М. Каппасова Саяси технологиялар


Саяси жарнама туралы ұғым, мәні



бет5/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#143428
1   2   3   4   5   6   7   8

Саяси жарнама туралы ұғым, мәні

Саяси жарнама имджді құрудың маңызды тәсілі мен өзіндік бағыты болып табылады.

Ол адамға деген жақсыз бағытталған қатынастың түрін білдіреді, бұл түрі ақпаратты тәуелсіз және бәсекелі таңдау жағдайында адамның ой-санасында сәйкесінше қолдау көрсететініне үміттеніп саяси тауарлардың (кандидаттың, институттың, рәміздің) жағымды бейнесін жасауға бағытталады. Саяси жарнаманың соңғы мақсаты эмоционалды және үйлесімді адамға партияның саяси негізінің мәнін, кандидат немесе басқа саяси объектінің бейнесін жеткізуде, сол арқылы азаматтардың кең аясы тұрғысынан оларға деген жағымды қарым-қатынасын құруда ғана емес, ал оларды қолдауға бағытталған нақты әрекеттерге шақыруында жатыр.

Маркетингтік түрінің ақпараттық технологиялардың т.рі ретінде саяси жарнама өзінедеген жарнама берушілердің азаматтарды ақпараттандырудан гөрі , олардың ой-пікіріне үнемі қызығушылығын тудыратындай етіп орындайды. Қандай да бір тауарларды гарыққа шығара отырып, жарнама адамдардың саяси ұстанымын дербес, саналы таңдауын жігерлендіреді, саясатқа деген ішкі жақындығын сипаттайтын қоғам ішіндегі ауарайын сақтап тұрады. Адам мен биліктің ресми байланыстың үстіне қосыла отырып, жарнамалық технологиялар азаматтың мемлекетпен нақты-мәртебелі қарам-қатынасына жетуге ұмтылады және азаматтардың сана-сезімін ойлай отырып, оларды саяси белсендікке шақырады.

Жарнама қандай да бір институттардың, басшылар мен доктриналардың жағаымды бейнесін жасай отырып, ақпараттық нарықта белгілі бір саяси мақсаттар мен құндылықтарды тұрақты түрде алға сүйрейді. Бұл мағынада осындай саяси тауарлар, олардың танымалдығы беделінің дәрежесі, сондай-ақ оларды халықтың қолдау көрсету дәрежесі де олардың тиімділігінің басты көрсеткіші болып табылады.

Жарнамалық технологияларды қолданудың ерекшеліктерінің бірі ақылы негізде артықшылық бойынша сәйкес келетін хабарларды беру үшін қызмет етеді. Мұндай жағдайда жарнамалық матеиалдардың мазмұны оны тарататын субъектілермен бақыланады және сыртқы тұлғалармен (журнал редакторямен, телебағдарламамен және т.б.) өзгере алады. Сондай-ақ, коммерциялық жарнамаға қарағанда ол әрқашан оппонеттерінің сынына түседі, идеялық ұстанымы мен акценттерінде қатан регламентацияны қамтиды, асыра сілтеуге жол бермейді, ақиқатты қарапайымдап, драммаға әкеледі, жиі адамдардың әлеуметтік шындықты, қайшылықты қабылдау ерекшелігін пайдаланады. Жарнамада жиі саясаткер өмірінің юморлық көрінісінің элементтері де қолданылады.

Саяси назар мен адам белсендігін жетілдіре отырып, жарнама, сонымен қатар, оның саналығынуәкілеттігінің сапалы түрде жоғарылануына есептелген. Оның технологиялары саяси сананың терең немес ойлы элементтеріне ғана емес, ақиқат уақыт режимінде адамның саяси объектілерге деген қатынасын өзгерте алатын жарнама, эмоционалды, жағдайлық элементтерге де әсер етеді. Бұл көзқарас бойынша жарнама мақсаты - өмірдің саяси саласына деген адамның сезімталдығын нығайту және оның белгілі бір саяси мақсатын қолдануға жету.

Жарнамалық технологиялар мазмұны мен түрлері көп түрлі. Олар адресатқа, жарнамалық хабарламаларды тарату уақытына жарнама компаниясы сипатына, орнына және басқа дагеографиялық жағдайларға, сонымен бірге, бірқатар факторларға тәуелді. Жарнамалық технологиялырды жалпылай түрде келесідей топтастаруға болады:

- жаранманың аудио- (аудиорепортаждар, жарнамалық жолдаулар, әңгімелесулер) және визуалды (видеороликтер, телеқойлымдар, теле дебаттар және т.б.) тәсілдері;

- жарнамалық хабарламаларды жіберудің баспа тәсілдері (мақалаларды басу, жаңалықтар құру, интервью және т.б.);

- сыртқы жарнама әдістері (жарнамалық қалқан, афишалар, транспоранттар, үндеу қағаздары, қабырғадағы жазулар, яғни «саяси графити»)

- баспа жарнамаларының амалдары (плакаттар, қатты қағаздар, хаттар, үндеулер, жадынамалар, күнтізбелер, визит карталары, және т.б.);

- тікелей пошта жарнамаларының әдістемесі (нақты саилаушыларға пошта хабарламаларын жіберу);

- жарнамалық сувенирлерді тарату әдістемесі (төсбелгілер, киімдер бас биімдер, іскери сыйлықтар);

- жарнаманың компьюьерленген түрі интернет, арнайы ақпараттық бағдарламалар);

Сонымен қатар қоғамдық, танымал, этика түрінде белгіленген жарнама әдіттерімен бірге, оның саяси қару қоймасында «қара» немесе «батпақтылар» деп аталатын техникалар бар, олар адамгершіліктің танымал нормаларын бұзады, ойыннның ережелерін және кейбір кезде құқықтық мінездегі бұзушылықтарды көрсетеді. Мысалы, ашық өтірік және жалған хабарларымен қатар кейбір саяси күштер басқа материалдарды таратады, олар, халықтың дәстүрлері мен үстемдік етуші құндылықтарын бұзады, бөсекеші атынан мәліметтерді жария етеді, осы мәліметтер халықтың алдында беделік түсіреді; кандидаттар – бәсекешілерге, сайлаушыларға арналған сайлау кезінде олардың «егіздерін» тізілпе тіркейді, бәсекешілердің абыройын төмендету үшін саяси бағалаудан олар оларды жамандауға көшеді, адамның жеке өміріне, жанұасына тіл тигізеді, арандатулар және т.б. жасайды.

Кейбір мемлекеттік органдар осындай технологияларды пайдалануға бейімділік көрсетеді, осында саясаттық көңілік табу үшін сайлау заңдарын бұзады, осылардын немесе басқалардың сайлау кезіндегі күреске килігеді және өздерінің қызметін пайдаланып айқын артықшылықтарды жасайды. Сондықтан «батпақтылар» атты жарнамалық технологиялар заңмендауға кіреді және демократиялық қатар негіздерінің жоюына алғы шарт негізінде қызмет етеді.

Негізінде, мемлекет ақпараттық нарық басында тұру қажет және саяси жарнаманы тарату керек. Көбінесе ақпараттық қатынастар заңнамалық түрінде реттеледі. Бірақ ақпараттық – жарнамалық қатынастардың қиындығымен бір жүйеде болмауы осы үрдісті қиындатады. Әлемде, тек қана Буркина Фасода саяси жарнама туралы заң жұмыс жасайды.


Интернеттің мазмұны мен технологиясы

Интернет мазмұны мен технологиялары желідегі адресаттау жүйесі әрбір компьютерді бірегей байланыс координаталарымен қамтамасыз етеді (дән айтсақ, компьютердің әрбір қорын) және әрбір оның пайдаланушысын.

Белгілі байланыс турлері ретінде келесілер алға шығады:

WWW - Дүниежүзілік өрмешінің өрмегі (желі), миллиардтаған құжаттарды ұсыну мен тапсыруды қамтамасыз етеді, мәтін, графика, дыбыс және бейне қосылған, бүкіл әлем ішінде әртүрлі «сайттар» мен «WEB – беттерде» орналасқан және құжаттардағы «сілтемелер» арқылы өзара байланысқан;

E-MAILэлектрондық пошта, осы арқылы адресаттар бір-бірімен жеке немесе іскер хабарлаулармен ауыса алады, егер адресатта электронды пошталық мекенжайы болса, бұл элетронды мекенжайы пошталық бөлімдегі жалданған абоненттік жәийкпен сәйкес келеді;

USENET – дүниежүзілік дискуссиялық клуб, конференциялар жиынтығынан құрылған («news groups»), жаналықтардың оқу бағдарламасы көмегімен хабарлаулардың тақырыптарын қарап шығуға рұқсат етеді, хабарлауларды тақырыптар бойынша реттеуге болады, өз хабарлауларды түсініктемелермен бірге қосып және сұрақтар қоюға болады;

FTP – компьютерлар арасында файлдарды жіберу қызметі;

TELNET – алысталған рұқсат, пайдаланушыдан алыстанған компьютерде бағдарламаларды орындауға мүмкіндік беретін, сонымен оның қорларын өз өзіне меншікті сияқты қолдану;

PROXY – СЕРВЕР, пайдаланушылар жиі қолданылатын және локалды жүйеде ақпаратты сақтауға арналған сервер.

Интертет соңғы жылдары өзінің ақпаратты алмасу техникалық мүмкіншіліктерінің арқасында белсенді түрде сайлау науқандарын өткізу үшін қолданылады. Осылай, Вебсайтты (беттер) осы немесе басқа партияға не қозғалыстың көшбасшысына жасау , сайлау науқандардың ұйымдастырушылары еріктілердің мобилизацияауына арналған қосымша мүмкіншіліктерді алады, осы немесе басқа депутаттарға көмек көрсетуге дайын, сайлаушылардың сұрақтарына көшбасшылардың жауаптарын дайындауға арналған, сайлау штабына көмекшілерді дайындау, париялар мен қозғалыстарға арналған , қаражаттық көмек жинау, электоральдық нарықта маркетингтік операцияларды жүргізу.

Осы уақытта, соңғы жылдардың тәжрибесі көрсеткендей, депутаттыққа өз кандидатураларын берушілер туралы электронды беттерде әшкерелейтін мәліметтер анонимды түрде тастау үшін қолданылады, сонымен қатар жалған ақпаратты мен басқа мәліметтерді тарату үшін қолданылады , ал осы мәліметтер бәсекешілердің сүйсуін төмендете алады және штабтардың жұмысын бұза алады.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
1) Ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері.

2) Имидж жасау технологиясы.

3) Саяси жарнаманың маңызын ашыңыздар

4) Жарнамалық технологиялардың түрлері қандай?

5) Интернет технологиялардың маңызын ашыңыздар.
9 Тақырып. Сайлау технологиялары

Жоспар:

1) Сайлау технологиялары: түсінігі мен мазмұны;

2) Сайлау бірлестіктеріндегі тактикалық технологиялар;

3) Сайлау үрдісіндегі бәсекелестік күрес.


Сайлау технологиялары: түсінік пен мазмұны

Сайлау науқанын саяси үрдістің бірі ретінде қарастыратын болсақ, ең біріншіден, сайлау науқанының бастаушылары, яғни басқарудың субъектілері болып табылатындарға «ойын шарттарын» айтуға құқықтары жоқ, басқа сөзбен айтқанда өз объектілеріне қажетті нормаларды құра алмайды. Бірде – бір кандидат немесе сайлау ұйымдары электоралды ұстанымның моделі жөнінде көпшілік қауымға бұйрық шығара алмайды. Екіншіден, басқару субъектісі легитивті жәбір көрсету құқығынан айырылады және потенциалды сайлаушыларға әсер етуге немесе санкция қолдануға құқығы жоқ. Демократиялық қауымда адамдарды күшпен белгілі бір кандидатқа дауыс бергізуге борлмайды. Сондықтан, субъектінің басқару объектісіне тигізетін әсері ерекше болу керек жеке тұлғаның мотивациялық ерекшеліктерін ескере отырып, сайлау науқанының өзекті мазмұны халық қалауына күрес болып табылады.

Көпшілік қауымның электоралды мінез–құлқына әсер етудің бірнеше жолдары бар, адамдарды бір кандидатқа дауыс бергізу – сайлау технологиясы деп аталады. Сайлау технологиялардың басты ерекшелігі – сайлаушылардың мінез–құлқын бақылайтын саяси–психологиялық механизмдердің, азаматтарды сендіруге арналған үндеулер, олардың құндылық бағыттарына, қызығушылықтарына, көңіл–күйлеріне әсер ететін механизмдерді қосу.

