М. А. Галимжанова п.ғ. к., Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, «Өрлеу»



Pdf көрінісі
бет6/50
Дата17.11.2023
өлшемі2.35 Mb.
#483515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Dauletova-N.-1-PIZA

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҮШ
БАСТЫ АСПЕКТІСІ 
ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІ
ПАЙДАЛАНУ 
ҚАБІЛЕТІ
ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ 
 
PISA ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
 
«Оқу сауаттылығы» термині кең мағынада қарапайым оқу біліктілігін
емес, мәліметтерді айқындай білу қабілеттімен анықталады. Мектеп жасындағы 
балалардың тек оқу техникасын меңгеруі қазіргі таңда қабілеттілік болып 
есептелмейді. Оқу сауаттылығы туралы түсінік білім алушылардың әртүрлі 
форматтарда берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын 
түсініп тұжырымдауы және білім алушылардың мектептен тыс уақыттарда, 
әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын қолдана білу іс-әрекеттеріндегі 
қызметтерін бағалауға негізделген. Сөзімізді нақтылай түссек, оқу сауаттылығы 
– жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану
қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту 
қабілеті. 
15 жастағы білім алушылардың оқу сауаттылығын бағалау құрылымы үш 
басты аспектті қамтиды. Бұл оқиғаны түсіну, жалпы мәнмәтіннен қажетті 
ақпаратты табу мен алу, оны пайдалану және ойлау мен өз жауабын негіздеп 
дәлелдеу қабілеті (1-сурет).
PISA-да 
оқушылардың оқу сауаттылығын анықтауда ақпараттың 
маңынасын ашу және түсінік берудің үш негізгі параметрі бар. Олар: мәтін, 
жағдай (ситуация), сұрақ. Осы аталған параметрлердің құрылымы келесідей 
беріледі.
Бірінші – әртүрлі тәсілдермен (кітаптар, парақшалар, ғаламтор-форумдар 
мен жаңалықтар лентасы), нысандармен (көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік 
мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттар
кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар) берілген мәтін. 
PISA мәтіндерінің ерекшеліктері оларды баяндаудың шынайылығында, 
яғги өмірден алынған мысалдар болуында. PISA зерттеуінің оқу сауаттылығы 
бойынша құрастырылған тест тапсырмаларында мәтіннің 4 түрі кездеседі. Олар: 
«тұтас мәтіндер», «дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер», 
«аралас мәтіндер», «құрамдас мәтіндер».
«Оқу сауаттылығында мәтіннің қомақты бірліктерін қамтыған көркемсөз 
мәтіндерінен тұратын “тұтас мәтіндер” болып табылады. Тұтас мәтіндер 
өзара сабақтасқан сөйлемдерден тұрады, олар бөлiмдер, тарау, кіріспе және 



кітаптардан топтастырылады. Мағыналы азат жолдары сатылы құрастырылған 
және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуіне көмектесетін 
тақырыппен, тақырыпшамен белгіледі. Тұтас мәтiндерге сипаттама (көркем 
және техникалық), баяндау (әңгiме, есеп берулер, репортаж), түсiндiру (пiкiр, 
қорытынды, талдау) жатады.
«Дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер кесте, графиктер, 
диаграмма сияқты мәтіннің ақпараттық бірліктерінен тұратындықтан, басқа оқу 
дағдыларының әрекеттерін талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет