М. Каппасова Саяси технологиялар



бет1/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#143428
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Э. Т. Янчук, И. А. Калиев, Г. М. Каппасова




Саяси технологиялар

050502 Саясаттану мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар

Кереку


2010

УДК 32 (075.8)

ББК 66.0я73

Я 66


Баспаға С. Торайғыров атындағы ПМУ тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды
Пікірсарапшылар:

А. А. Акишев – саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті;

М. А. Сулейменов – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Инновациялық Еуразиялық университеті;

К. Ф. Загупаров – философия ғылымдарының кандидаты, профессор Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.




Э. Т. Янчук, И. А. Калиев, Г. М. Каппасова

Я66 Саяси технологиялар : оқу құралы барлық мамандықтарының студенттеріне арналған / құраст. : Э. Т. Янчук, И. А. Калиев,

Г. М. Каппасова. – Павлодар : Кереку, 2010. – 92 б.

Оқу құралында саяси технологиялардың мәні мен механизмі және іске асыруы қарастырылған. Басты маңызы қазақстандық демократияның моделінің құрастыруына бағытталған.

Оқу құралы саяси ғылымды оқитын барлық мамандықтарының студенттеріне арналған.

УДК 32(075.8)

ББК 66.0я73

© Янчук Э. Т., Калиев И. А., Каппасова Г. М., 2010

© ПГУ им. С. Торайгырова, 2010
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе
«Саяси технология» пәні мамандыққа сәйкес білімді игеруде және оны тәжірибеде қолдауға үйретуде ерекше рөл атқарады.

Қазіргі күнгі саясат пен саясаттанушылар бұрындары инженерлік пәндерде пайдаланған ұғымдарды қолданады, олар «технологиялар», «механизмдер», «билікті өңдеу технологиясы», «қазіргі күнгі саяси технологиялар», «басқару механизмі», «ақпараттық технологиялар», «лоббистік қызмет технологиясы», «парламентаризм технологиялары», «басшы имиджін құру технологиясы», «сайлау технологиялары» және т.б.

«Саяси технология» термині қазіргі күні философиялық және саясаттық әдебиеттерде, публицистикада кеңінен пайдалануда. Саяси технология – билікті құру технологиясы. Билікке күрес дегеніміз - көптеген саяси технологияларды бір қалыпта ұстау және пайдалану, яғни билеуге және бір қалыпта ұстауға бағытталған саяси, рухани билік, адамдардың білімі мен жүрегіне билік, қоғамдық ойларын жаулап алу.

Саяси технологиялар дегеніміз – билік технологиясын өңдеу, билікке күрес, көптеген саяси технологияларды ұстау әрі пайдалану, рухани билікті, адамдардың білімі мен жүрегін қоғамдық ортақ ойлармен жаулап алу – саяси технологияларды құрайды.

Саяси өмір процесін жоғарлатуға талпынғандар өз білімдерінің деңгейі туралы профессионал саясаткерлер мен қатардағы ғалымдар, студенттер мен сайлаушылар үшін сайлау кампанияларының технологиясын ұғу, әрі маңызды.

Саяси технологиялар тәжірибе жүзіндегі саяси қызметті теориялық саясаттану біліміне аударады, сонымен қатар саяси заңдылықтардың өлшемін, принциптерін, межесі мен факторларын және тағы да басқа мақсатқа жету жолында пайдаланады, нақты осында саяси орталық технологияландырылған процесс негізі құралады.

Берілген оқу құралында шетелдік ғылыми шығарылымдар мен отандық зерттеулер кеңінен пайдаланылған. Жұмыстың негізгі мақсаты қойылған мәселе бойынша берілген әдебиеттер қосымша ерекше оқу құралы бола алатындығында.
1 Тақырып. Саяси процестегі технологиялардың рөлі мен оны қалыптастыру тәсілдері
Жоспар:

1) Технологияларды қалыптастырудағы субъективті тәсіл;

2) Технологияларды құрудағы аналитикалық әдіс.
Технологияларды қалыптастырудағы субъективті тәсіл

Саяси технологияларды өңдеу мен пайдалаудағы процестің негізгі маңызы рационализация және оптимизация (құрастыру мағынасында) берілген тапсырмаларды орындау аясында субъектінің мақсатқа бағытталған қызметі. Соңында, саяси технологиялар субъектінің саяси өзгерістері аумағында бақылау және басқару жоспары мүмкіндігін кеңейтеді.

Технологияны қалыптастыру және қызмет еткізу процесінде құрылымдық, кеңістік-уақыт және процессуалды көзқараспен қарауға болады. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы, техникалық қамтамасыз ету және оны шешу жолында оптималды механизмдерді іздеу. Екіншіден келісілген құралдардың нақты жергелекті және уақытылы шарттары болу керек, онымен мәселе шешілуі қажет. Үшіншіден, мақсатқа жету жолындағы білім мен шарттың жеке параметрлерін құрастыру. Соңғы жағдайда іс-әрекеттің логикасы технология құрау бойынша, тізбектің маңайында жиналады «анализ – жағдайдың бағасы мен диагностикасы-болжам-жобалау проектісінің операциясы - мақсатқа жету – соңғы іс -әрекетті ажырату – ұсынысты құрастыру».

Толығымен айтқанда технологиялар жағдайлардың шектеулі санына (объектінің түріне) қолданылатын және бәрінен бұрын дұрыс жағдайларға және кен таралуында. Олардың параметрлерінің құрастырылуында, ережеге сай, тек қана тапсырмалар ғана саналмайды, сонымен қатар субъектілердің әрекет ету типі мен мінез құлқы да қарастырылады әрі уақытша және басқа да қызметтік маңызы бар шарттар параметрлері де жатады. Сонымен қатар, технологиялар «жоғарыдан» болуы мүмкін, құрылымдарды басқарушылар, субъектінің өмірлік тәжірибесінде қорытынды жасау және рационализация біркелкі әрекет ететін шарттар құрылуы мүмкін. Бірақ бәрінен бұрын технологияларда құрастырылған әдістер туады, нормативті-мақсатты тапсырмалар тәжірибелік тапсырманы шешуде қатысушылардың бақылауы мен тәжірибесімен келісіледі.Кейбір технологиялар ескіруі мүмкін, тиімділігін жоғалтып алуы мүмкін, диапазондары кішірейуі мүмкін. Басқа технологиялар бірыңғай жетілдіру үстінде болады, өзінің «басқарушылық» әрекеттері өсуі мүмкін.

Технологиялардың құрастырылуында екі түрлі тәсіл бар- субъективті және аналитикалық. Алғашқысы, субъективті қатыста (ерекше жағдай), келелі ойдың оптималды конструкторлық негізі іс-әрекетте жатыр, субъектінің тәжірибелік өтілі және оның интуициясы, әсері, мәдени стеротипі, әдеттері және т.б. жеке ерекшеліктері оның әлемтануға қатысы бар. Нақтырақ айтқанда тәжірибе түрінде осындай компоненттерсіз-ақ ешбір баға берілмейді, ресурстардың құрылуы жолында жетістіктері ажыратылмайды. Бірақ та бұл жағдайда бұл компоненттер соншалықты дамымайды. Көбінесе қатал аналитикалық жағдайларға түсіп қалады. Бүтіндей алғанда ара-тұра оң нәтиже беріп жататын да жағдайлар кездеседі (мысалы, дағдарыс кезіндегі пайдалану, бірақ мақсатты түрде алынған бұл алгоритімдік әдіс барлық мәселені шешпейді.
Технологияларды құрудағы аналитикалық әдіс

Екінші технологияларды құрудағы аналитикалық әдіс арнайы аналитикалық әдістер мен процедурадан тұрады, олар мақсатқа жетудегі негізгі параметрлер мен шарттардан тұрады. Берілген әдістер субъективтің қызметтің параметрлері мен мақсатын бағалауда шектеу қойылмайды, оған мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және интуитивті өтілді, мақсатқа жетудегі құрал-жабдықтардың диагностикасын анықтау жатады. Бұл жағдайда субъект жағдайға енудегі рационализация мүмкіндігін алады, «мақсаттар» және «шарттар» категориясына ешбір шектеусіз, ойлап қарасаңыз, оның қызметіне қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді әрекет (табиғаттар, саяси күш пен қатынасы), әлеуметтік (саяси) тәртіптің қолданып тұрған аясында нақты қарау қажет. Технологияны құраудағы аналитикалық тип дұрыс көз қасты, яғни баға мен мінездемені талар етеді: нақты акторларі тұлғалық қарым - қатынастағы рөлдік – қазметтік мінездер; қызметке қатынасты меже мен регламенттер; саяси күш қағидалары («жан-жаққа бағыт» әртүрлі саяси мәселелердің шешудегі идеологиялық позиция және блоктар қатысты болады); нақты акциялар және интеракциялар ішкі және сыртқы факторларға әсер етеді кеңістік параметрлері (тереңдік, ендік, ұғындық, саяси оқиғаның жері) және әрекеттік уақытша мінездемесі; қоршаған ортаның спецификасы; әрекет етуші тұлғаның ресурстары мен потенциалы.

Осы тапсырманы шешуде әдістің барлық байлығы, акторлар мен нұсқаулардың максималды қатыстарын пайдаланады.

Қысқаша айтқанда, жағдайлы-аналитикалық әдіс өзімен қоса қаншама критерийлермен өлшем жүйесін жүргізеді, олар жағдайдың дамуына оңтайлы құрылымы туралы тенденциясын құрайды, онымен субъектінің өз мақсатына жетудегі оптималды жағдай туғызады. Берілген ұсыныстың мазмұнды пайдалануы диференция мен структурализацияға негізделеді ол бірнеше маңызды фазадан және этаптан тұрады, сонымен қатар, нақты уақытағы ритм мен жиелікті реттейтін масштабтан тұрады. Осының негізінде акторлардың қарым-қатынасын субъект уақытша және кеңістік көрсеткіштерді, ішкі отрадағы факторларды, нақты жағдайдың дамуына сәйкес нұсқаларды нақтылап, бұрылыс нүктелерін (процестің) және т.б. маңызды көрсеткіштерін яғни әрекетке қатысы бар көрсеткіштерді реттейді.

Сонымен бірге, саяси процестің әрбірін жеке алып, ішкі жәнее сыртқы аспектілердің айырмашылығын, білімін ізденушілік кезінде аналитикалық өңдейден өткізіп, белсенділіктің ішкі себептерін соңына дейін ашып, жағдайдың басқа да параметрлерін ажырату қажет. Саяси технологияны өңдей жағдайында ортақ тәжірибелік девольвацияға мүмкіндік туды, бірақ аналитикалық қорытындылар, екіншісін айтпағанда, тәжірибелі біліммен салыстыру бойынша бағыну ролі әсеер ете алады.

Осы тұрғыда, жағдайдың аналитикалық көрінісі мен оның өсу денамикасы субъективті логикамен тәжірибелік технололгия сценариі ұштаспауы мүмкін яғни, тапсырыс беруші мен орындаушы әрекеті мүлдем басқаша болып шығады. Осының нәтижесінде жағдайдың аналитикалық образы субъектінің құрастырылған мінез құлық болып шығады, «монтаж, қойылған мақсатқа сәйкес әрекеттің өз параметрлерін ұстауы» осының негізінде субъектінің мақсат құрудағы әрекет мәселе аналитикалық – технологиялық қорытынды әрекетін шығару керектігі қажет болады.

Бірақ тәжірибелік өтілдің массиві пікірлермен шектеліп, әрекеттің вокальді шектеулеріне бағынады. Саяси технология білім тәжірибесін құрудағы жұмыста отандық және жетелдік тәжірибелерге сүйенеді, оның негізінде саяси өмірде аналогтық сұрақтарға шешім табады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1) Саяси технология құруда субъективті әрекет неден тұрады?

2) Саяси технология құруда, аналитикалық әрекет неден тұрады?

3) Технология құрудағы құрылымдық ұстаным нені білдіреді?

4) Саяси технология құрудағы кеңестік – уақыттық ұстаным дегеніміз нені білдіреді?

5) Саяси технологияны құрудағы процессуалды ұстаным дегеніміз нені білдіреді?
2 Тақырып. Саяси коммуникациялар
Жоспар:

1) Саяси коммуникациялардың құрылымы;

2) Бұқаралық коммуникациясындағы БАҚ жүйесі;

3) БАҚ құрылымы және қызметтендіру мәселелері;

4) Қоғамдық ойдың қалыптасуы.
Саяси коммуникациялардың құрылымы

Тұрғындардың элитарлы және элитарлы емес десек екі қабатын ескере отырсақ, саяси коммуникация өте ауыр ішкі құрымнан тұрады.

Саяси қатыстастық ортақ идеясынан шыққанда, элит пен элитарлы емес топтарды, саяси коммуникация субъектісіне анық дифференциация жасауға болады. Оған мыналар жатады:

- орындаушылық заңды және сот билігі аферасындағы арнайы институт (лидерлардың өзімен және басқарушылармен, сонымен қатар қоғаммен қатысы бар жеке ақпараттық бөлімдер);

- мемлекеттік БАҚ (орталық және аймақтық);

- тәуелсіз БАҚ (орталық, аймақтық, жергілікті);

- оппозициялы БАҚ (орталық, аймақтық, жергілікті);

- корпоративті құрылымдардың ақпараттық органдары (партиялар, қоғамдық бірлестіктер, қозғалыс, қызығушы топтар);

- профессионалды консалтингтік және жарнамалық агентсволар; шетелдік БАҚ;

- жарнамалаушылар, көмек берушілер, медиамагнаттар (ақпараттық нарықта өз ойлары бар манифеестация мүмкіндіктері мен қызығушылықтары бар адамдар);

- тұрғындардың саяси белсенді бөлігі, билікпен бірынғай әрекеттеушілер;

- «қоғамдық» (саяси нарықта эпизодикалық коммуникациясы бар тұрғындар бөлігі);

- «қоғам» (дағдарыс жағдайында ғана қатысатын, қалған уақытта ақпаратсыз қалатын әлеумет).

Берілген агенттердің әрқайсысы ақпараттық кееңістікте өзінің позициясы, ресурстары, әртүрлі коммуникативті технологиямен мүмкіндігі және қарым-қатынаспен стилі барлар. Олардың негізгі қарым-қатынасы саяси коммуникацияда ақпараттық кеңісті құру. Берілген актрлеерді зеерттей отыра, ақпараттық коммуникацияның байлығын және кедейлігін жеңіл қадалауға болады. Акторларға дифференциалдық көзқарас дәстүрлі көзқарас түдыруға мүмкіндік береді, олар саясатты үш негізгі коммуникациялық үрдісіне негізделеді (және акторлардың жекелік топтары): қоғамдық-саяси институт, БАҚ және адамдардың неформалды қарым-қатынасы.

Онымен қоса, берілген дифференциалды құрылым саяси коммуникацияларға қарсы мінез танытады. Мысалы, көптеген мемлекеттік органдар ақпараттық нарықта берілген позицияға оң көзқараспен қарамайды, тіпті кей кезде бөлек партиялар мен қоғамдық ұйымдар өздерінің арнайы қоғамдастықпен байланысты өкілдері болады.

Осындай нәтиже негізінде ақпараттық қатынастық әр түрлі акторлармен байланысын жеңіл көруге болады (бұрынғы не қазіргі тарихи уақыт, осы басқа ел) оларды ешбірінен жоқталып шығады. Мысалы, қоғамдық ой мен оппозициялық БАҚ елде үкіметтік БАҚпен белсенді қарама-қайшылық болуы мүмкін, олар саяси нарыққа ақпаратты басқа елге шығармақ; басқа бір елде орталық және аймақтық қарым-қатынас акторлары тепе-тең дамыған, ал басқа дискуссияда федералды ұғымдағы агенттердің жетістіктері айтылуы мүмкін.

Берілген құрылым саяси коммуникация қызметінде функционалды өзгерісін көре аламыз. Осы себептен ақырғы уақытта батыс елдерінде мемлекеттік құрылымдарға байланысты мінез-құлық мүлдем өзгереді, тік тұрғыдан белсенді ауысады, олар әртүрлі әлеуметтік субъектінің горизонталды контакттардың ақпараттанған қоғамға қатысты болады. Басқа елдерде вертикалды коммуникация және ақпараттық айырбастау жүргізіледі, олар қоғамға қатысты құрылымдарды басқарды және жетектейді.
Бұқаралық коммуникациясындағы БАҚ жүйесі

Апқпараттық нарықтағы саяси стратегияны өңдеудегі басты құралы ақпараттық массалық құрал болып табылады. 1840 ж. болашақ саяси қатынасты сезген, О де Бальзак (Э.Берктан кейін) прессаны «төртінші билік» деп атаған. Бәлен жүз жылдан кейінгі электронды БАҚ және бәрінен бұрын теледидар, саяси дискурстың айнымас элементі, сайлау компанияларының саяси институттың сол уақыттағы әлеуметтік механизмнің басты құралы боп саналды, халықтық биліктің МИКС мазмұнымен параметрлер жүйесі атанды.

Толығымен БАҚтың орнына МИКС шешімдерді қабылдау барысында олардың мүмкіндіктеріне саяси пікірталаста әсерін тигізеді. М.Маккоумз, Д.Шоу, Э.Роджерс және басқа да басқа ғалымдардың көптеген зерттеулері көрсеткендей, БАҚтың маңында мәселелер мен ортақ пікірлерді ұйымдастыра отыра, қоғамның қызықтарын адамдарға объективті ақпарат берілмегендігінде. Осы себепті мемлекеттік сұранысы түседі, саяси мәселелерді, ақпараттық қызметтерді БАҚ арқылы жүзеге асыруға шарт қойылады.

Саяси үрдістің тарихи дамуын қарасақ, одан БАҚтың саяси нарықта партиялық баспасөз ретінде және газет басылымында оқырмандардың тұрақтылығы ретінде болғанын аңғарамыз. Олар тұрғындармен бірынғай дұрыс байланыста болып қоймай, қоғамдық беделді жаулап алды, және де қатардағы азаматты ортақ әлеуметтік процестерге қатысушы, мемлекет пен әлем саясатына өзінің тиесілі екенін үйретіп қойды. Саяси нейтралитеттің тарихи құрылымының жоқтығы, БАҚтың қатардағы азаматтармен жүйелі қатынасы саяси әлеуметте жанұя, мешіт, білім беру жүйесі сияқты әдеттегідей қарым-қатынас институты ретінде жасалды.

Үкіметтің органикалық қарым-қатынас әрекеті және БАҚтың белсенділігімен ортақтастық осы саяси контрагент бақылау жүйесін жүргізеді. Болашақ басты «жылытушы» қоғамдық пікір, саяси дамудың маңызды сұрақтарын қоғамдық мағынадағы белсенділігі, БАҚта бірдей межеде массалық протест ретінде қарайды, саяси жанжал, билік пен қоғам арақатынасындағы дағдарыс, жанжал дамуын жібермейді, ол берілген ақпараттың қоғамға танытады. Бірақта, БАҚтың қызметін бақылауға алып, олардың өзіне пайдалы бағыта жұмыс атқаруына ешбір билік, ешбір қоғам әсерін тигізе алмайды. Ең қолайлысы жеке газет, телеканал меен радио станцияны бағыт-бағдар беру.

Осындай жағдаймен БАҚ не мемлекеттің, не қоғамның толығымен бақылауға алу мүмкін емес. Тәжірибеге жүгінсен, онда ерекше, онда тиянықты және автономды құрылым бар, онымен МИКС айналысады. Онда міндетті түрде қоғамдық қатынас көзқарасы қаралмайды. БАҚтың мынандай автономды саяси позициясы көптеген қиындықтар туғызады, ол элитаға да, азаматтық құрылымға да әсері бар, онымен олар осы институтты бақылауға ала алмайды. Сондықтан БАҚтың шығуына қызықшылық мәселені басқарушы позициясы мен контекстке байланысты болады. Бірақ БАҚтың тұрғылықты тұтынушылары, саясаткерлерге кәсіби қызметтеріне ақпараты алу маңызы зор.

БАҚтың тиянақтылығы мен бақылаусыздығына басты себеп, институттың бір уақытта әртүрлі саяси жағдайларын әртүрлі жүйеде жүргізуі. Массалық ақпаратты тұтынушы адам бір уақытта азамат, продукцияны тұтынушы, көрермен, жанұя мүшесі, мамандық өкілдері, БАҚ бір уақытта әр түрлі әлеуметтік жүйенің элементі бола алады.

Бәрінен бұрын, БАҚ – азаматтардың қызығушылықтарын реттейтін жүйе, тұрғындардың қажеттігін және саяси сыныптардың және арнайы институттың ажырамас механизмі. БАҚ осы сапада стилін ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік органдарды құрудағы процедураларды, элитаны басқаратын процесті мемлекеттегі негізгі саяси компанияларды да өзгертті. Мысалы, сайлау негізінде адамдардың көбі кандидаттардың бағдарламалары мен партиялық жабдықтарына қызықпайды, олар теледидардағы кандидаттық өмірі мен қызметі, газеттегі адамның деректері көбірек қызықтырады.

Атақты жазбалардың, телекомментаторлардың, репортер жүргізетіндердің және жарнама мамандары қоғамдық ойдың бастылары интеллектуалды саяси элита қатарына енді, олар «ортаңғы» европалық, америкалық, австралиялық ортақ қызықты жүргізді. Саяси механизмға қатысты, қатардағы азамат, БАҚ тұрғындар мен билік арасында тиімді азаматқа айналды. Берілген ашықтың арқасында, оперативтілік пен баға мен позиция құраудағы, әртүрлі топтар мен тұрғындар қабатында БАҚ саяси ойындарға әсерін тигізе алады, тіпті оның ережесін модификациялай отырып, жоғары мен төменің байланысын жаңа етіп қарастыра алады. Олар осы негізінде биліктен гөрі қоғамға байланысты болады.

Ақырғы бір жарым – екі он жылдықта БАҚтың ақпараттық нарықта саяси әрекеттері айқын көрінді, болар өкілділік жүйесін құрды. Оқырмандардың (тыңдармандардың, көрермендердің) көңілін аудару мақсатында, олар адамдарды баулуға арналған бағытта пайдаланады. Массалық әсерге қарай отырып, БАҚ «қызықсыз» факторларды алып тастап, басқаларға сенсация жасайды, олар өз материалдарын ерекше, хаттарын біртүрлі етіп жасауға тырысады. Саяси маркетингтің технологиясын пайдалана отырып, олар лидерлер рейтингісін, имиджін құрайды, тұрғындармен байланысты ұстайды. Саяси процестердің хаттары осылай бедендірілсе, олар көңіл көтерілетін сипатта болады, ал саясат шоуға, көрініске, карнавалға айысады. Билік алаңындағы жанжал топтық күрес ретінде байқалмайды, ол белгілі саяси құрылымдар мен доктриналармен байланысты, олар бір-бірімен анық және жабық бәсекелестік көрсететін топтар. Ол өмірлік драма және спорттық жарыстар сияқты, олардың бірінші жоспары – адамдардың өмірі, моральды уайымы, өмірлік сыртқы атрибуттар.

БАҚ бір уақытта қоғам басқаруда құрылым элементі бола алады. Берілген контексте олар қоғамнан гөрі билікке байланысты болады. Олардың көмегімен мемлекет пен басқа да саяси субъектілер тұрғындарды ған ақпараттандырып қоймай, олардың саясаттағы мақсаты мен бағалылықтарын, билік органдарын, элит құрамын, қоғамдық мақсатқа қатысы бар беделдерді, дәстүр мен стереотипті қоғаммен байланыстылығын шешеді.

БАҚ осындай әлеуметтік жүктемемен нарықтық жүйеге бет алады. Осының аясына коммерциялық қызығушылық (бәрінен бұрын пайда) пен тауарға десек ақпарат қатынас кіреді. Бүгінгі күнге дейін, БАҚ қызметін анықтаған факторлар барлық қызығушылық пен профессионалды күш құрастырады.

Берілген қызметкерді іске асыра отырып, БАҚ қоғамды ағартушылық жүйесін құрайды, азаматтарды әлеуметтендіру, қоғамның мәдени стандарттарын жаю негізінде маңызды бетбұрыс болып табылады. Г.Лассуэллдың айтуынша, БАҚ қызметі тұрғындарды саяси ағартуға бағытталуы керек, билік аферасында өз қызығушылығын біле алуы керек дейді. Атақты ағылшын публицист Дж. Риттің ойынша, қатал баға берілген және сенсациялық материалдың негізгі мақсаты саяси журналистика бола алмайды, оның белсенділігін байқататын басты нәрсе мемлекетпен қоғамға бірдей байланысы бар, саяси компетенцияның өсу қарқынын бақылау осы бағыта болуы қажет. Бұл мәселе сапалы журналистикамен шешілуі қажет, бірақ ойын-сауық деп аталатын (сары, таблоидты) пресса (телекөрініс) бар. Тіпті солардың ақпаратары азаматтарға саяси білім, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі танып даму қызметін атқаруы мүмкін БАҚтың қызметін мінез-құлқы рөл мен статустық біріккен бірлестігі. Мысалы, кезеңдік және кезеңдік емес, синхрондылық (реципиент ақпаратты бірден қабылдағанда) және диахронды (ақпарат кешігіп жеткенде) ақпараты қабылдағандағы пассивті және активті мінез және т.б. Бірақ БАҚ әр статусты өзінің негізімен мағынасына қарай бөліп, дамудың тенденциясына қарама-қайшылықтар туады. Бұл негізделген, немесе мысалы, ақпарат пен жарнамалық нарыққа сыйымдылық (БАҚтың басты коммерциялық статусы) төлемділігі ақпараттық және мәселе тәртібі мен азамат қызығушылығы келіспейтін қарама-қайшылықтар тууы мүмкін.

БАҚтың жауапкершілік деңгейі осы әр жүйеде әртүрлі. Мысалы, коммерциялық мақсатта конфиденциалды ақпаратты тарату, БАҚты үкіметтік дағдары және мемлекетаралық жанжал деп жауапқа тартуы мүмкін. Бірақ заңдылық бұзылған жоқ, тіпті осындай акцияда қиыншылық көрсе де, оларды аңдуға ешқандай құқығы жоқ. Қызметтіктің қарама - қайшылығы саяси іздеу жүргізерде, журналисттер нарықтағы бәсекелестік материалдарымен қатар, қоғамдық моральға, елдегі саяси тәртіптің қалыптылығына нұсқан тимеуін ойлануға міндетті.

Массалық ақпаратты таратудағы жан-жақты мақсаттық БАҚ коммуникациясын бұзуы мүмкін, ол қоғамға да, мемлекетке де нұқсан келеді. Бірақ, белгілі жанжалды толығымен болдырмау мүмкін емес, тәжірибе көрсеткендей, ірі БАҚ аясында бөліктерімен рұқсат етіле алады, олар басқаларға әсері тимейтіндей мәселені екінші мәселемен шеше алулығында.

БАҚтың ерекше рөлі, айтып өткендей, ылғи қоғамды бақылауды саяси күрес жүргізуінде. Осы күрес баспа электронды БАҚтың ішкі элитарлы маңызды күрес орнын толтырады. Сайлау нәтижелері саяси курсқа және мүлдем мемлекеттік құрылымды өзгерте алуы басқарма орталықтарына әсерін тигізе алады, олар басқы каналдарға, баспа органдарына массалық газет шығарылымдарына тиым салу үшін барлық мүмкіндіктерін пайдаланады.


БАҚ құрылымы және қызметтендіру мәселелері

Саяси қөзқараспен қарағанда БАҚтың маңызды дифференциясы үкіметтік, опозициялық және тәуелсіз болып бөлінеді. Осы категориялар арқылы БАҚ көптеген нәрселелерді жарыққа шығара алады, оның ішінде қарама-қарсы мәселелер, олар ақпараттық нарықта ылғи болмайды. Ортақ жоспарға алғанда дәл осындай құрылымнан, ешқандай, оның ішінде басқарушылық та, ақпараттық кеңістікте монополиі жоқ, немесе арнайы билікке әсер ететін дискредитация мақсатында күштер болуы мүмкін. Тәуелсіз БАҚ антибиліктік күйді қалай өзгерткілері келсе, солай өзгертеді және басқа күштерді сынай отырып, тиянақты позицияны ұстануы мүмкін. Қандай жағдай болмасын қоғамдық ой бірдей болып келетін тұстары жоқ, кейде әр бағытты ақпарат көздері болып, идеялы бәсекелістік қоғамда өз бағаларын береді.

Осы идеялық бәсекелестік қызмет орталық және периферилік қызметінде БАҚ арнайы реңін береді. Көбінесе, көптеген демократиялық мемлекеттерде үкімет орынында отырып, БАҚ мен оппозициялық күшті бақылауға алып отырады, орталықтанған прессаға қарама-қайшылық түдыру үшін орталық каналдарға телетрансляция үшін ақпараттық барьер құрады. Осындай құрылымда жергілікті БАҚта өз каналы болмауы мүмкін, мөрлік нарық жергілікті басылымдарда ғана болуы мүмкін.

Ағылшын зертеушісі Дж. Курран коммерциялық БАҚ (жеке секторды танытатын), азаматтық (ұжымдық аудитория немесе тұтастай алынған электорат), профессионалды (алдымен профсоюз ойын құптайтындар) қоғамдық – нарықтық, БАҚ, әлеуметтік ортақ қызықтарды танытады. Ақырғысы үлкен аудиторияны қамтиды, ортақ маңызды әлеуметтік мәселелерді қамтамасыз ете отырып, жеке тұлғаға өз көзқарасымен көбіне қарау позициясына жол береді. БАҚтың осындай жұмыс қатары, ақпараттық саяси нарықта қазіргі кездей мемлекет соқтығысады. Мысалы, коммерциялық БАҚтың әлеуметтік немесе саяси мақсаттары үлкен бизнеске құрбан болады. Басқаша айтқанда, қаржылық бақылау, жарнама берушілер мен бастықтардың айқын құптайтындар жабық мәселелерінде көмекке қалдырады, яғни пайда табуға бөгет жасайды. Сонымен қатар, ірі коммерциялық медиакландар ақпараттық кеңістікті үкіметке өз талаптарын айтып жекешелендіргісі келеді.

БАҚтың осы категориядағы қызметі массалық ақпараттық –экономикалық мәселесі деп қарауға болады. Тәжірибеде көрсеткендей, капитал ғана емес, мемлекеттің өзі экономикалық шарт қояды. БАҚтың саясатта жылы көзбен қарау керектігін, ақпараттық нарықта коформисттік курс өткізуіне талап етеді. БАҚ экономикалық қолдаудың басты көздерін өз бақылауына ала отырып, әсіресе саяси қатынастың қоғамға көшуі, мемлекет пен капитал тәжірибесін тәелсіздіктен ажыратады. Ортадағы БАҚ, саяси позиция таңдауда адамдардың мүмкіндігін анық және еркін айырады.

Капитал мен мемлекеттің қарым-қатынасы, бір жағынан алып қарағанда, және қоғам, бір жағында шынайы қарама-қайшылық жасайды, кімде-кім БАҚты біледі (сондықтан олар қоғамға бірдеңе айтуға мүмкіндігі бар және радио мен телевидение естуге және көруге тіпті басқа нәрселерді көруге) осындай себеппен ақпаратты таңдауда кімнің қолы жетеді және пайдаланса солардың қолында еркін түрде ақпарат болады.

БАҚтың құрылымдық элементі олардың түрлі білімдерін ақпаратты таратудағы және азаматтардың байланысы кезінде арнайы әдістепр пайдаланылады. Бәрінен бұрын, оларға телевидение, радио және баспа баспасөз жатады.

Негізінен телекөрініс массалық ақпарат құралының тиімді , әрі мықтысы болып табылады. Әлеуметтік сұрақтар көрсеткенде, адам видеоақпараттың 75 пайзын еске сақтайды. Телекөріністің күші олардың ең бастысы ақпараттың жан-жақтылығы көрерменге көрсету басты қызметі болып табылады. Саясаткердің немесе жеке іс-шараны көрсету олардың басты мақсаты, мәнері және өмірден алынған мәліметтер қабылдауда шынайылық туғызады.

Осындай себептермен адамға немесе адамның өміріне психологгиялық механизмдер «қосылады», ол ақпарат қабылдау мүмкіндігін жоғарылатады.

Телебейне бір уақытта рационалдылыққа, болып жатқан құбылысқа пікірін айтудан құралады. Нақты әр бейнеде ерекеш мазмұн тұрады, ол қабылдауды қалыптастырады. Телеөнім әрине шығармашылық, эстетикалық және мәдени безендірулерсіз жүзеге аспайды. Ол метафоралық мінез бере отырып, көргенін одан әрі құлпырта түседі.

Телекөрініс сонымен қатар, технологиялық әрекеттер саны да болады және видеоматериалдарды ұйымдастырудағы әдістер ақпараттық хабарламалар көлемін жоғарылатады. Мысалы, «жүгірмелі тармақ» және «сурет» немесе әр түрлі сюжеттердің монтажы телеэкранда болып жатқан құбылысқа көңіл аудару үшін адамдардың көңілін тартады. Телекөрініс осындай техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, саяси процестер мен кампаниялардың негізгі құрал-жабдықтары болып саналады, сонымен қатар көрермендер ойын өзіне тартады.

Радио да өте үлкен саяси потенциялды ұстанады. Оның коммуникативті мүмкіндіктері ақпаратты таратуда жоғары оперативтілігінде, ол әлеуметтік аудиторияға дер уақытында хабарламаларды ауқымды жіберіп тұрады. Көптеген адамдар, радионы арнайы тыңдамаса да, өз қабылдағыштарын қосулы қояды. Сондықтан, телекөріністен гөрі радионың мүмкіндіктері көп, және ақпараттар шектеусіз таратылады.

Радио акустикалық, технологиялық тиімділік арқасында ол кең ассоциативті бейнелерді құрайды, драмалық қабылдауларды іске асырады, басқа БАҚ деңгейінде аудиторияның көңіл-күйін басқару үшін пайдаланады.

М.Маклюэн радионың жағдай жасауға мүмкіндігі бар, тыңдаушы шығарылған ақпаратты белсенді ойлағанда, оны «ыстық канал» деп атаған (Телекөрініс айырмашылығы, көрермендер қатысымен бірге және көрермен бейнесі фантазияға шектеу қояды және сондықтан ақпарат таратуда осы канал адам ойына «суық» болып қалады).

Баспа баспасөзі өзінің коммуникациялық ерекшеліктері бар. Оның басты белгісі ақпарат таратудағы рефлексиялық. Баспа өнімдері ақпарат қабылдауда жеке көзқарастардан тұрады және сондықтан оқырмандардың белгілі бір дайындық деңгейлерін қарастырады. Газеттерден ақпарат алушылар әрине оқи алатын оқырмандар, ал телеэкраннан немесе радиоқабылдағыштан ақпарат алушыларға мұндай қасиеттердің қажеті жоқ.

Мұндай тәртіп баспадағы сюжеттік- тақырыптық бағытты анықтайды. Парасатты баспасөз орталығы аналитикалыққа тірек жасайды, оқиғаларды тереңдей ашып, берілген мәліметін жарыққа шығарады, ал «сары» баспасөзде барлығы керісінше болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет