М. А. Галимжанова п.ғ. к., Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, «Өрлеу»


сауаттылығы», «мәселені бірлесіп шешу», «жаһандық құзыреттілік»



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата17.11.2023
өлшемі2.35 Mb.
#483515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Dauletova-N.-1-PIZA

сауаттылығы», «мәселені бірлесіп шешу», «жаһандық құзыреттілік» 
бағыттарын ұсынуда. Еліміз алғаш рет «PISA-2018» кезеңінде «математикалық 
сауаттылық», 
«жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылығы» 
және 
«оқу 
сауаттылығымен» қатар жаңа төртінші бағалау «жаһандық құзыреттілік» 
бағытына қатысты.
Халықаралық зерттеуге қатысу әр ел үшін білім беру жүйесінің әлемдік 
білім беру кеңістігіне кірудің негізгі себебі болып табылады. Яғни білім 
алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуы, білім алушының өзін-өзі 
дамытуды жоғары деңгейде іске асыруы мен қоғам өмірінде өз орынын табу, 
өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
Білім алушыларды халықаралық PISA зерттеуіне оқу сауаттылығы бағыты 
бойынша дайындау мақсатында осы әдістемелік құрал құрастырылды. 
Әдістемелік құралда тест тапсырмалары жинақталған. Әдістемелік құрал қазақ 
тілі және әдебиеті білім салалары пәндерінің мұғалімдеріне арналады.
 
 



 
 
 
PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ТУРАЛЫ 
PISA 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалайды. Нақты осы 
жастағы білім алушыларды іріктеудің себебі әлемнің көптеген елдерінде бұл 
жастағы балалардың мектепте міндетті білім алуы аяқталғандығымен 
түсіндіріледі. Жаста олсы жаста өздерінің мамандықтарын таңдау мен болашақ 
білім алу траекториясын анықтай алады.
PISA жобасының басымдығы қатысушы елдер санының артуымен 
расталады. Мәселен, PISA-2000 жобасына – 32 ел қатысса, PISA-2018 жобасына 
қатысуға әлемнің 80-нен астам елі өтініш білдірген. 
PISA жобасын үйлестіруші Экономикалық Ынтымақтастық Даму Ұйымы 
(бұдан әрі – ЭЫДҰ) болып табылады. PISAзерттеуі Консорциум арқылы 
алдыңғы қатарлы халықаралық ғылыми ұйымдардың қатысуымен іске 
асырылады. Олар: 
 АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Tducational Testing Service,
ETS); 
 WESTAT Америкалық ұйымы; 
 Pearson Education Британдық білім баспасы және бағалау қызметі;
 cApStAn Linguistic Quality Control Белгиялық лингвистикалық орталық.
PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың білім жетістіктерін бағалауды 
«математикалық сауаттылық», «жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы» және 
«оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі.
Оқу сауаттылығы – білім алушының жазба мәтіндерді түсіну, пайдалану, 
ойлау және өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, өз білімі мен 
әлеуетін дамыту, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен 
мүмкіндіктерін дамыту қабілеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет