М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет55/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Технологиялық қүжаттар – өнімді дайындаудың технологиялық 
процесін анықтайтын графикалық және мәтіндік құжаттар. Технологиялық 
құжаттардың түрлері мен нысандары технологиялық құжаттардың бірыңғай 
жүйесімен белгіленген. 
Технологиялық процесс бағыттау және операциялық карталар
технологиялық процесс картасы, сұлбалар картасы мен технологиялық 
нұсқаулықтар түрінде ресімделеді. Құжаттарды ресімдеу ережелері қатаң 
регламенттелген. 
Бөлшектерді дайындаудың технологиялық процесін анықтайтын негізгі 
құжат - бағалау картасы. Онда технологиялық жүйеліктегі барлық 
операциялар бойынша бұйымды дайындау немесе жөндеудің технологиялық 
процесінің сипаттамасы бар жабдықтар, технологиялық жабдықтар
материалдық, еңбек нормативтері туралы деректер келтіріледі. 
Кішігірім және ұсақ сериялы өндірісте технологиялық процесті жан-
жақты сипаттаудың қажеті жоқ, технологиялық операциялардың реттілігін 
белгілеу ғана жеткілікті. 
Бір түрдегі жұмыс үшін бағыттамалық картаның орнына негізгі құжат 
ретінде технологиялық процесс картасы қарастырылған. 
Технологиялық процесс жан-жақты дайындалатын сериялық және 
жаппай өндіріс үшін операциялық карта жасалынады. Ол ауысулар, өңдеу 
режимдері көрсетілген технологиялық операциялардың сипаттамасын, 
құралдар, құрылғылар және басқа да технологиялық жабдықтар туралы 
деректерді қамтиды. 
Сұлбалар картасы дегеніміз технологиялық процеспен, өтпелі 
операциялармен орындалатын сұлбалар, схемалар және кестелер. 
Технологиялық нұсқауларға бұйымды дайындау немесе жөндеу 
жұмыстарының тәсілдері мен процестерін, технологиялық жабдықтарды 
пайдалану ережелері және бұйымды дайындау жөніндегі басқа да 
нұсқаулары жатады. 
Бұйымдарды дайындау кезінде негізгі технологиялық құжаттар ретінде 
кейде жинақтау карталары, бекіткіш аспаптар мен материалдардың 
ведомостары қолданылады.[28] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет