95
қазақ, ноғай, татар, башқұрт, қарақалпақ, өзбек, түрікмен халықтары өздерінің рухани
тұтастығының түп бастауын табатыны сөзсіз.
Маңғыстаудан шыққан танымал зерттеуші Серікбол Қондыбай Мұрын жыраудан
жазып алынған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклі бойынша 112 топонимді
анықтаған, олардың 32-сі Маңғыстау мен Үстіртте бар немесе осы географиялық
кеңістіктегі жер-су атауларына жуықтайтын атаулар дейді [3]. ҚҚБ-на жатқызылатын 30-
дан астам жырдың әрқайсысының 10-нан 20-ға дейін нұсқаларын
зерттеу барысында
олардың мәтініндегі 200-ден астам топономикалық, антропонимдік, этнографиялық
атаулар мен ұғым-түсініктің бар екенін анықтадық. Сондай-ақ, Маңғыстаудық Қара ойы
мен Үстіртте шашырап жатқан ноғайлы билері мен батырларының атымен аталатын оба,
қойылымдықтар да ноғайлы заманының бағзылық белгілері екені сөзсіз. Осындай ноғайлық
пантеондардың бірқатары – Маңғыстаудың Қараойында шоғырланған Едіге ұрпақтарына
байланысты мола-ескерткіштер.
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеден оңтүстік шығысқа
қарай 40 шақырымда Қарауылкүмбет биігі деп аталатын аласа таулар сілемі бар (1-сурет).
Қарауылкүмбеттің үстінде, жергілікті ақсақалдардың айтуынша, ежелгі ноғайлыдан қалған
қойылымдықтар жатыр. Қарауылкүмбет қойылымдығы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-
мәдени қорық қызметкерлерінің анықтауы бойынша, ХІҮ-ХҮІ ғасырларға тән ескерткіш
ретінде тіркелген. Қойылымдықтардың қатарында төбенің биіктеу тұсында бүгінде
жартылай бұзылған, бірақ аса көрнекі ғимарат тұр. Мамандардың көрсетуінше, ғимарат
Маңғыстау күмбезтамдарының ішіндегі сәулеттік құрылысы ерекше, ежелгі тас
шеберлерінің керемет қолтаңбасы болып табылады. Жергілікті өлкетанушы, жыршы –
Ақылбек Өтеш 2015 жылы ғимараттың қасбетінде «Шаһидулла Едіге», кесененің төменгі
жағында «...Едіге баһадүр
бұ бас би болдұ, баһадүр болдұ» деген араб графикасымен
таңбаланған жазуды анықтады. (2-сурет). Бұл «Қырымның қырық батыры» жырлар
цикліндегі «Едіге батырдың» бас қаһарманы Едігенің прототипі – Алтын Орданың атақты
биі, беглер бегі, Ноғай Ордасының негізін қалаған, талай жыр мен аңыздың тууына негіз
болған атышулы Едігеге салынған кесене болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа жауап табу үшін
Едігенің өлімі мен жерленуіне байланысты деректерді қарастырдық.
Едіге туралы жырлардың Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев, М-Ж. Көпеев жазып алған
нұсқаларында Едіге Тоқтамыстың ұлы Қадірбердінің (кейде күңнен туған Кейқуаттың)
қорлығына шыдай алмай, күйіктен өледі [5]. Татар, ноғай нұсқаларында да Едіге
Қадірбердімен соғыста қаза болады [6; 7]. М.Көпеев Едігенің жерленген жері туралы:
«..Ұлытауға аманат қойған екен. Ұлытауға аманат қойған жайын «Ақ мешіт әулие» атап
кетіпті» [5, 138], – деген аңызға негізделген дерек айтады. «Едіге» жырының Румыниядағы
ноғайлардан жазып алған нұсқасында Едіге Қадірбердіні жасақтарының бірінің қолынан
Бес Оба деген жерде опат болады.
Едігенің Тоқтамыстың ұлы Қадірбердінің қолынан ұрыс үстінде мерт болғандығы
Қ.Жалайыридің шежіресінде [8, 118-119] және соған негізделген басқа да зерттеулерде
айтылады.
Академик В.М.Жирмунский де араб тарихшысы эл-Айнидің дерегіне сүйеніп,
Едігенің Қадірбердінің қолынан қаза тапқанын растайды [9, 373]. Татар эпостанушысы
Ф.Урманче ноғай халқының тарихы мен этнографиясына арналған зерттеу еңбекке сүйеніп,
Едігенің Қадірбердінің өзінің емес, оның жасақтарының қолынан мерт болғандығын айта
келіп, Едігенің қайтыс болған жері туралы бірі – Алтын Орда территориясында, екіншісі –
Қырымда деп көрсететін екі түрлі версияның бар екенін айтады [10, 136]. Ә.Сарай
Қадырғали Жалаиридің «Шежірелер жинағындағы» дерек негізінде: «Едіге 63 жасында
Елек суының іргесінде Үшбөртеде опат болды... Оны ләшкербасы Хажы Мұхаммед оғлан
(сібірлік Көшім ханның бабасы) әке-бабаларының аруақ орны Құмкент, Баба Түкті Шашты
Әзіз жанына жеткізе алмай, Ұлытауға жерледі» [11, 67], – деп, Едігенің өлген, жерленген
жерін нақтылай түседі.
96
Сонда Едігенің дүниеден озған, уақытша жерленген жері – Ұлытау, кейінгі мәңгі жай
тапқан орны – Қаратаудың баурайындағы Баба Түкті Шашты Әзіз әулиенің қасы болып
шығады. Ал жоғарыдағы тарихи дерекке сүйенсек, Едіге Жайық өзеніне құятын Елек
өзенінің бойында Үшбөрте
деген жерде қайтыс болып, сүйегін Құмкенттегі Баба Түкті
Шашты Әзіз әулиенің қорымына жеткізе алмағандықтан, Ұлытауға жерлеген. Тарихи
деректе де, эпикалық аңыздауда да Едігенің жерленуіне қатысты ортақ идея бар, ол:
Едігенің денесін бастапқы қайтыс болған жеріне жерлемей, басқа жерге алып кету және
міндетті түрде Баба Түкті Шашты Әзіз әулиенің қорымына жақын жерлеу. Ғалым
Р.Бердібаев: «Ресми жазба құжаттарда Едігенің нақтылы қай жерде қайтыс болғандығы
жөнінде сенімді тұжырым кездеспейді» [3, 34], – дейді. Ғалымның осы пікірі де Едігенің
қайтыс болған немесе жерленген орны туралы қорытынды тұжырым айтуға әлі ерте
екендігін көрсетеді.
Едігетану саласында көлемді еңбек жазған А. Құнтөлеуұлы: қазақта 4 Едіге
болғандығын айтады: біріншісі – XIV ғ. өмір сүрген қолбасы Едіге Танашұлы, екіншісі –
Ноғай Ордасының биі, бәрімізге танымал Едіге, үшіншісі – XVII ғ. аяғы, XVIII ғ. басында
өмір сүрген Арғынның Қаржас руынан шыққан саясаткер Едіге, төртіншісі – Ақсақ
Темірмен
жақын туыс, барлас руынан шыққан жауынгер Едіге. Осы Едігелердің ішінде
Едіге Танашұлы, автордың мәліметі бойынша, Ұлы тау бөктерінде жерленген. Осы жерде
бізге Ұлытаудағы осы Едіге Танашұлының бейіті болуы мүмкін-ау деген күдікті ой келеді.
Аталған кесенені тарихи Едігемен байланыстыруымызға осы өңірдегі
(Маңғыстаудың қара ойы) Едіге есімін айшықтай түсетін жер-су, мола, оба атауларының
шоғырланып келуі де себеп болып отыр.
Қарауылкүмбеттен әрі Жаңашаның тауы созылып жатыр (4-сурет), осы тауға
жалғасқан Баба түкті шашты Әзіз биігі бар. Таудың жалпақтау жонында екі бейіт
қарауытады, оның бірі Баба Түкті бабамыздың жатқан жайы болса, екіншісі – оның қызы
Шашты Әзіз анамыздың бейіті (5-6-суреттер). «Едіге», «Парпарияя», «Орақ-Мамай»,
«Қарасай-Қази» жырларында Баба Түкті Шашты Әзіз Едіге ұрпақтарының арғы бабасы,
қасиетті әулие ретінде көрінеді.
Баба Түкті Шашты Әзіз биігінен шығысқа қарай көлденеңнен созылып жатқан
Алаешкі тауының етегінде, жолдың сол жақ бетінде даланың қара бұжыр тастарынан
қаланған ежелгі ноғайлының стиліндегі көп қорым бар. Осы қорымдардан әріректе,
шамамен 100 метрдей төменде үлкен қара мола жатыр. Бұл – жергілікті ақсақалдардың
айтуы бойынша, Ноғайлының биі әрі батыры Орақтың бейіті Алаешкі тауының маңында
Орақтың үңгірі болған деп те айтады Мамайтөрткүлді жергілікті халық Алтын Орданың
ұлық биі Шах-Мамайдың есімімен байланыстырады. Жырлар циклінде Мамай ноғайлының
биі әрі батыры ретінде суреттеледі. Мамайтөрткүлдің үстінде
ноғайлы жұртынан қалған
ескі қорымдар бар. «Аң аулаған аңшы мен мал баққан малшылар Мамай төрткүлдің басына
шығып, Мамай батырдың бейітін көрген екен...» деген ауызекі әңгіменің шындығын
анықтаудың әзірге сәті түсе қойған жоқ. Мамай төрткүлдің сыртында Мамай қорғаны
жатыр. Жан-жағы шыңмен қоршалған, аумағы атшаптырым ашықтық бағзы бір замандарда
Мамай Ордасының күрендері орналасқан ескі жұртты көз алдымызға елестететіндей...
Аталған кесенені тарихи Едігемен байланыстыратын себептеріміз бірнешеу: 1.
Алдымен кесенеде араб әрпімен «Едіге бас би болды, баһадұр болды» деген жазудың
болуы. 2. Едігенің бабасы (жырдың кейбір нұсқаларында әкесі ретінде де көрінетін) болып
саналатын Баба Түктінің, оның қызы Шашты Әзіздің бейіті аталған қорымның Едіге
кесенесіне жақын орналасуы. 3. Маңғыстаудың қара ойында жырлар циклінің бас
қаһарманы, Ноғай Ордасының тарихи тұлғасы Едіге және оның ұрпақтары – Орақ, Мамай,
Қарасай, Қази, Қараүлек, Қарашаш, Манашы, Күйкен, Әділ есімдерінің географиялық
атаулар, киелі орындар ретінде сақталып қалуы; 4. Жырлар циклінде (қазақ, қарақалпақ,
ноғай, башқұрт, татар тілдеріндегі нұсқаларында) ноғайлы жұрты мен оның жау елінің
поэтикалық географиясындағы атаулардың Маңғыстау аймағынан табылуы. Аталған
кесененің маңында Маңғыстаудағы ең биік нүктесі – Бесшоқының (Отман таудан 56 м.
97
биік), жырдағы Мамай ханның ордасы Хантөрткүлдің болуы; 5. Академик Р.Бердібайдың
көрсетуі бойынша, Едігенің туған, өлген жері туралы нақты тарихи дерек жоқ; 6. Едігенің
Алтын Орда территориясында, өз Ордасында мерт болып, Баба Түкті Шашты Әзіз бейітінің
жанында, Қара не Ұлытау бөктерінде жерленуі туралы дерек.
Үстірттегі Қарақозы Қостам, Ойдағы: Қожакүмбет, Көкімбет, Ақшора Белтұран,
Шолақтам, Кенті-Баба, Құсым, Қазбайырдың тамдары, Қосмола, Құсым ноғайлы стиліндегі
ғимараттар екені түсінікті. Қарауылкүмбеттегі кесене де осындай стильде салынған.
Жырлардың «Қырымның қырық батыры»
жырлар тізбегі ретінде
қалыптасуы, Маңғыстау жыраулық дәстүрі арқылы тұтас жырланып жетуі, ноғайлы
жырларының поэтикалық, географиялық ареалының басқа емес, Маңғыстау аймағы болуы
тегін еместігі сөзсіз.
Бұл ноғайлы жырлары мен Маңғыстау феноменіне қатысты кешенді
Достарыңызбен бөлісу: