90
атамекен, атажұрт т.б.) пен оның сыртындағы жағымсыз хаостық кеңістікке (яғни
сиқыршы, зұлым күштердің мекені) бөлінеді.
Мифолог-ғалым С.Қондыбайдың «Арғықазақ мифологиясы» атты зерттеуінде осы
игерілген космостық кеңістік, яғни ата-бабаларымыздың аяғымен басып, көзімен көрген
танымдық жарық сәулелері түскен рухани кеңістігі көрсетілген. Оны Ілкі төр – құдайы
құдіреттің материалданған нәтижесін бойында сақтап, қорғап, қажетіне қарай ырқын
(доктринасын) адамзатқа жеткізіп тұратын дәстүр, орталық ретінде түсіндірген. Яғни
символдық тұрғыдан алғанда, Ілкі төр дегеніміз – ілкі тұрпат. Жер бетіндегі барлық уақытта
өмір сүрген адамдар үшін Ілкі төр біреу болған, бірақ уақыт өте адамзаттың өз кінәсінен
ілкі төрмен байланыс үзіледі де, орнына әртүрлі тек төменгі дәрежедегі көшірмелері,
ұқсамалары, ұлттық түрлері пайда бола бастайды. Сонымен ілкі төр –
Жоғарғы Рухани
орталық, ал Төретам ұлттық Рухани орталық болып саналады.
Ғалым қай халықтың болмасын, қандайда бір өзіндік рухани орталығы болады деп
есептейді. Халықтың өмір сүруі де осындай рухани орталықтың күш-қуатына тікелей
тәуелді; рухани орталық, рухани бағдарсыз қалған халық бірте-бірте өз сипатынан айрыла
отырып жойылып кетеді, не басқаға сіңіп кетеді дейді [3.53].
Ежелгі дүниенің рухани тамырларын әдебиеттану тұрғысынан зерттеп жүрген ғалым
А.Ж.Жақсылықовтың айқындауынша: «На уровне матричного семантического ядра в
казахском эпосе, как правила, сущестеует внутренний духовный прообраз народного
единства – мифологическое пространство – Атамекен» [4.13]. Бастапқы космостық кеңістік
хаостың қойнауында пайда болған болса, соңғы ғаламдық құрылымдарда хаос –
зұлымдықтың бейнесі ретінде шалғай шетке ығыстырылады. Аспан мен жердің телегей
теңізден бөлініп жаралғаны туралы түсінік жаһаңда үш түрлі әлем аспан, жер, жер асты бар
деген сенім тудырған. Мифтік ғаламның горизонталь моделі орталық пен шеттің қарама-
қарсы қойылуына негізделеді. Бұнда басты көрсеткіштер – орта кіндік пен төрт тарап: оң-
сол, алды-арты, солтүстік-оңтүстік, батыс-шығыс. Адамдар дүниесі –
ғаламның, жердің
ортасында, ал төрт тарапта басқа пенделер орналастырылады. Жер немесе адамдар
мекендейтін жер беті квадрат пішінді болып келеді де, оны айнала ғаламдық су қоршап
жатады. Жердің кіндік тұсында ғаламдық тау, ғаламдық бәйтерек өсіп тұрады. Ал төрт
бұрышты жер үстін дөңгелек, шеңбер, күмбез пішінді аспан жауып жатады.
Ғаламның мифологиялық қабаттары жайындағы халықтың байырғы таным-түсінігі,
әсіресе, тұрақты сөз орамдарында сақталған. Тілші-ғалым Н.Уәлиевтің зерттеулерінде
тұрақты сөз орамдарының мәдени-ұлттық мазмұнын анықтауға байланысты жеті қат көк,
жеті ғалам, жеті дүние, жеті жұрт тіркестері талданған. Бұл тіркестер қазіргі тілімізде дүние
жүзі, бүкіл әлем дегенді білдіреді. Жеті қат көк – байырғы
шығыс астрономдарының
кеңінен қолданған термині. Мұндағы жеті саны «жеті планетаға» сәйкес келеді: Ай,
Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл жұлдыз (Марс), Мүштәри (Юпитер), Сатурн. Осы жеті
жарық шығыс астрономиясында жеті қат (қабат) көк деп аталады. Бұл ІV-V ғасырдағы
Сирия-грек ойшылы Дионисийдің космологиялық түсінігіне байланысты жүйе.
Ортағасырлық дәстүрлі түсінік бойынша әлемнің кіндігі – жер, одан кейін жеті қат көк, ал
бұдан әргі тоғызыншы қабат – ғарыш деп аталған болса керек [5.5].
Ғаламның мифтік моделінің алғашқы нұсқасы «ғаламның горизонталь моделі»
болып есептеледі. Көне Сібір тайпаларының дүниетанымын зерттеген ғалым
Е.Д.Прокофьеваның пікірінше, бұл модель тек кейбір шамандық таным-түсініктерде
сақталып қалған [6.188]. Бұл пікір ғалым Е.М.Мелитинскийдің: «Солтүстік халықтарының
мифологиясында жоғары мен төменді, аспан мен жерді байланыстырып тұратын шаман
өзені болады деген көзқарас бар; демек су басы жоғары әлем, ал су аяғы төменгі әлем болып
саналады» деген пікірмен сәйкес келеді [7.5]. Демек, ғаламның горизонталь моделінде
мифтік қабаттарды өзен-су байланыстырады.
Осы тұрғыдан келгенде тілімізде
кездесетін су аяғы құрдым, су аяғы Қорқыт
тіркестері – жер асты, өлілер мекені деген мағыналарды береді. Осындай ұғымның іздері
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосындағы Қарабайдың су өрлеп көшуі, яғни тірі дегені, ал
91
Сарыбай су аяғы құрдым кетті, ол төменгі әлемге көшті, яғни өлді деген мағыналардан анық
байқалады.
Бұл туралы деректер этнографиялық материалдарда да кездеседі: Ғаламның
кіндігінде қасиетті көк аспанмен таласқан Тау, зәулім Көктөбе орналасқан. Ол төбенің
басында алып Бәйтерек өсіп тұрады. Оның төрт бұтағы алып аспанды көтереді. Ал
тамырлары жер қабаттарының бәрінен өтіп төмендегі жер астыңдағы суға дейін жетеді.
Сондай-ақ, қазақ тілінде өте алыс мағынасында айтылатын жер ортасы – Көктөбе
деген фразеологизм бар. Мысалы: Енді айттырған күйеуім алмайды, жер ортасы –
Көктөбеде ұлытып тастайтын кісің мен емес (М.Әуезов «Абай жолы»). Ерте кездегі
аңыздарда алып бәйтерек жер ортасы – Көктөбеде (Жер кіндігінде) болады дейді. Осы
әлемдік ағаштың тау түріндегі формалары тіліміздегі Күлтөбенің басында күнде жиын, жер
ортасы көктөбе сөздерінде кездеседі. Түркі тілдерінде көк сөзінің түбір, тамыр, түп тегі
деген мағыналары бар.
С.Қондыбайдың келтірген деректерінде көк сөзінің абақ/шоғым
таңбадағы кіндік
нүктенің орынын көрсетеді. Сондықтан да көк сөзі Нұрдың, құдайы құдіреттің, яғни
көрілместің бір атауы болып есептеледі. Сол арқылы бұл сөз Нұрдың эманациясы болған
Төретамның, алғашқы игерілген космостың да атауы деп көрсетеді. Расында да Көктөбе
құрамындағы көк – тіршілік,
өсіп-өну, тамыр, түп, тек деген мағыналардың тұтастығы
бүкіл ғалам, ғаламдық өсімдік, өсіп-өну, көктеу нүктесі, орталығы деген идеяларды
білдіреді, яғни көк сөзі жалпы әлемнің дамуына, жоғары қарай ұмтылып өсуіне мүмкіндік
берген Ілкі тұрпат – протокосмостың атауы.
Олар халқымыздың жыр мұраларынан да табылады:
Мекен іздеп, жігіттер, кел кетелі,
Ортасында көктөбе белгі етелі
Азаматтар, ерінбей тыңдасаңыз,
Қозы-Көрпеш-Баянды тербетелі.
Сондай-ақ, жер ортасы – жекен деп те айтылады:
Жігіттер кісіге сөз кеп кетелік,
Жер ортасы – жекенді сөз етелік.
Жақсының аруағы қалмай ма екен,
Қозы-Көрпеш-Баянды тербетелік.
Қорыта
айтқанда, қазақтың дүниетанымындағы ғаламның мифтік бейнесінің
тілімізде сақталып қалған үлгілерін тануымызға жоғарыда келтіріп өткен мифтік оқиғалар
мен аңыз-әңгімелер үлкен мүмкіндік беретіні белгілі болды. Ғаламның көлденең және тік
модельдерінің біріккен түрі – ол бір тұтас әлем, дүние, космос деген ұғымды береді.
Сондай-ақ бұл өлшемдер адамның өзін қоршаған ортаға бейімделу, оларды қасиеттендіру,
яғни бос кеңістікке жан беру, мән мен мазмұн беру әрекеттерімен қоса жүргендігін
көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы: Ғылым, 1984.
2. Фалев П.А. Как строится кара-киргизская былина. «Манас» -героический эпос
киргизского народа. Фрунзе, 1968.
3. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004.
4. Жаксылыков А.Ж. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в
произведениях казахской литературы. Авт. дисс. докт.филол.наук. Алматы, 1999.
5. Уәлиев Н. Жұмбақ жетілер//Жалын. Алматы, 1988. № 3.
6. Прокофьева Е.Д. Старые представления селькупов о мире// Природа человека в
религиозных представлениях народов Сибири и Севера. Л., 1975.
7. Мелитинский Е.М. Поэтика мифа. М.: Наука, 1976.