М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


 Слесарлық-жинақтау мен механикалық жұмыстардың



Pdf көрінісі
бет54/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

 
4.6. Слесарлық-жинақтау мен механикалық жұмыстардың 
технологиялық құжаттары 
Технологиялық процесті дайындау үшін алғашқы деректер талап 
етіледі: бөлшектің сызбалары және оны дайындаудың техникалық шарттары, 
дайындаманың сызбалары, бөлшектер партиясының мөлшері, жабдықтың 
паспорттық деректері. 
Дұрыс және ұтымды технологиялық процесті дайындауда сызбамен 
және осы бөлшектің талаптарымен, дайындаманың сызбасымен танысу 
қажет. 
Өндіріс түрінің қолданылған жабдыққа байланысты технологиялық 
процесті жобалаудың бірқатар ерекшеліктері болады. Кішігірім өндіріс 
технологиялық процесс әмбебап жабдыққа, бекіткіш аспаптарға, кесетін және 
өлшейтін аспаптарға сәйкес есептелініп жобаланады.
Сериялық өндіріс технологиялық процесс СББ бар станоктарды, 
жартылай автоматты жабдықтарды, әмбебап жинағыш және реттеу 
құралдарын қолдана отырып, өндірістің икемділігі есептеліп құрылады. 
Жаппай өндіріс технологиялық процесс мамандандырылған жоғары 
өнімді және арнайы жабдықтарды, арнайы бекіткіш аспаптар мен құралдарды 
пайдалану есебімен жасалынады. Жұмыс сызбасына және партияның 
өлшемдеріне сүйене отырып, дайындаманы алу тәсілін таңдайды. 
Дайындаманың сызбасы болмаған кезде одан әрі өңдеуге әдіптерді ескере 
отырып, оның мөлшерін анықтайды. Кішігірім өндірісте дайындаманы әдетте 
сортты немесе жұқа металдан кеседі, сериялық және жаппай өндіріс кезінде-
құяды немесе штамптайды. 
Таңдалған дайындама үшін технологиялық базалар белгіленеді. 
Технологиялық база деп операцияда өңделетін бөлшектің бетіне қатысты 
бағдарланатын беттердің немесе сызықтардың жиынтығын атаймыз. 


100 
Алдымен дайындаманы бірінші орнату кезінде орындалатын беттің алғашқы 
базасын таңдайды, содан кейін тазалап өңдеу базасын белгілейді. 
Станоктарда бөлшектерді өңдеу кезінде өңдеу режимдері белгіленіп 
есептеледі. Жұмыс нормаланады, әр операцияға және әр ауысуға уақыт 
нормасы анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет