«Ұлттық ДӘСТҮР – Қазіргі қазақ руханиятының Өзегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата29.02.2024
өлшемі1.26 Mb.
#493209
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
ғylymi-maqalalar-20.06.2022-3

ӘОЖ 82-1/-9
 
ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ – SPEECHWRITER 
 
Жайлауов Б.С. 
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ., Қазақстан 
Аңдатпа. «Әбіштану», «Сөз өнері» пәндерін оқытудағы тәжірибеден туған зерттеу 
қазіргі өзекті мәселелерді көтерген. Отандық ғылымда қарастырылмаған спичрайтер 
қызметі және спичрайтинг саласы мақалаға арқау болған. Көпшіліктің көкейінде жүрген 
ойларға нақты мысалдар келтірілген. Қосымша кесте арқылы ұсынылған материалдар 
мақала мазмұнын арттырып, автор пікірлерін айғақтап тұр. 
Түйін сөздер: Әбіш Кекілбайұлы, спичрайтер, спичрайтинг, таңдамалы сөздер, PR, 
мемлекеттік хатшы. 
Бұл тақырыпқа кіріспей тұрып, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Таңдамалы сөздер» атты жеті томдық жинағын оқып шықтық. Алғашқы томының 
алғысөзінде: «Н.Ә. Назарбаевтың көп жылдар бойғы саяси қызметінің барысында 
жұртшылық алдында сөйлеген сөздері кең ауқымды шешендік құндылықты құрайды», – 
делінген [1, 7]. Осы орайда өзімізді үнемі қызықтырып келген «Елбасының спичрайтерлері 
кімдер болды екен?» – деген сұрағымызға жауап іздедік. 
Спичрайтер – лауазымды тұлғалардың, жоғары мәртебелі адамдардың, көшбасшы 
саясаткерлер мен ірі компания басшыларының көпшілік алдында сөйлейтін сөзінің мәтінін 
дайындайтын маман. Бұл терминнің түпнұсқасын ағылшын тілінен аударсақ: speech – сөз, 
writer – жазушы [2]. 
Дамыған елдерде спичрайтинг – PR саласының бір бағыты ретінде кәсіп пен 
мамандық мәртебесіне ие. Ал біздің елімізде анонимді түрде, яғни ашық 
айтылмағандықтан, оларды көпшілік біле бермейді. Сондықтан спичрайтинг қызметін 
қалыптастыру және дамыту үшін, бұл бағытта атқарылған қызметтерге ықтимал болжамдар 
жасауға да мәжбүрміз. 
Жеті томдық «Таңдамалы сөздер» жинағы 1989-2013 жылдар аралығын қамтиды 
екен. Демек, ширек ғасыр шежіресі, жылнамасы деуге болады. Дәл осы жылдары үлкен 
саясатқа араласқан Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш 
Кекілбайұлының Тұңғыш Президент жанынан табылуы, оның сенімді серігі болуы 
кездейсоқ сәйкестік пе әлде негізгі мемлекеттік қызметтермен қоса шартты жағдайда 
спичрайтерлік жұмысын да атқарды деуімізге бола ма? 
Оған дейін-ақ қаламгер ретінде әбден қалыптасқан, әлем әдебиетіне әйгілі болып 
үлгерген Әбіш Кекілбайұлының танымалдығы, қолтаңбасының айқындығы әрқашан сөз 
иесін айрықша аңғартып келді. Оны бірден байқағандардың бірі – уытты сынға негізделген 
өткір мақалаларымен танымал журналист Жұматай Сабыржанұлы өзінің «Образға кірсе, 
«во» болады» деген жазбасында былай дейді: «Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Құдай 
тек ендігі жерде өлінің үрейін, тірінің мерейін ұшырмайтындай қып, қай ісімізді де оңға 
бастыра көргей. Қиянатты пейіл, қияметті мейір тоқтатады деген. Мейір оңалса – 
берекет, пейіл оңалса – әрекет өрге басар деген. Жаратқан тек берекеміз молайып, 
тірлігіміздің оңға басқанын көруге жазғай!» («Егемен Қазақстан», 1999.06.04). 
Көрнекті етіп ойып берілген осы сөздерді мен Нұрекеңдікі дегенге өлтірсе де 
сенбеймін. Бұл – буы бұрқыраған Әбекең, Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев. Со кісінің 
сөз саптасы, ой қорытуы, жорға машығы. Бір сөзбен, «стилі» дейтін шығармыз... 
Бұл арада көтерейін деп отырған мәселем – президенттің сөзін ешкім жазып 
бермесін емес, жазсын, бірақ үлкен кісінің ойлау жүйесіне салып, қазақшасының 
қарасынына қарайлап, бейнелеп айтқанда, бойына шақтап айтқан жөн. Сонда «во» болады... 


39 
Көрмейсіз бе? Анау Ельциннің қағазға қарап сөйлеген сөздерінен де ельциндігі есіп 
тұрады...» [2, 252] – деп сынаған. 
Сөз өнеріндегі сан соқпақты сүрлеулер арасында дараланып жататын даңғыл жолы 
бар данышпанды айыра алмау мүмкін емес. Қарапайым оқырманның өзі сөйлемдері мәнді 
де мазмұнды, әуезді де әсерлі жазушысын жаңылмай таниды. Ал ғылыми тұрғыда оның 
мысалын мәтінтанушы мамандар текстологиялық талдау арқылы анықтауға да, тұтас 
контексте қарап, лексиконы арқылы айқындауға да мүмкіндігі мол. 
Спичрайтер термин ретінде Ресейдің өзінде тоқсаныншы жылдардың басынан 
бастап қолданысқа енген. Содан бері кеңес үкіметі кезіндегі де, постсоветтік кездегі де 
бірінші басшылардың спичрайтерлері туралы ашық жазыла бастапты [4]. Спичрайтинг 
туралы түрлі ғылыми зерттеулер, публицистикалық бағыттағы әдебиеттер жарық көрген 
[5]. АҚШ-та спичрайтинг Ақ Үй әкімшілігінің арнайы бір құрылымы ретінде қызмет 
атқарып, әр жылдардағы Президенттердің спичрайтерлері ашық түрде тіркеліп, еңбектері 
ерекше бағаланады [6]. Сол тәжірибені үлгі ретінде қолдануға болады. Бізде бұл енді ғана 
трендке еніп жатыр. 
Спичрайтер сөз сөйлеушінің табиғатын толық танып, оның дауыс ырғағы мен сөз 
қолданысын бақылап, тыңдайтын аудиториясын алдын ала анықтап, олардың санасында 
қалатындай сәтті мәтін дайындауы тиіс. Оны бірыңғай салмақты да салиқалы, толғанысты-
тебіреністі сөздермен ғана емес, әзіл әңгімемен де араластырып отырады. Тура 
мағынасында да, тұспалдап та, астарлап та жазуы мүмкін. Сәтті сөйлеу арқылы сөз иесінің 
мансабы жоғарылауы да, керісінше, сәтсіз сөзі өзіне таяқ болып тиюі де ғажап емес. Топ 
алдында тілімен танылып таққа отырғандар мен басына пәлені тілінен тапқан тұлғалардың 
тарихта мысалы көп. 
Біз спичрайтинг кәсібін де, спичрайтер тұлғасын да Ә. Кекілбаев қызметі мысалында 
қарастыруға тырыстық. Бұл әдісіміз – әуесқойлық. Өйткені зерттеуде сирек кездесетін 
жағдай, яғни негізгі қаһарманның емес, қосалқы қызметкердің тұлғасын алға шығарып, 
еңбегін бағалауға тәуекел етіп отырмыз. Осылайша Ә. Кекілбаев мысалы арқылы оған 
дейінгі де, одан кейінгі де спичрайтерлер мен олардың қызметіне жол ашуымыз мүмкін. 
Жұмысымыздың өзектілігі – эвристикалық әдіс-тәсіл ретінде, отандық ғылымда әлі 
қарастырылмаған мәселенің алғаш зерттеу нысанасына айналуында. Бұл бастаманы кәсіби 
мамандар зерттеу обьектісі қылып кеңірек жалғастыруына болады... 
Ежелгі Грекияда сотталушының өзін-өзі қорғауы үшін, алдын ала жаздырып алатын 
сөздерін дайындайтын шешендерді «логограф» деп атаған. Риторика тарихынан 
оқығанымыздай, Демосфен, Лисий сияқты логорафтар бұл қызметті кәсіпке айналдырған. 
Бірақ логорафтарды біз сөз етіп отырған спичрайтерлермен шатастыруға да, салыстыруға 
да болмайды. 
Дәстүрлі билік ұғымына сүйенсек, «Ханда қырық кісінің ақылы бар» делінеді. Бұл 
сөз – ханды сонша кісіге тең көру емес, оның көп адам кеңесін алуына байланысты 
айтылған. Ол хан бола ма, патша бола ма, президент бола ма, бәрібір, билігінің баяндылығы 
жалпы қоғамға арнаған сөздерінің салмағымен, халықтығымен де өтімді болмақ. Қазақта 
«Ханның айтқанын қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ» деген сөз бар. Ал дуалы 
ауызға уәлі сөз салып беріп жүрген адамның өзі де даусыз дана болса ше?! Онда тарихи 
мысалдардан белгілі болғандай, ондай билік иелерінің тақта отыру ғұмыры да ұзағырақ 
болып келеді. 
Әбіш Кекілбайұлы – ата тегінен, тумысынан бекзат болмысты дегдар тұлға. Оны 
шежіре тарихынан да, іс-әрекетінен де, сөйлеген сөздері мен жазған-сызған дүниелерінен 
де анық байқауға болады. Жазушылық жолында оның элиталық ойлау жүйесі тіпті дами 
түскен деп білеміз. Өйткені негізгі кейіпкерлері – хандар мен сұлтандардың, әмірлердің, 
басқа да билеушілер мен басқарушылардың психологиясын, би-шешендердің 
мәмілегерлігін жазарда әбден зерттеп меңгерген. Ал мемлекеттік қызметте оны сынақтан 
өткізіп, тәжірибесіне енгізгендей. Жаңа замандағы жазушы-кеңесшіміз дәстүршілдігімен 
де, жаңашылдығымен де мемлекет басшысына қапысыз қызмет етіп, өзара үйлесіммен 


40 
мүлтіксіз әріптестікте жарасыммен жұмыс істеген. Сол арқылы өзі де мол үлес қосқан 
авторитарлық режимнің ұзағырақ тұруына себеп болғандардың бірі екенін де жасыра 
алмаймыз. 
Қазақстан Республикасы Егемендігін қабылдап, Тәуелсіздігін жариялаған 
жылдарында кемеліне келіп, кемерінен асып-тасып тұрған қаламгер көркем сөзден гөрі 
көсем сөзге біржола бет бұрған. Онысын мемлекет мүддесі жолындағы сөз иесінің міндеті, 
парызы, борышы деп білген. 
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – өзімен құрдас, 
замандас тұлға. «Заманы бірдің – амалы бір» дегендей, бір буын өкілдерінің тіл табысуы да 
оңай, әу бастағы талабы мен тілегі де, мемлекетшілдік мүдделері де ортақ болған. Кең 
кеуделі тұлғасына сай Кекілбаевтың көңілі көлдей, мінезі мәрт, жаны жайсаң, негізінен 
момын, көнбіс, сыпайы да сырбаз, байыпты да байсал, жұмсақ адам. Ал президент – күрделі 
темпераментті тұлға еді. Уақыт сынынан сүрінбей өткен жолдас, асығыста ақыл мен ат 
сүрінгенше амал табатын, қиындықта жол мен қысылғанда сөз табатын кемеңгер – кез 
келген басшы қардер болар кеңесші емес пе? 
Осы орайда біз дарынды ділмардың спичрайтерлік қызметіне мән бере отырып, оның 
Президент психологиясын, ел басқарудағы әдісі мен интуициялық ойлауына дейін игеріп 
алғанын байқаймыз. Сондай-ақ көптің көкейіндегі мазалаған мәселелерді де жақсы 
білгенін, жалпы жағдайлардан хабардар екенін ықтиярсыз мойындаймыз. Өйткені қоғамды 
ішінен бақылаушы ретінде билік пен халықты байланыстырудың ортақ тілін таба білген. 
Бірінші басшының сөйлейтін сөздерін түрлі ракурстан қарастырып, қоғам реакциясына 
қарай икемдеп отырған. Тағдырын жазмыш деп есептейтін және соған бойсұнған тағаты 
темірдей төзімді жұрттың менталитетіне тән қасиеттердің бірі – көңіліндегі өзі естігісі 
келетін есті сөзді айтқанға да риза болатыны. Осы тұрғыда мәнді де мазмұнды мәтінді өз 
мәнерімен оқып беру тыңдаушының құлағына майдай жақпай ма? Бұл шешендік сөздер 
сөйлеуші шенеунікті де шабыттандырады. Халықтың да үмітін үзбей, сенімін нығайтады. 
Әйтсе де, тоқсаныншы жылдардың тоқырау кезеңінде толғақты мәселелерді тап басып 
айтып, шиеленісті сәттерде шырғалаңнан шығар жол нұсқаған, даурыққан топты сөзге 
тоқтатқан, ымырашылдыққа жеңдіріп, дау-жанжалдардың алдын алған ақыл иесінің бұл 
тапқырлығын манипуляциямен шатастыруға болмайды. Палитрасы түрлі түске толы 
профессионал прозаигіміз публицистикада прагматик болды. Өзін де, Елбасын да пафостан 
аулақ ұстаған, популизмге жол бермеген. Мемлекет мүддесі үшін оқшау ойларын сыналап 
енгізіп отырған шығар, бірақ онысына бола орынды-орынсыз жеке пікірлерін тықпалаған 
деп күмәндансақ та қателесеміз. Қызметін асыра пайдаланып, басшының ойларын 
бұрмалап, лоббизммен айналысу сияқты пендешілік тірліктер оның тау тұлғасына сай емес. 
Әбіш Кекілбаев біртуар болмысымен, феномендігімен мемлекеттік хатшы 
лауазымының планкасын көтеріп тастады. Сондақтын одан кейінгілерді де сол өлшеммен 
сынайтын болдық. Сол сияқты ол спичрайтерлік қызметті де шегінен асырып кетті. 
Дәлеліміз дау туғызбауы үшін, әзірге мысалдарды «Таңдамалы сөздердің» III, IV 
томдарынан бастап қолдансақ та жеткілікті. Онда 1995-2002 жылдардағы Тұңғыш 
Президент сөздері топтастырылған. 
Ал «Әбіш Кекілбаев» энциклопедиясының ІІ томында ҚР Президент мұрағатына 
сілтеме жасалып (қ. 5-н, тіз. 6, іс 736, п.п. 1-11) Мемлекеттік хатшының 1998-2002 
жылдардағы жұмыс кестесі, әр айлардағы жоспары жарияланған [7]. 
Мәселен, Мемлекеттік хатшы кестесінде: «ҚР Президентінің зиялы қауым 
өкілдерімен кездесуіне қатысты материалдарды даярлау (05.02.1998)» жоспарланған. 
«Таңдамалы сөздерде» Президенттің 1998 жылғы 17 наурыз күні Алматы қаласында 
Халық бірлігі және ұлттық тарих жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның 
отырысында «Зиялы қауымның адамгершілік және саяси таңдауы» атты сөйлеген сөзі 
берілген [8, 513-521]. 
Мемлекеттік хатшы кестесіндегі: «ҚР Президентіне қажетті материалдармен жұмыс 
(09.02.1998)»; ҚР Президентіне қажетті материалдармен жұмысты жалғастыру 


41 
(10.02.1998)» сияқты көрсетілген күн тәртібінен де мемлекет басшысының келесі сөйлейтін 
сөздерінің мәтінін дайындағанына көз жеткіземіз. 
Мемлекеттік хатшы сол жылғы мамыр айында түркология мәселелері бойынша 
жұмыс істейді. Президент 9 маусым күні Түркі тілдес мемлекеттердің V саммитінде сөз 
сөйлейді [8, 534-539]. 
Мемлекеттік хатшының 1-8 маусым күндеріндегі жұмыс кестесі Астананың 
тұсаукесерінде сөйлеуге дайындалу, мәтіндерді қарау, мәселелер, іс-шаралар бойынша 
жасақталыпты. Ал 10 маусым күні Президент Қазақстанның жаңа елордасы – Астана 
қаласының тұсаукесер рәсімі салтанатында «Жаңа астана – жаңа мемлекет – жаңа қоғам» 
тақырыбында сөз сөйлейді [8, 540-547]. 
Ары қарай да дәл осындай сәйкестік жалғаса береді. Сондықтан біз арнайы кесте 
жасақтап ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет