiкболдың iзденуiне, оның қиялын шалқытып, батыл шешiмдер қабылдауына әсер еттi.
Бiрақ, осы тақырыпқа барудағы оның негiзгi мақсаты – тарихи даму тұрғысынан алғанда
ғылыми қисындары бар, бiрақ бұрмаланып, бiржақты түсiндiрiлiп келген теорияларға
жаңаша көзбен қайта қарау.
Серiкбол – құбылыс. Құбылыс болғанда, дәл бүгiнгi бiз өмiр сүрiп отырған уақытта
болмай қалуы, тумай қалуы мүмкiн емес, нағыз танымдық қажеттiлiктен, рухани
шөлдеуден (тарихта мұндай құбылыс «тоска по гению» деген атаумен берiлгендiгi белгiлi)
келiп туған құбылыс. Себебi, заман ағымының белгiлi бiр кезеңi өзiнiң бойына мыңдаған
идеялардың жаңаша трансформациясын жинаған феномен, идеал, дара тұлғаны жарыққа
шығарады, ол кенеттен пайда болмайды, аталған қасиеттердiң бәрi жинақтала келе,
жоғарыдағы Ұғанның (Жаратушының) құдiретiмен бiр «нүктеге» тоғысып, белгiлi бiр жан
иесiне
берiледi, яғни, Серiкболды осылай таңбаланған, белгiленген, Жоғары құдiреттiң
адамдарға жiберген елшiсi деп қабылдауға тиіспіз. Оған Серiкболдың бiрiнен-бiрi
туындайтын (жiбек арқанды тарқатқандай есiлiп тұрған, бiр ұшын ұстасаң өзiнен-өзi
шешiлiп сала беретiн) жүйелерiнен көруге болады. Мысалы: Нұр, Құдайы құдiрет, ноқат,
көрiлмес, көресiн, Абақ таңба, шоғым таңба, бинарлық, триадалық жүйелер, елексету, Iлкi
төр, Төретам, Не-ме-не, Ң дыбысы (бұл тiлшi-ғалым Б.Сағындықовта силлабофонема деген
терминмен өрнектелген). Бұлар - өзiнiң тереңiне тартып кететiн тылсымдар, жабық
жүйелер.
Бiз Серiкболдың еңбегiне бірден талдау жасаудан гөрi, ең алдымен оны тұтастай
қабылдауға, ұғынуға, түйсiнуге, не айтқысы келгендiгiн сезiнуге кеңес берер едiк.
Сонда
ғана келесi бiр таным деңгейiне Серiкболдың түсiрген жарық сәулесінің көмегiмен өтуге
мүмкiндiк туады.
89
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Бiрiншi кiтап. Алматы: Дайк-Пресс, 2004.-
512 б.
2. Философский словарь. Москва: Советская энциклопедия, 1983. – 837 с.
3. Мелетинский Е.М. Мифологические теории ХХ века на Западе. Вопросы
философии. №7, 1971.
4. Свасьян К.А. Философия символических форм Э.Кассирера: критический анализ.
М., 1989.-237 с.
5. Юнг К.Г. Архетип и символ. Перевод; В. В.Зеленский. - М.: Ренессанс, 1991. -304
с.
6. Давидсон Б. Африканцы: Введение в историю культуры. М.: Наука, 1975.-277с.
Достарыңызбен бөлісу: