М. Каппасова Саяси технологиялар


Қоғамдық ойдың қалыптасуы



бет2/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#143428
1   2   3   4   5   6   7   8

Қоғамдық ойдың қалыптасуы

Қоғамдық ойдың қалыптасудағы механизмі әр түрлі болып келеді, ол азаматтық қоғамның билікпен қатысына байланысты. Ортақ алғанда эмоцияналды, стихиялық және рационалды – танымдық болып оның қалыптасу жолын бөліп қарастырады.

Эмоционалды, сезімдік тәсілдер және механизмдер коммуникация негізінде тұлғааралық болып қалыптасады. Бірақ топтық және көпшілік ойымен келісу үшін біраз уақыт өтуі қажет. Бұл жерде механизмдердің психологиялық рөлі басым келеді.

Қалыптасудағы стихиялық тәсілдер көбінесе БАҚ лидерлерінің ойларына негізделеді. Алдымен беделді лидердің позициясы азаматтар ойына әсерін тигізеді. Қалған басқа адамдар осы ойға келіседі, осының арқасында саяси мүмкіндіктер кеңейеді.

Берілген қоғамдық концентрация тәсілі аясында БАҚ қарама-қарсы сөздерден құтылып, белгілі бір түсіністікке келуін талап етеді. Бұл жерде белгілі қарым-қатынас, эмоционалды жағдай, шаблондар және стереотиптер қатысады.

Қоғамдық позицияда осы тәсілдің қалыптасуында лидерлердің ойлары ғана жоғары емес, сонымен қатар, интеллектуалды элитаның да ойы жоғары. Бірақ билік басындағылар айтылған ойлар мен бағаларға келіседі деген ешқандай кепілділік жоқ.

Қоғамдық ой сонымен қатар арнайы құрылымдар әрекетінен, партиялардан, қозғалыстардан, аналитикалық құрылымдардан тұрады, олар қоғамдық көзқарастан белгілі бағалау жөнінде кәсіби деңгейде айналысады. Бұндай іс-әрекет қоғамдық позицияларды даярлаудағы, каналдарды қалыптастырудағы, ақпарат таратудағы тәсілдер және оны билік құрылымдарына тарату болып табылады.
Өзін - өзі текесеруге арналған сұрақтар
1) Саяси коммуникация нені білдіреді?

2) Саяси коммуникация құрылымы дегеніміз не?

3) Массалық коммуникация жүйесінде БАҚтың рөлі?

4) БАҚ құрылымдарын анықтаңыз.

5) Қоғамдық ойдың қалыптасуындағы механизмінін анықтаңыз.
3 Тақырып. Саяси талдау

1) Саяси талдау жасау амалдарының құрылысы мен ерекше белгілері;

2) Саяси талдаудың жеке әдістері.
Саяси талдау жасау амалдарының құрылысы мен ерекше белгілері

Саяси талдау амалдарын екі топқа бөлуге болады, олар – жалпы және жеке. Жалпы амалдар талдаудың әр қадамының бағытын, қарастырылу жағын және тәсілдермен қамтамасыз етілуін білдіреді. Бұл топқа ивент-талдауды (ағылшын event-оқиға), ситуациялық талдауды және т.б. жатқызуға болады. Жеке амалдарына статистика, социология, экономика және т.с.с. пәндерден алынған стандартты амалдар жатады; оларды әр түрлі комбинацияларда жеке қадамдап қолдану белгілі бір мақсаттан, мысалы, мәселенің сипатымен, зерттеу бағытымен, қайнар көздерінің бар болуымен, организациялық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуімен, т.б. белгіленеді. Бұл топқа іріктемелік амалды, эксперттік бағалау амалын, корреляциялық және факторлық талдауды, контент – талдауын, математикалық модельдеуді, пайда және ұстап қалу талдауын жатқызуға болады.

Жағдайды бағалау және интерпретациялауды қалыптастыруға көмектесетін жалпы амалдардың арасынан ивент-талдау ең маңызды амал болып табылады. Бұл амалдың арқасында саяси процесс саяси лидерлердің сөздері, жалпы көтерілістер, нормативтік актілерді қабылдау және т.б. оқиғалар қатары түрінде көрсетіледі. Әр оқиға жағдайға әсер етеді және әр оқиғаны жасайтындар - өзінің ерекше көзқарасы бар белгілі бір адамдар. Бұл амалдар саяси оқиғалар қатарын реттейді (жаңа концептуалды сызбаның әсерінен қарама-қарсы қате қорытындылар шығуы мүмкін). Реттеудің арқасында объективті тенденциялар көрсетіледі. Нәтижесінде объективті бағалау керек.

Ивент-талдаудың типтік сызбасы төмендегідей:

- саяси процеске қатысушылар мен саяси емес субъектілер қатарын анықтап, қатысушылар әр қайсысын немесе толығымен процеске жағдай жасау;

- саяси анықтауда баға деңгейі және басқа да қатысушылар мен осы күшті қолдаушылар;

- стратегиялық мақсат пен саяси процеске қатысушылардың тактикалық есебі, саяси күш пен қызығушылықтар конфигурациясы;

- стратегиялық кеңес пен тактикалық коалициялар мүмкіндігін анықтау, өздігінен дамитын сценарийлер құрылысы және қатысушылар мен саяси процестегі субъектілердің саяси дамуының жағдайындамушылық сценарилерінің бағалау мінездемесі;

- альтернативті іс-әрекетке және жетістікке жетудегі бағалау мүмкіндігі қалыптастыру;

- оптималды негізіндегі нұсқа мақсатты стратегияны саяси жағдай дамуын қадағалайтын саяси жағдай құру және оны өңдеудегіқұралдар мен ресурстар.

Осындай ретпен, авент- талдау әдісі келесі сызба түрін көрсетеді: саяси жағдай – оқиға – орта – қатысушылар (оның ресурстары, қызығушылықтар, бір-бірінебайланысы) – шектейлі қызмет – мақсаттар мен тапсырмалар – альтенативті шешім – сценарий менболжам – іс-әрекет стратегиясы.
Саяси талдаудың жеке әдістері

Саяси талдаудың жеке әдіс спецификасы саяси талдау құрылымының процесімен сәйкес келеді, шарт және межелер санатында маңызды этап жағдайында, сонымен қатар, олардың аналитикалық және қажетті мүмкіндіктері сәйкес келеді.

Мәселенің құрылуы мен концептуализация зерттеуді таңдау әдістерін қажет етеді контент – талдау, сұхбат, тестілеу, экспериментальді әдіс, саяси талдау барысында ақпараттық базаны кеңейтеді. Осының негізінде бейнелік, сапалы және тағы да басқа әдістер пайдаланылады. Тарихи, нормативті, құрылымдық-қызметті, жүйелі, институтты және басқа да тарихи контекстті айқындайтын мәселелер «қатарлау» қарастырылады.

Коррекциялық талдау, сызбалы және көп регрессиялы әдістер тәуелді және тәуелсіз өзгерістердің байланысын өлшейді. Әдістерді пайдалануда стандартты және шартқа қажетті бола отырып, регрессиялық әдіс өзгерістер арасындағы себепті бақылау байланысын шеше алмайды.

Статистикалық талдаудың шексіз мысалы, эмперикалық бағалаудағы модельді жолы өзгерістің бірінен біріне өтуін нақты талдайды, оны пат – анализ деп атайды. Онда эндогендік (берілген модеьдің ішкі өзгерісін анықтайды) және экзогендік (берілген модельдің сыртқы факторларын анықтайды) өзгерістері бар. Бұл жерде рекурсивті модель ұғымы басты рөл атқарады, ол өзгерістер арасында бір-біріне деген байланыс бар, олар бір бағыттағы мінезді құрайды, сонымен қатар, кез келген өзгерістерге керісінше байланысы бар рекурсивті емес модель болады. Осының есебінде статистикалық өзгеріс аралық байланыс мүмкіндігі туындайды.

Пат-анализдің ерекшелігі өзгерісті біздің моделімізге байланысты екенін ғана талқыламайды, сонымен қатар өзгерістің басқа өзгеріске берілген модель бойынша қандай әсері бар екенін қарастырады. Бұны біле отырған, біз нұсқалықты өңдей аламыз, ол тәжірибелі шартқа өзгерістің тиімділігі мен біздің шартты қабылдауына әсерін тигізеді.

Жеке әдістер арасында факторлық талдау маңызы орынды иеленеді, немесе көп өлшемді математикалық статистика әдісі көмегімен жағдайдың арасындағы коррелыциядағы жұптық өлшем негізінде жаңа өзгеріс нығайған тікелей өлшенбейтін; нығайған өзгерістерді факторлар деп атайды.

Мәселен жағдайды модельдеу кезінде, математикалық және компьютерлік имитация әдісі қолданылады, осының арқасында аналитик осы әдістердің көбін ала алады, логикада, статистикада, физика, экономика және білімнің басқа да, бөлімдерінде өңделеді, және де саяси жағдайды оқығанда пайдаланады. Математикалық әдіс нақты және құбылыстар арасында келіспеушілік жағдайлар туғызбайды; өткен осы және келер шақтағы жағдайларды шығаруға мүмкіндік туғызады, сонымен қатар, болашақтағыдай процестердегі күш әрекетін, қазіргі заман шарттарын іске асырады (мысалы, маңызды термоядролы конфликт). Саяси талдау моделін төмендегідей үш топқа негіздеуге болады:

1) детерминирлі (каузалды) модельдер, жүйені оқуға байланысты себепті-бақылау математика түсінде;

2) ықтималдық әдістер, рационалды таңдауға методологияға негізделген (яғни субъект пайда мен ұстаным қатынасында мүмкіндікке қарайды);

3) оптимизация моделі, жобалауға құрылған, кейбір өзгерістер немесе жағдайлар зерттеліп отырған процесс үлкейтілген немесе кішірейтілген.

Аналитикалық процестің маңызды этапы – мақсат құру, саяси талдау классиктарының біріндей А.Вилдавски, «көбейген, қарсы пікірлі және жайылмалы» сонымен қатар абстарктілі мақсаттың әдісі пайдаланылады, шарттар құрылады және жетістікке жетудің нақты әдістері пайдаланылады. Осымен қатар тапсырмалар негізінен шарт саяқты түсіндіріледі, ол ресурстар секілді, мақсатқа жету үшін қанағаттандырылған болуы қажет және де жетістікке жетудегі нақты өлшемдер альтернативті мақсатқа жетуде бағалау критерилеріне қызмет етеді. әдістің құралуы, осы этапта пайдаланылады, көбінесе экспертті бағалау іске асырылады (мұндай қосымша, мақсат ағашы құрылғандай болады).

Осы тапсырмаларды шешуге прогноздар құрылылы және тиімді альтернатив таңдауы байланысты болады. Саяси альтернативтің стандартталған әдіс бағасы, шетелдерде тәжірибеде саяси талдауда алған пайдалану - пайда мен ұстаным талдауы (ПҰТ). Берілген әдіс жалғыз мағыналы мақсаттың тиімділігі берілген жағдайда. Концептуалды (ПҰТ) өте жайғана: ол барлық мүмкіндік альтернативтік ақшалы форма ауыстырып, өзіне деген пайданы көреді. Осының негізінде ПҰТ аясында, біз тіпті әр түрлі мақсат алсақ та, бұл сөз пайда мен ұстанымға әкеп соқтырады.

Көптеген критерилер негізінде шешім қабылдау үшін, олардың араларынан компромисс табудан тұрады, және де «тапсрыс беруші» аналитикалық қандай межеде айыра алатынын білу. Осындай әдістердің бірі қанағаттандыру альтернативінің әдісі, ол мағыналық анықтауын қажет етеді. Мақсатқа жету жолында мағынаға көптеген ұсыныстар беріледі, онда альтернативтерге таңдау жасалып, (студентерге таныс «сынақ-сынақ емес» формуласы) оған сәйкес келмейді. Мәселе альтернативтің келіспеушілігінде туындайды – онда альтернативтердің жақсысы немесе өтпелі мағынаның деңгейі төмендетіледі (ереже бойынша осылай өтеді).

Осы мақсатта доминанттық альтернатив әдісі әр альтернативтің жеке критерилері туындайды (яғни ол енді «емтихан» «бағамен»). Альтернатив оптималды іс, егер ол басқаларынан қалыспаса, онда ол басқаларына жол бермейді. Ескерту әдісін көптеген альтернативтер түрімен ажыратуға болады.

Эквиваленттік альтернатив әдісі критерилердің бірімен таңдалады, ол сандық шәкіл бойынша ескеріледі (ережеге сай ақшалай) және әр альтернативцедурасы іске асады, осындай бара таңдалған критериялармен біз «құрбан ету» басқа критерилерге компенсация үшін жасай алар едік.

Саяси таңдау аясында әр түрлі математикалық әдістемелер жүргізіледі, соның ішінде компьютерлі бағдарлама ол берілген формалды қатаңдылықты қажет етеді.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
1) Саяси талдаудың құрылымдық әдісі қалай?

2) Ивент – анализ дегеніміз не?

3) Саяси талдаудағы жеке әдіс дегеніміз не? Және оның маңызы неде?

4) Математикалық талдау әдісін қандай үш топқа бөлуге болады?

5) Саяси талдаудың маңызын аш.
4 Тақырып. Саяси кеңес беру
Жоспар:

1) Саяси кеңес берудің дайындық және басты стадиялары;

2) Кеңес берудің соңғы қорытынды кезеңі.
Саяси кеңес берудің дайындық және басты стадиялары

Саяси процестермен басқарушы есептердің әртүрлілігі негізінде кеңес алуға тура келеді, кеңес беру процесі ортақ логика, ерекше фазалар және тапсырыс берушімен әрекеттесу, тапсырма мен мақсатты ажырату спецификасынан қалыптасады. Осының ерекшелігі кеңес берудегі жеке саяси және мемлекеттік ұйымдардың тапсырманы шешудегі жолы.

«Тапсырыс берушінің» бірінші контактысы және кеңес беруші, келесі жұмысты атқару, кеңес беруге дайындық этапына қатыстылығы. Негізінен осы этапта тапсырма айналасы ашылып, ұйыммен танысу кезінде кеңес берушінің көмегімен мәселелер шешілуі қажет.

Бұл жағдайда кеңес беруші, ең алдымен, «тапсырыс берушінің» одан көмек сұрауының нақты себептерін анықтап алуы қажет. Себебі, сырттан мамандарды шақыруда басқа мақсатты көздейтін жайттар да кездеседі немесе кеңес беруші шақырылған мәселеледен басқа мәселе пайда болады.

Осы мәселелерді анықтау үшін кеңесші осы кезеңде мәселелік жағдайды анықтауға және оны шақырып отырған құрылымның қызметіндегі күшті және әлсіз жақтарды анықтау үшін бағытталған мәселенің алғашқы диагностикасын өткізуі керек. Бұл үшін кеңесші ұжымның жеке мүшелерімен және ұйымның жетекшілерімен сұхбат өткізеді, топтық микросауалнама жүргізеді, тіпті, қызметкерлермен сауалнама жрүгізуі де мүмкін, ал соңында өзінің алдын-ала жасалған бақылауының қорытындысын жалпылап, жинақтайды.

Мәселелік жағдай анықталған соң, кеңес беруші бір уақытта өзінің болашақ қызметі үшін аймақ дайындайды. Кейде, мәселені шешудегі толық немесе жекелей табыс деп санауға болатын, яғни, оның кәсіби қызмтін өлшеуге болатын критерийлер шешіледі.

Дайындық кезеңінде шешілетін маңызды тапсырма-кеңес берудің техникалық дайындығы. Мұнда кеңес берушінің арнайы жабдықпен қамтамасыз етіліп, оның жұмыс жағдайын жасауды анықтау кіреді. Басқаша айтсақ, бұл кеңес беру ресурстарын мобилизациялау үрдісі .
Кеңес берудің соңғы қорытынды кезеңі

Мәселелік жағдайдың белгілі себептері мен оны реттеуге қатысатын адамдардың анықталуы негізінде кеңес беруші осы қалыптасқан қарама-қайшылықты шешу бойынша ұсыныстарды қарастыру кезеңіне көшеді.

Бұл кезеңдегі орталық звено-кеңес берудің ақпараттық базасын нақтылау болып табылады, бұл үшін кеңес беруші өзінің талдаулық ақпаратын «тапсырма берушідегі» ақпаратпен келістіреді. Бұл жағдайда кеңес беруші «тапсырыс беруші» жетекшілік ететін конфиденциалды құпия ақпаратпен танысуы қажет. Бұл осы жағдайдан шығу үшін «тапсырыс беруші» жасайтын әрекеттің негізіндегі ең ортақ шектеулерді түсінуге көмектеседі.

Осы кең ауқымды ақпараттың негізінде ұсыныстар жасау жағдайын модельдеуді, жағдайдың дамуының нақты бір сценариін құруды, қызметтің бір ережесі мен нормасын жасауды қамтамасыз етеді. Кеңес беруші «тапсырыс берушіге» әр модельдің көзқарасы жағынан, жағдайдың даму болжамы бойынша оның ұсыныс қабылдау немесе қабылдамау салдарын анықтауды ұсынуы қажет. Соңында, кеңес беруші өз ұсыныстарын құжат бойынша ресімдейді.

Ұсынысты іске асыру, енгізудің келесі кезеңі Келісімшарт анықтаған кеңес берушінің екі жақты қатысуын анықтайды. Егер онда кеңес берушінің жобаны іске асыруға қатысуы қарастырылса, онда ол ұйымның практикалық қызметінде нақты бір позицияны ұстайды және нақты бір қызметтерді орындайды. Егер келісімде кеңес берушінің қызметі тек ұсыныс берумен шектелсе, онда бұл кезеңде қызметті жүзеге асыру процесінен шығып қалады. Кейбір жағдайда кеңес берушінің қатысу сипаты қайта қаралып, айтылады және «тапсырыс берушімен» ерекше Келісімшартпен қайта құжаттық түрде ресімделеді.

Егер кеңес беруші ұсынысты жүзеге асыруға қатысатын болған жағдайда, оның түрлі адамдармен, топтармен ішкі және ұйымнан тыс байланыстары мен қатынастары қалыптаса бастайды. Осыдан түрлі қақтығыстар туады.

Келесі кезеңдерде қызметтестіктің қарқындылығы «тапсырыс берушімен» күрделі қарым-қатынаспен немесе басқаша ауысуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, қосылған кеңес беру мақсатты болып табылады, себебі, тәжірибе түсінуді қажет ететін және қызметтің қажетті түзетулеріне әкеп соғатын жаңа фактілер туғызуы мүмкін. Осының есебінен осы үрдіске енген және қызмет жасаушы субъектілер арасындағы консенсусты қамтамасыз ететін мәселе де оптималды түрде шешіледі.

Кеңес беруші мен «тапсырыс берушінің» өзара әсерінің соңғы қорытынды кезеңі қызметтестіктің қорытындысын шығаруды білдіреді, мұнда кеңес берудің жалпы бағасы беріледі, екі жақтың міндеттемелері бойынша соңғы есеп жүргізіледі, болашақ серіктестікке жоспарлар анықталады.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар
1) Саяси кеңес берудің мәні неде?

2) Саяси кеңес берудің кезеңдері қандай?

3) Кеңес берудің бастапқы кезеңіндегі кеңес берушінің әрекеті қандай?

4) Кеңес берудің техникалық дайындығы неден тұрады?

5) Кеңес берудің қорытынды кезеңі деген не?
5 Тақырып. Саяси келісімдер
Жоспар:

1) Келісім саудасының моделі: қатаң, жұмсақ және аралас стратегиялардың мүмкіндіктері мен шектеулері;

2) Келіссөздерде ойын теориясын қолдану: интегративтік, полемиялық және принципиалды стратегияның мүмкіндіктері мен шектеулері;

3) Интегративтік, полемиялық және принципиалды келіссөздер.


Келісім саудасының моделі: қатаң, жұмсақ және аралас стратегиялардың мүмкіндіктері мен шектеулері

Белгілі болғандай, келісім үстеліндегі қатаң, конфронтациялық жағдай әскери әрекетті еске түсіреді. Мұнда қолданылатын әскери тәсілдер мен амалдар өзара келісімге келетін саяси тактикаға қарағанда әскери тактикаға жақын болады.

Қатаң сауда көмегімен саяси консенсусқа жету серіктестің сипатын басқаруға бағытталған күш тәсілдерін қолдануды ұсынады. Қатаң сауда абсолютті ұтысқа есептелген: барлығы немесе ештеңе. Қысым көрсету, кінәлау – барлық бұл тәсіл-амалдар қатаң саудаға жатады. Олардың маңызы, мәні – серіктесін қайткен күнде де жеңілуге мәжбүрлеу.

Американдық ғалым Т. Шеллинг өзінің «Қақтығыс стратегиясы» атты еңбегінде қатаң манипуляция тактикасын мынадай мысалдың көмегімен береді. Жіңішке жолдың үстінде бір-біріне қарама-қарсы екі жүк көлігі келе жатады. Бірінші жүргізуші екіншісіне мүлде жол бергісі келмейді, ал екінші жүргізушінің екі шешімі бар: жолдан шығып кету немесе бірінші жүк көлігіне соғылу. Осы жағдайда бірінші жүргізушінің тактикасын қалай бағалауға болады? Жол берсін деген ол бір жағынан өзіне соқтығысқан жағдайда көп шығын келтіреді, бір жағынан-өз мінез-қылығының негативті этикалық бағасын көрсетеді.

Осыған ұқсас жағдайлар келісім үстелінде де туады. Бірақ мұнда көбінесе екі жақтың өзара кінәлау тактикасын тіпті ештеңе де шешу ойында жоқ және келісімді пропагандалық мақсатта қолданатын жағдайда қолданады. Екі жақты кінәлау оларға тек өзіндік компромиссіз позицияны ұсыну үшін қажет.

Бірақ, келісімге конфронтациялық жағынан келу аз жағдайда ғана қатаң түрде жүзеге асады, көбінесе екі жақ та мұндай келісімдер кезінде серіктесінен аз қаражат жұмсап, көп артық түсу үшін, көп пайда көру үшін әрекет етеді. Осы мақсатта олар бір-бірінің позициясынан осал тұстарын табуға тырысады. Пакеттау, соңғы минутта талап қою, талапты күшейту, серіктестің осал тұсын көрсету, кетудің түрлі формалары, өз позициясында жалған акценттерді қою, серіктеске қысым көрсету, ультиматум сияқты тәсілдерді белсенді түрде жиі қолданады.

Пикетирование әдісі бірнеше сұрақтар қарастыруға кешенді түрде, яғни пакет түрінде берілетіндігінен тұрады. Сауда ісінде пакетті қолдану серіктес үшін мәселе тудыратын және қызықты ұсынысты қызықсыз ұсыныспен бір блокта беру дегенді білдіреді. Бұл жағдайда қызықты, пайдалы ұсыныстар талданып отырған тақырыпқа еш қатынасы болмауы да мүмкін. Мсыалы, кез-келген бір бағдарламаның қаржыландыру көлемін азайту қажетті кадрларды әкімшілікке ауыстыру ұсынысымен бір пакетте біріктірілуі мүмкін.

Талапты күшейтудің тактикалық тәсілін қолдану неғұрлым көбірек сұрауға келіп тоқталады. Бұл позицияға көптеген пункттер қосылады, олардың кейбіреуін кейін оп-оңай алып тастауға болады, яғни бұл жол беру деп көрсетуге болады және сол үшін серіктестен осы сияқты жағдайлар жасауды талап етуге болады. Саяси келіссөздер екінші жаққа еш пайдасыз ұсынысқа құрылады. Одан кейін екі жақты сын кезеңі болады. Ал серіктестердің аргументтері біткен кезде, келіссөздер кей кезде тығырыққа тіреледі. Мұндай жағдайжа ылғи да әлсіз күштіге жол бере бермейді, көп жағдайда алғашқы позициясында серіктесі үшін пайдасыз, реалистік емес шарттар ұсынған адам жол береді.

Максималды қойылған талаптар мен шарттар көбінесе ультиматумды болады – саяси серіктесіне бас тартқан жағдайда бір шара қабылдау немсе санкция қабылдау, іс-шара қолдану болады деп қорқытатын шешімді жолдау. Кетудің тактикалық әдісі келіссөздерде мына жағдайда қолданылады: яғни талқылауға жатпайтын сұрақтарға қатысты болған жағдайда. Оның мысалы ретінде мәселені талдауды кейінге қалдыру немесе оны басқа мәжіліске ауыстыруды өтіну болады. Кей жағдайларда ол тікелей емес, яғни жанама да болады, яғни, сұраққа жауап беріледі, бірақ ол берген жауабы анық емес болады. Бұлай жанама кету мәселелік жағдайда ескермеу түрінде де көрінеді. Берілген сұрақ еш ескерусіз қалады. Мұндай жағдайлар, әсіресе, көп жағдайларда көп жақты келіссөздерде болады.

Сауда ісінде типтік тактикалық тәсіл ретінде өз позициясында жалған акценттерді пайдалану қолданылады. Серіктестердің бірі бір сауалдың шешілуіне өте қатты қызығушылығын білдіреді, ал нақты іс жүзіне ол қосымша ретінде ғана болады. Одан әрі бұдан басқа, бұдан гөрі маңыздырақ пункт бойынша қажетті шешеім қабылдау үшін бұл сауал алынып тасталады. Келіссөздерді бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету үшін бұл тәсілді қоғамдық пікірдің өзіне қажет бағытта әсер етуі үшін қолданады.

Конфронтациондық келіссөздер екі серіктестің бір-бірінің жол беруін ұзақ күтуінің нәтижесінде консенсус ретінде аяқталуы әбден мүмкін. Бірақ ойланып көрелік: бұл келісімдердің құны қандай? Мұндай келіссөздерден кейін әр серіктестің нақты бір дәрежесі қалыптасады, ол келесі келіссөздерде аяқ астынан өз маңызын білдіруі мүмкін. Сауда тактикасы неге әкеледі десек, қызығушылық балансы бұзылады, содан соң екі жақ та шешімнің асимметриялық типімен соқтығысады, бірақ үлкен салмақ мықты серіктестің жағына кете бермейді. Кей жағдайларда кездейсоқ факторлар шешуші маңызға ие болады, мысалы, әлсіз серіктестің қаталдығын көрсету, т.б. соның нәтижесінде мықты жақта қанағаттанбаушылық сезімі туады, бірақ, бұл адамдардың келіссөз үстелінде қайта кездесуі мүмкін ғой.

Тәжірибелі саясаткерлер мен дипломанттар келіссөз кезінде нақты бір анықталған жағдайда қатаң тактикаға жүгінуге болатындығын біледі. Мысалы, сіз саяси серіктеспен қарым-қатынасыңыздың жалғасуын қаламаған жағдайда; келісімге қол қою келіссөздің басты мақсаты болмаған жағдайда; күш көрсету өте маңызды болған жағдайда; саяси ойындарда ставкалар өте жоғары болған жағдайда, яғни, «барлығы немесе ештеңе де»; сіздің алдыңызда өте әлсіз саяси қарсылас отырған жағдайда; сіз өзіңіздің репутацияңызды жоғалтуға қорықпаған жағдайда.

Қатаң сауда альтернативі ретінде келіссөздердегі «жұмсақ» мінез сызығы концепциясы болды. Оның авторы Ч. Осгуд көрсеткендей, келіссөзде екі жақтың да жол беруіне орай жақсы жетістікке қол жеткізуге болады. Бұл стратегиядағы жұмсақ сызық қатынастың құрылуы мен сақталуының маңыздылығын ерекше атап көрсетеді; келіссөз қатысушылары қатынастарын түзету үшін бір-біріне жол беретін достар ретінде қарастырылады; бұл жағдайларда нақты бір келісімге келу үшін бір жақты шығындар да болады.

Бірақ сауда метафорасы тіпті жұмсақ нұсқада да жағымсыз ерекшелікке ие болады: бір адамның жоғалтқанына екінші бір адам ие болады. Мұндайда саудаға деген тәртіп симметриялық жағдайды көрсетеді: бұл стратегия басқа екінші бір жақпен қолданылмайды деп күтуге еш негіз жоқ. Келіссөз қатысушылары сауда жүргізуді бастаған кезде, олар өздерін нақты бір позициямен байланыстырады. Олар неғұрлым өз айтқандарында тұрған сайын, соғұрлым оларды біріккен позициялар байланыстыра алады. Позицияларға неғұрлым көбірек көңіл бөлінген сайын, екі жақтың негіз құрайтын қызығушылықтарын есепке алу кеми береді. Келісімге қол жеткізу одан сайын қол жеткізуге қиын бола береді. Кез-келген қол жеткізген келісім кейінірек екі жақтың заңды қызығушылықтарын есепке алу мақсатында жасалған шешімге қарағанда финалдық позиция арасында механикалық қайшылық туғызуы мүмкін. Оның нәтижесі ретінде екі жақты да қанағаттандыратын келісім көрсетіледі. Бұл жағдайда көп жақты келісімде позициялық сауда күрделене түсетіндігін және біріккен келісімге жету процесін одан әрі қиындататынын түсіну қажет.

Жұмсақ стильді келіссөзде позициялық талдауда қолдану қатаң жақтың жақтаушысына сенімсіз етіп көрсетеді. Сондықтан жұмсақ стратегия аз жағдайда ғана жетістікті болады: ол тек қана мықты ұзақ мерзімді қарым-қатынас жағдайында ғана мүмкін болады, яғни, келіссөздің қатысушылары – саяси серіктестер және олар жол беруге келіскен жағдайда ғана мүмкін болады.

Эксперименталды зерттеулер мен тәжірибелік бақылаулар қатаң жағдайда жауап ретінде серіктестері ең алдымен қатаңдық көрсететінін дәлелдеді. Кейбір зерттеушілер жұмсақ және қатаң тәсілдерді араластырып қолдану қажет деген қайшылық нұсқасынан шыға бастады, бірақ, бұл сауданың жалпы жағдайын көрсететін болғандықтан, оның теріс жақтары бұл нұсқада да көрініп отыр.


Келіссөздерде ойын теориясын қолдану: интегративтік, полемиялық және принципиалды стратегияның мүмкіндіктері мен шектеулері

Саяси келіссөздердің стратегиясы мен тактикасын дамытудағы ең қарқынды ол ойын теориясы болып табылады, ол теорияны тәжірибелі саясаткерлер емес, ғалымдар жасап шығарған. Ойын теориясын ХХғ. ортасында американдықтар жасап шығарған, олар: венгерден шыққан математик Дж.Нейман және экономист О. Моргенштерн. Кейінірек оны келіссөздер теоретигі американдық ғалым Х. Райфф, А. Рапопорт және Т. Шеллинг қолдана бастады.

Бірақ, ойын теориясын нақты келіссөздік жағдайларда қолдану мәселесі өте күрделі, себебі, теорияға сәйкес әрекет ететін адам рационалды болып саналады. Сонымен қоса, ойын теориясы субъективтік жоспардың көптеген жоспарланбаған болжаусыз факторларын, яғни ақпаратты есепке алмауды, оны жасыруды, келіссөз жүргізушілердің мінез сипатын, олардың қақтығыстарын, т.б. есепке алмайды. Сонымен қоса, ойын теориясы келіссөз кезіндегі сайыс қатынасы мен серіктестік қатынасының арасындағы таңдау мәселесін нақты қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондықтан, бұл теорияның дамуына кейінірек психологтар маңызды үлестерін қосты, олар сайыс пен серіктестіктің феномендерін, субъективті факторлардың әсерін, ақпарат ауысудың сапасын, келіссөз үрдісінде жеке қарым-қатынасты қолдану мүмкіндігін жеке жоспарда қарады. Психологтар келіссөз ойынын «қызығушылықтың белсендірілген қақтығысы» деп қарады ұсынды, бұдан үрдістің барлық қатысушылары келіссөз нәтижесі біреу үшін пайдалы, ал екіншісі үшін пайдасыз деп өзінің эгоистік қызығушылықтарын өсіруге тырысады дегенді түсінуге болады.

Келіссөз ойынының моделін таңдауды анықтайтын төрт маңызды психологиялық фактор бөліп көрсетілді:

- серіктестердің алдағы келіссөз туралы субъективтік ұсыныстары: пайдасыз дискуссия; келісімге келудің соңғы мүмкіндігі; жыл сайынғы ритуал; саяси қатынастағы бір қадам алға жылжу, т.б.;

- серіктестердің өзара ставкалары, яғни, серіктестердің саяси дәрежесі мен ішкі ұстанымын есепке алып кейбір тәуекелге баруды ұсынуы;

- жекелік фактор: мінез ерекшеліктері, жеке стилінің ерекшеліктері, психологиялық сипатының ерекшеліктері, өзара жақсы көрушілік пен жек көрушілік, компетенттік, т.б.;

- коммуникация сапалары: өзін-өзі бекіту мәнері мен өзінің құндылық жүйесін қорғау, агрессивтілік, серіктестің пікірін тыңдау кезіндегі көңіл бөлу деңгейі, шыдамдылық, берілген көзқарастың түсініктілігі, талқылай білу қабілеттілігі, көндіре білу қабілеттілігі, өз пікірін айта білу білу қабілеттілігі.

Осы аталған төрт фактор келіссөз стратегиясын таңдау үшін шешуші болып табылады және келіссөз түрін анықтайды. Бұл факторлардың талдауы кезінде нақты келіссөз жағдайында бірден екі полюстің ерекшелігі шығады – қызығушылықтың келісімі және қарсы келуі, - интегративтік (серіктестік) және полемиялық (қақтығыстық) келіссөздерді анықтаушы.

Тығырыққа тірелуден шығуға тырысу Р. Фишер мен У. Юри келіссөздері бойынша Гарвард жобасы шеңберінде жасалған принципиалды келіссөздер әдісіне әкеліп соқты. Бұл әдістің мән-маңызы – мәселелерді шешу үшін олардың сапалық қасиеті негізінде, істің мән-жайына қарай екендігінде. Принципиалды келіссөздер әдісі істің мән-жайына қатаң келуді білдіреді, ал жұмсақ – келіссөзге қатысушыларға қатысты жағдайды білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет