«Аралас
мәтіндер»
«тұтас»
және
«дискретті
мәтіндердің»
ерекшеліктерін біріктіреді. Аралас мәтіннің вербалды және бейвербалды
элементтері бір-бірін толықтырып тұратын сөз және сөзсіз көрсетілген
элементтер арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі күні көптеген ақпараттық мәтіндер
презентациялық форматта (веб-парағы, журналдар және т.б.) әзірленеді.
«Құрамдас мәтіндер» мағына ғана емес, формат жағынан да әрқайсысы
бір-біріне тәуелсіз әртүрлі /бірнеше/ мәтіндерден құрастырылады. Сонымен
қатар мұндай мәтіндер өзінің мағыналық жағына байланысты және ойды толық
аяқтап, мәтіннің диагностикалық мақсатын анықтайды [3].
PISA халықаралық зерттеуіндегі оқу сауаттылығында берілетін тест
тапсырмаларындағы мәтіндер келесідей форматтарда құрастырылады: тұтас
мәтіндер – 39%, дискретті мәтіндер (жадағай) – 30%, аралас мәтіндер – 23%,
құрамдас мәтіндер – 8%.
Екіншісі – ахуал. PISA тест тапсырмалары 15 жастағы білім алушы өмірде
кездестіре алатын шынайы жағдайдың шарттарын үлгілейді. Білім алушы
оқығанын мазмұндамай, берілген мәтіннен ақпаратты іздеу және түсінік беру
қабілетін көрсетуі тиіс.
Оқу сауаттылықтарын бағалау барысында әлеуметтiк, білімдік, адамдар-
дың
мәтінмен
өзара
қарым-қатынастарының әр
түрлi
ахуалдарда
(ситуацияларда) кездесетін оқудың дербес тұрғылары есепке алынады:
жеке, яғни өзіндік мақсаттары үшін оқуға берілген мәтіндерге дербес
хаттар, көркем әдебиет, өмірбаяндар, ақпараттық хаттар, электрондық
форматтағы хабарлама, күнделікті жаңалықтар блоктар мен ғылыми-
әйгілі мәтіндер т.б. жатады;
көпшілік /қоғамдық/ мақсаттар үшін оқуға берілген мәтіндерге ресми
құжаттар, қоғамдық мәні бар әртүрлі мәліметтер, газет жаңалықтары,
ғаламтордағы форумдар т.б. жатады;
Достарыңызбен бөлісу: |