ХХ ғасырдың ортасына дейін сайлау науқаны кандидаттардың достары мен сенімді адамдары, партия белсенділері, саясаткерлерге көмегін тигізгісі келететін жанашыр адамдардың қолдауымен өтетін.Осындай кандидат көмекшілерінің негізі – олардың жеке ынталылығымен, партияға немесе басқа бір іске берілгендігінің, жауапкершілікті сезінудің, сайлауда жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін аямаудан жүзеге асатын. Осындай адамдардың арасында іскер әрі саяси бірлестіктердің ұйымдастырушылары да болатын, бірақ олар электоральды мінез–құлық ерекшелігі жайындағы ғылыми білім мен сайлау технологияларынан гөрі, өз күшіне, тәжірибесіне, сезгіштігіне сеніп қызмет ететін.

Қазіргі кездегі сайлау технологияларына деген көзқарас практикалық тәжірибенің молдығын және саяси күрес пен ғылыми білімнің бірлесуін қажет ететінімен ерекшеленеді. Сайлау алдындағы күрес алдындағы әдіс–тәсілдерді біліп қоюмен ғана шектелуге болмайды, сонымен қатар жеңістің немесе керісінше жеңіліс пен сәтсіздіктің тереңде жатқан себептерін түсініп технологияларын білу қажет. Бірақ осындай түсінушілік егерде сайлау бірлестігінің ұйымдастырушылары қажетті теориялық білімдері болса, сонымен қатар, көпшілік қауымның көңіл–күйін ескере отырып, жағдайды бағалай алатын бұл тәсілдер адамдардың бағыттың ұйымдастырушылардың қажетіне сай етіп өзгертеді. Осындай жағдай сайлау бірлестіктерінің ұйымдастырушыларын саяси технологиялар саласында арнайы жұмыс істейтін, тиісті біліммен қамтамасыз етілген, білімді мамандардың көмегіне жүгінуге әкеп соқтырады.

Қазіргі кезде көптеген елдерде сайлау алдындағы науқанмен айналысатын бірлестіктерді дайындайтын ұйымдастырушы адамдар мамандығына айналды, сонымен қатар арнайы агенстволар да құрылды. 1968 жылы Парижде саяси бірлестіктер жөнінде кеңесшілердің Халықаралық ассоциациясы құрылды.

Сайлау технологиялары мамандардың қолында көпшілік қауымға кандидаттың жағына ауысуға көп мүмкіндік беріп, олардың электоральды қалауларын өзгертеді. Бірақ бұл технологиялардың жүзеге асуы олардың қарсыластарының саяси жағдайын , сонымен қатар, көпшілік халықтың жағдайын үрдістерін ескеріп отырса, технологиялардың кешенді түрде қолдануынан және сайлау бірлестіктерінің ғылыми қалыптасқан стратегиялары арқылы болады.
Сайлау бірлестіктеріндегі тактикалық технологиялар

Сайлау бірлестіктерінің стратегиялық ойлары тек кандидаттың өзінің нақты жұмыстарында, өзінің жеке командасында және өз еркімен көмектесуші адамдар арқылы ғана жүзеге аса алады. Осы адамдардың іс–әрекеттері арқылы бірлестік бәрімізге таныс бояу алады: жарнамалық өнімнің көпшілікке жайылуы, кандидаттың халық алдында сөз сөйлеуі, көшедегі үгіттеушілердің пайда болуы. Белгілі бір технологияларды таңдап алулары таңдалған тактикаға тәуелді болады, басқа сөзбен айтқанда жұмыстың әдіс–тәсілдері мен жағдайдың дамуына байланысты қызметкерлердің алға қойған мақсаттары арқылы жүзеге асады.

Тактиканың міндеті – көпшілік қауымды кандидатпен таныстыру, ол туралы ақпарат беру,бағдарламасының негізгі мақсаттарымен таныстырып, халықты сол кандидатты таңдау үшін барлық жағдайды туғызу. Тактикалық тәсілдердің түрлерін адамның есіне әсер тигізу әдістері ретінде қарастыруға болады және сайлаушылардың мотивациясын сайлау бірлестігінің ұйымдастырушыларының мақсаттарымен үндестіру қажет. Егер сайлау бірлестігінің стратегясы не істеу керек деген сұраққа жауап іздеу болса, тактика – қойылған мақсатқа жетудің амалы болып табылады.

Тактикалық өнер – бұл ешкімді қайталамайтын тұрақты шығармашылық, басқа ешкім білмейтін жаңашылдық ашу. Себебі әр сайлау бірлестігі сайлаушылардың дауысын алу күресі мақсатында жаңа бір әдіс–тәсілді ұсынады. Снымен қатар, тактикалық тәсілдердің көптігіне қарамастан ең ірі, әрі өтімді тәсілдерді сайлау үрдісінде қатысушылардың көбі пайдаланады, бұл тәсілдерді сәттілікпен немесе сәтсіздікпен әдетте барлық сайлау бірлестіктері қолданады.

Бұл арнадағы алғашқы бағыт – лозунг құру нақты айтсақ, сайлаушыларға арналған үндеу, бұл үндеу әдетте кейін сол сайлау бірлестігінің басты лейтмотиві болып барлық кандидаттың жарнамалық өнімдерінде беріледі. Құрылған жарнамалы сөздің міндеті – сайлаушыға партияның немесе кандидаттың басты бағдарламасының мәнін түсінуге көмектесу болып табылады. Бірақ бұл міндетті орындау үшін бұл құрылған жарнамалық сөз біріншіден, бірлестіктің немесе сайлау бірлестігінің кандидатының басты идеясын көрсете алатын дәрежеде болуы шарт, екіншіден – есте қаларлықтай жарқ еткен формада болуы керек.

Екінші басты бағыты – ақпараттық құралдарды құру. Қазіргі заманда тұрғындарға көптеген түрлі ақпараттар лебі келіп түседі. Және ақпарат түскен сайын жаңа ақпарат алдында түскен мәліметтерді шетке ысырып тастайды. Егер кандидат немесе сайлау бірлестігі өздерін халыққа жариялағысы келсе, халықтың есінде қалғысы келсе, олар әрдайым өзерінің бағдарламасы, жұмысы, жоспары, алға қойған мақсаттары жайында ақпарат құралдарына: теледидарға, радиоға, баспа өнімдеріне керекті ақпаратты таратулары қажет.

Үшінші басты тактикалық бағыт – саяси жарнаманы дайындап тарату. Әдетте сайлау бірлестігі ұйымдастырушыларының өз кандидатының атағын шығаруға арналған жұмысын толығымен жарнамаға жатқызады. Бірақ осылардың арасында көптеген насихаттау акцияларының ішіндегі акциялар баспа өнімдерін сайлау фондының қаржысынан алып жарияланады. Нақты айтсақ, осы өнімнің өзін жарнама деп атауға болады. Бұл – телевизиялық жарнамалық роликтер, үнпарақтар, буклеттер, күнтізбелер, Интернеттегі жарнама, тікелей почта корреспонденциясы және газет журналдардағы басылымдар.

Сайлау бірлестіктерінің ұйымдастырушылары жеке жарнамалық өнімнің шығарылуын толығымен өз бақылауына алады, сол себепті жарнаманың әсерлі, өтімді болуы олардың білімдері мен іскерлік дағдыларына байланысты болады. Сайлау бірлестігінің жарнамасына қажетті кейбір негізгі талаптарды атап өтейік. Біріншіден, кез келген жарнамалық өнім сайлау бірлестігінің негізгі стратегиялық идеясын ашатындай дәрежеде болуы шарт. Оның өнімдері қатаң түрде бақылануы қажет, себебі жай полиграфиялық бояуы жағынан ғана жақсы үнпарақ емес, сонымен қатар ол үнпарақ сол кандидаттың беделін, елге танымал болуын қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, бұл жарнама өтіп бара жатқан адамның көзін тартарлық деңгейде, басынан соңына дейін сол үнпарақты оқығысы келетіндей, ролигін соңына дейін қарағысы келетіндей деңгейде өндірілуі тиіс.Үшіншіден, бұл жарнама информативті және сайлаушыларды электоральды қатынастың бір түріне бағытталған болу керек. Төртіншіден, жарнамалық бейне есте қаларлықтай, қажетті ассоциацияларды елестететіндей, тиісті эмоциональды қатынасты қалыптастыратындай деңгейде болу керек. Осы жағдайда ғана жарнама сайлаушыларға тиісті әсерін тигізе алады.

Жарнаманың өтімділігін жоғарылату үшін оны іске асырудың көптеген түрлі технологиялары қолданылады. Мысалы, үнпарақ шығарған кезде оның түсі, түрі, шрифттің өлшемі, партия белгісі немесе кандидаттың портретінің қай жерде орналасуы, жарнамалық ролик шығарған кезде – роликтің темпі, бейненің түсі, әуені барлығы маңызды рөл атқарады.

Төртінші басты тактикалық бағыт – кандидаттың сайлаушыларға арналған үндеуін ұйымдастыру жұмысы. Осындай кездесулерді білікті ұйымдастыра алған жағдайда кандидаттың сайлаушылармен тікелей байланысы сайлаушыларға оң әсерін тигізеді. Осындай кездесулер кандидат пен сайлаушылар арасындағы жағымды эмоциональды байланыс пен олардың электоральды қатынасына әсерін тигізеді. Бірақ осындай кездесулер алдында тек қана кандидаттың басшылығын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар оның командасының халық алдында бірлескен алдын алу жұмыстарының өткізілуі қажет. Бұл жұмыстың мәні тұрғындардың көңіл–күйлері жайында, қызығушылықтары мен сайлаушылардың бағыттары жайында ақпарат жиналу. Осындай акциялардың өткізілуі алдында адамдардың эмоционалды көңіл–күйлерін бағыттайтын алдын алу шаралары өткізіледі. Бұл үшін тиісті әуен көпшілік қауымға арнайы таңдалынып, кандидаттың бейнесін визуалды, вербалды түрде қабылдануына барлық жағдай жасалынады.

Бір сайлау бірлестігінінде қолданылатын тактикалық әдістердің алуан түрлілігі олардың үйлесімділігін қажет етеді. Сол себепті сайлау бірлестіктерінің тактикасы әрқашан жоспарланады, яғни кандидаттың, оның қол астындағы қызметкерлерінің түрлі жұмыс бағыттарына (жарнамаға, ақпарат құралдарымен байланыс жүйесіне, іс–шаралардың өтілуіне, қарсыластарының жұмыстары бойынша ақпарат жинау т.б. ) жауап беретін жұмыс жоспары құрылады.
Сайлау үрдісіндегі бәсекелестік күрес

Қазіргі кезде кандидатқа және оның командасына өзінің сайлау бірлестігін әрқашан сайлаушылардың дауысын алу мақсатында қатаң бәсекелестік күресте сақтауы қажет. Бұл күрес үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

- кандидат атағын және оның бағдарламасын алға қарай ілгерілету;

- қарсыластардың әлсіз жерлерін тауып сынау;

- кандидатты және оның бағдарламасының әлсіз жақтарын қарсыластардан қорғап қалу.

Кез келген сайлау бірлестігінің жұмыс барысында осы үш бағыттың үйлесімділігі жайында туатын сұрақтарды шешуге тура келеді. Сайлау науқанындағы күресті өз бағдарламанды насихаттау арқылы құруға болады. Әдетте бұл бағытты билікке жеткен, белгілі нәтижелер көрсеткен партиялар мен кандидаттар таңдайды. Басты бағыт ретінде қарсыластарды сынау позициясын алуға болады. Бұл бағытты билікке қолы жете алмаған оппозициялық күштер мен кандидаттар таңдайды. Егер сайлау науқанының алдында кандидат атағын шығару, бағдарламаны жарнамалау бағыты, яғни үшінші бағыт таңдалынса, бұл бірлестіктің әлсіздігін көрсетеді.

Кейбір кезде сайлау алдындағы күрес бір-бірін әшкерелеу жарысына айналып кетіп шектен шығады. Осындай қатал күрестің мақсаты тек қана өз қарсыласын тығырыққа апару емес, сонымен қатар, оны қателестіп, өзінің сайлау бірлестігімен ұтылсын деп психологиялық тепе-теңдіктен шығару. Сондықтан да сайлау бірлестігіне дайындалған кезде алдымен өзінің әлсіз жақтарын біліп, алдын ала өзін қорғауға дайындалып, қарсыласына қарсы ақпарат жинау қажеттілігі туады.

Сайлау науқанының алдында тәжірибеде көпшілік қауым назарына қарсыластарына жайында ақпарат беру әдеттегі нәрсе болып саналады. Мұндай материалдар ертерек дайындалады: қарсыластың өмірбаяны қаралып, оның сәтсіз істері, әлсіз жақтары қарастырылады. Мұндай сәтті көпшілік алдына ұсынуды да білу қажет, егер бұл ақпаратты ерте беріп қойса жаңа ақпарат оны ұмыттырып жіберуі мүмкін, ал егер дәл сайлаудың алдында берсе елді құлақтандыруға уақыттың жетіспеуі мүмкін. Егер осындай мағлұматты жинау мүмкіншілігі болмаса, қарсыластың кез келген қылығын пайдалануға болмайды. Теледидардан көрсеткен жағдайда кандидаттың сөйлегенде тіл кемістігі немесе тағы сондай сияқты кемшіліктер болатын болса халықтың нзарын осы кешіліктерге аудартуға болады.

Өкінішке орай, қарсыластармен күрес кезінде «арам технологиялар» да қолданылады. Осындай жағдайда олар ақпарат іздеймей-ақ, өздері жалған ақпаратты таратады, немесе қолдағы мәліметтерді өзгертеді. «Арам технологияларға» сайлаушыларды «сатып алу»; сайлаушылардың бағыттарын өзгерту мақсатында қарсылас кандидаттармен тектес адамдарды тауып алу; насихат жұмыстарын заң жүзінде жүргізуге болмайтын күні қарсыластың атынан үнпарақтар тарату; қарсыластарының атына кір келтіретін құпиялы түрде сауалнамалық сұрақтар алу, және т.с.с.

Сайлау науқаны кезіндегі бәсекелестік кез келген кандидатты қолдауын немесе қолдамауын насихаттайды. Демократиялық елдердегі заң негізінде жарнамаға тыйым салынбайды, бірақ күрес кезінде кандидаттар үшін белгіленген кейбір шектеуліктер қойылады, бұл заңды ешқандай кандидат аттап өте алмайды. Бұл күрес жалған фактілер мен қасақана жасалған іс-әрекеттерге, заңбұзушылыққа негізделмеуі тиіс. Төмендегідей жағдайлар арқылы ғана бәсекелестік күрес өзінің негізгі міндетін орындай алады – егер кандидат өз ісін оғаш қылықтармен ластамай, түрлі жағымсыз істерге араласпаса.

Арандатушылықтарда, кім сайлаушылардан көпшілік арасында ұнатуларға ие болды.

Сонымен, сайлау технологиялар бұл сайлау науқандарын өткізу мен үйымдастыру тәсілдері кандидат пен оның командасы бірлесіп жасаған әр түрлі бағытталған іс әрекеттер жатады, осы іс әрекеттер нақты саяси мақсаттарға жетуге бағытталған. Осы іс әрекеттердің тиімділігі келесіге тәуелді, біріншіден, сайлау науқанның бастаушылары сайлау округте тандау жасай алатындығы және, екіншіден, оны өткізуге олар шығармашылық жағынан қалай келгендері, сонымен бірге адамдарға олардың назарлары мен мүдделеріне сай келетіндігін ұсынуға қолдарынан келді ме.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
1) Сайлау технологиялардың ұғымы мен маңызы.

2) Сайлау науқандарда практикалық технологиялар.

3) Бәсеке күресінің негізгі бағыттары?

4) «Лас технологиялардың» маңызы неде?

5) Сайлау технологиялардың тиімділігі неде?

«Саяси технологиялар» пәнінен курстық

жұмыстың тақырыптары
1 Қоғамның саяси жүйесін зерттеу және партиялық одақтар мен көшбасшылардың саяси қорларын зерттеу.

2 Саяси құрылымдар, үрдістер мен қатынастарды зерттеуге мәліметтерді жинау әдістері.

3 Саяси жағдайдың диагностикасы және саяси зорланушылықтың күй жағдайлары.

4 Саяси дауларды жұмсарту мен жоюдағы кеңестік қызметтер.

5 Саяси аудит диагностиканың құралы ретінде

6 Саяси даудың әлеуметтануы.

7 Саяси дауларды реттеу механизмі ретінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.

8 Дағдарысты саяси жағдайларды ұйымдастыру жүріс тұрысы мен әлеуметтік саяси үрдестердің мониторингті жүргізу әдістемесі мен техникасы.

9 Саяси саладағы басқару шешімдері.

10 Саяси қызметті жоспарлау.

11 Саяси кенесшілер, консалтинг қызметтері мен фирмалар арқылы басқару шешімдерін қабылдау.

12 Саяси көшбасшы мен саяси құрылымның имиджі.

13 Саяси көшбасшысы мен құрылымның имиджін қалыптастыру мен қолдау үшін кеңес қызметтерінің әдістемесін жасау

14 Ерекше саяси ұсыныстарды қалыптастыру.

15 Сайлау науқанының стратегиясы мен тактикасы.

16 Саяси менеджер: сөйлесу үрдісін және әр түрлі акцияларды жоспарлау.

17 Саяси жарнама және оның саяси сапаға, дәрісхананың электоральдық жағына әсер етуі.

18 Сайлау науқанның кезеңдері және электоральдық пікір мен мінез-құлықты қалыптастыру.

19 Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси жолдары таңдауды қалыптастырудағы ақпараттық ықпал етуі.

20 Саяси мониторинг саяси жүйелер мен үрдістерді басқару механизмі ретінде.

21 Қабыл алу циклінің ұғымы мен саяси шешімді іске асыру жолдары.

22 Қабыл алу цикілінің және саяси шкшімді іске асыру жолдарының түрлері (нұсқалары).

23 Қолданбалы саяси зерттеуді ұйымдастыру.

24 Үлгілеу саяси талдау мен болжаудың құралы ретінде.

25 Саяси болжау: объективті және субъективті әдістер.

26 Саяси жағдайлардың дамуын болжаудағы сараптау бағаларды қолдану әдістерінің кезеңдері мен негізгі принциптері.

27 Саяси үрдістің болжау сценарийлерін құрастыру, олардың ақпараттық базасы, әр түрлі нұсқада болуы, компьютерлік үлгілерді қолдану.

28 Саяси тәуекел ұғымы, оның деңгейін бағалау әдістемелері.

29 Саяси маркетингтің мазмұны мен функциялары.

30 Саяси шешімді жобалау.

31 Саяси шешімдерді қабыл алу мен іске асырудағы эксперттік және академиялық бірлестіктердің дайындау үрдісіндегі рөлі.

32 Партиялық тізімдермен таңдау ерекшелігі.

33 Сайлау науқандардың қорлары, стратегия мен тактикасы.

34 Сайлаудың «Далалықтар» атты технологиялары және оларды қамтамасыз етуі.

35 PR-қамтамасыз ету мен БАҚ-пен жұмыс.

36 Сайлаулардың заңдылық пен легитимділік күшін қамтамасыз ету.

37 Ақпараттық, аналитикалық және ұйымдастыруды қамтамасыз ету технологиялары.

38 саяси талдаудың пайда болуы мен дамуы.

39 Саяси шешім талдаудың объектісі ретінде: белгілері, түрлері, құрылымы.

40 Саяси талдаушының рөлі мен мәртебесі.

41 Қазіргі кезде саяси коммуникация түрлерінің даму тенденциялары.

42 Саяси саладағы PR функциялары: мемлекеттік үкімет пен басқару органдары PR-бөлімшелерінің ақпараттық қызметі.

43 Саяси саладағы PR функциялары: саяси науқанда коммуникацияны басқару.

44 Сайлау үрдістерінде саяси коммуникацияны құқықтық қамтамасыз ету.

45 Саяси маркетинг жүйесіндегі саяси PR.

46 Саяси маркетинг жүйесіндегі саяси жарнама.

47 Сайлау науқанындағы саясы нарықтың субъектілері, PR толық дәрісханасы ретінде.

48 Қазақстандық саяси мәдениетінің ерекшеліктері, Электоральдық мінез-құлыққа әсер етуі.

49 Сайлау нақанды жоспарлаудағы негізгі кезеңдері.

50 Сайлау науқандардың ақпараттық қорлары.

51 Саяси науқандар ішінде қоғамдық пікірлерді зерттеу.

52 Кондидаттық саяси имиджін құрастыру.

53 Саяси партияның имиджі.

54 БАҚ-ғы PR-ұсыныстардың түрлері.

55 Прессадағы саяси жарнама.

56 Саяси науқандар шеңберіндегі арнайы іс-шаралар.

57 Саяси науқандардағы дағдарысқа қарсы коммуникациялар.

58 Сайлау нақандарда теледебаттар.

59 Сайлау науқандарда сайлаушылармен кездесу.

60 Митингтік коммуникациялардың ерекшеліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет