М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет12/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89
Бисенбаева

    Бұл бет үшін навигация:
  • Ұғым
Диссертация құрылымы. Диссертация анықтамалар, белгілеулер мен 
қысқартулардан, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған 
әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


17 
1 АЙМАҚТЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ЛЕКСИКА - ЭТНОС БОЛМЫСЫН 
ТАНЫТУ ҚҰРАЛЫ 
 
1.1 Этномәдени лексиканы - антропоөзекті бағытта зерттеудің 
теориялық-танымдық негізі 
Тілдің қоғам мүшелерінің арасындағы қатынас құралы ретіндегі 
қызметінің ерекшелігі қаншалықты маңызды болатыны – дәлелдеуді қажет 
етпейтін шындық. Ұлт тарихы, онымен бірге тіл тарихы – даму жолы ұзақ 
құбылыс, сондықтан әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге 
бағытталған әр этностың ғасырлар бойындағы жетістіктері – тіл арқылы 
таңбаланған мол қазынасы, баға жетпес байлығы болып табылады. Осы асыл 
қазынаның қоймасында ұлт табиғатынан, оның болмысынан ақпарат беретін 
халықтың 
дүниетанымы, 
салт-дәстүрі, 
әдет-ғұрпы, 
тілі 
мен 
діні, 
психологиясының көрінісі, бейнесі сақталады. Қай ұлт болмасын, сыры – 
тілінде, оның түп тамыры этностың мың-мыңдаған жылдар жүріп өткен тарихи 
жолымен, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өз қолымен, ақыл-ой, санасымен 
жасаған мәдениетімен, дүниетанымымен сабақтасып жатыр. Тілдің осы ұлт 
байлығын сақтап, қордалап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қызметін, танымдық-
аккумуллятивтік қасиетін, Ә.Т.Қайдар «тіл феномені», «тіл әлемі» деп атайды. 
Осыған орай, «... тіл феноменін – «тіл әлемін»: этностың өзін танып-білудің 
қайнар көзі, біліктіліктің кәусар бұлағы десек, артық айтқандық емес. Бұл 
ұғымның ауқымына тілдің барлық қасиеті түгел сыйып тұрғандай: этностың 
дүниеге келуіне ұйытқы болған да – тіл, рухани-мәдени өмірінің өзегі де, өзін-
өзі танып-білудің өлшемі де сол – тіл т.т. Осының бәрі «тіл әлемінен» 
табылады» деп анықтай келе, «Сонымен, тіл әлемі» дегеніміз – этнос 
болмысына қатысты мыңдаған, тіпті, миллиондаған мағыналық бірліктердің 
жиынтығы, синтезі» [1,11-б.],- деп қорытындылайды.
Осындай тұжырымдарға cәйкес, қазіргі тіл ғылымы тілдің «қарым-
қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, танымдық қызметіне, 
мәдениеттің көрінісі қызметіне айрықша мән береді. Ақыл-парасат, сезім иесі 
ретіндегі саналы адамның ең басты қасиеті – өзін қоршаған ортаны танып-
білуге деген ерекше құштарлығы. Дүниені танып-білудің негізінде зат, 
құбылыстардың адам санасында бейнеленуі жатады. Адам санасындағы заттар 
мен құбылыстардың бейнесі арқылы қабылданған ақыл-ой – ол заттардың өзі 
емес, солардың әсерінен пайда болған білім, ақпарат саналады. Сол себепті 
«таным 
дегеніміз – сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың 
қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде 
бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі» [2,215-б.],-деп сипатталады. 
Сананың пайда болуы екі факторға байланысты: біріншісі – еңбек, екіншісі 
тіл. Тіл – сананың (ойдың), материяның көрінісі, негізі. Тілсіз сана жоқ, ал 
санасыз (ойсыз) адам да болмайды. Сана әрдайым тілдік негізде өмір сүреді, ол 
тілмен бірге дамиды. Тілге байланысты сана қоғамдық құбылыс ретінде дамып, 
қоғамдық рухани жеміске айналады Философияда сананың мәнінде әлем 
туралы білім жатыр деп есептеледі, оны туғызатын адамның танымдық ізденісі. 


18 
Адам баласының әр нәрсені білуге, ұғынуға деген талпынысы сананы құрайды 
[2,151-б.]. Ұлы Абай: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі 
– ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, 
тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – 
білсем екен демеклік... ... Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, 
үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең 
болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» («Жетінші сөзінде»),- 
дейді. Мұнда Ұлы Абайдың айтпағы – «жанның тамағын» көп қуып кетпей, 
жан құмарын «орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым 
тапқандардың жолына салу» деп түсінуге болады. Бұлай болмағанда, 
«Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбен көргеннен біздің 
хайуаннан неміз артық?» Ал «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, 
көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан 
білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін 
ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» («Он тоғызыншы сөз») дегенде, алдымен 
ақыл-ой, сана туралы айтып отырғаны анық. Естілік – адамға дүниені тану 
нәтижесінде келетін қасиет, оны «естілердің сөзін ұғып-түсіну» арқылы, «тән 
құмары мен жан құмарының» шегін ажырата білу арқылы дамытуға болады 
[3,326-б.]. Бұл ойды «Саналымен санаспа, санасызбен жанаспа» деген халық 
даналығымен өзектестіргенде, адамның басты қасиеті Ақыл-ой – сана иесі 
екендігі қиыстырыла өріледі.
Сөйтіп, сана – бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан, таным 
үдерісі. «Сана әрқашан да белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. 
Ол – үлкен шығармашылық үдеріс» [2,140-б.] саналады, сондықтан сана шығуы 
жағынан өмірден туындағанымен, сол өмірдің жұпыны, жұтаң бейнесі емес. 
Санада ерік, ой толғау, әсірелеу, талдау, топтау, болжау, шығармашылық 
сияқты құбылыстар болады, сана – тек бейнелеу емес, сонымен қатар белгілі 
қатынас. Қарым-қатынас тілдік қатынас, тілден тыс қатынас болып бөлінетін 
болса, сана тілдік қатынасқа сүйенеді, өйткені сана арқылы адам дүниені 
бейнелеп, суретін салып қана қоймайды. Адам адам болғандықтан, санаға әсер 
ете алады, өзгерте алады. Бұл А.Байтұрсынұлының пайымдауында: «Сөз өнері 
адам санасының үш негізіне тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге. Ақыл ісі – аңдау, 
яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, 
яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, 
бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың 
аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін 
түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл 
шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. 
Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде көңілдің түйгенін түйген 
күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек» [4, 242-
б.],-деп түйінделеді, сөз өнері адам санасының үш тағанына, негізіне тіреледі. 
Сөзді түсініп, орнымен қолдану, алдымен, терең білім және үлкен өнер. Халық 
даналығы оны «Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар», «Бал тамған 
тілден у да тамар» десе, даналар сөзінде «Көрінеді тілден түйсік білім де; Біле 


19 
білсең, ең жарылқаушы – тілің де», «Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл 
(Ж.Баласағұни), «Тіл – күзететін босаға, Басыңды жер тығылсаң да тасаға» деп 
пайымдатып, қоғамдық сананың, ұлттық сананың қалыптасуына тірек болады. 
Сонымен, философияда пайымдалуынша, сана дегеніміз – объективті 
дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ ол 
жай бейне емес, шығармашылық бейне. Сана-сезім – өзін-өзі сезініп, ұғыну 
арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Сананың түрі көп: жеке адамның 
санасы және қоғамдық, қарапайым, теориялық, ғылыми, прогресшіл т.б сана 
болып бөлінеді. [2,133-168-бб.].
Лингвистикада «сана» термині «ой-сана» жұбында «ойлау» мәнінде 
қарастырылатын көне де заманауи мәселе болып табылады. Тіл мен ойлаудың 
арақатынасы зерттеле бастағаннан бері әлемдік лингвистикада оның бірнеше 
бағыты анықталғаны белгілі. Осы бағыттардың зерттеулерінен туындаған: «Тіл 
мен ой-сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Бірақ 
бұлардағы бірлік абсолюттік тепе-теңдік емес, әрқайсысының өзіндік дербестігі 
мен қайшылығы бар дейтін көзқарас. Тіл мен ой-сананың арақатынасы 
жөніндегі бірден-бір дұрыс шешім де осы бағыт деп есептеуге болады» [5,68-
б.],-дейтін түсінік тіл ғылымында көптен бері қалыптасқаны байқалады. 
Өйткені тіл мен ой-сананың қарым-қатынасы екі жақты құбылыс: тіл – ой-
сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып, жарыққа шығаратын, 
басқаларға білдірілетін ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа 
жеткізетін құрал. Ф.Соссюрдің пайымдауынша, таңбалар жүйесі ретінде тілдің, 
тілдік элементтердің, материалдық және идеялық жағы болады. Тілдік 
таңбаның идеялық жағы – ойлау нәтижесі, ұғым-түсінік, тіл арқылы берілетін 
мазмұнның негізі [6,98-102-бб.]. Тіл мен ойлау бір бүтіннің екі саласы: бірі – 
материалдық жағы да, екіншісі – мағыналық жағы, сол себепті ойлаудың 
танытқыштық қызметін сөз еткенде, тіл туралы айтпауға болмайды, ал тілдің 
семантикалық, функциялық жағын сөз еткенде, ойлауға соқпай кету мүмкін 
емес деп есептеледі. 
Ғалам бейнесі де, адам бейнесі де тіл семантикасында көрініс табады. Бұл 
орайда адамның өзі емес, адамның тілдегі бейнесі ерекше маңызды болады. 
Тілді зерттеу арқылы адамзат өзін-өзі танып, түйсінеді. Адам алған әсерін өзі 
арқылы сипаттайды [7,12-13-б.]. Тілдік элементтердің мағыналық жағы – тілді 
ойлаумен ұштастыратын дәнекер, желі. Осы мағыналық желінің бір басында тіл 
тұрса, екінші басында ойлау тұрады. Ой-сана адамның танымын 
қалыптастырады, сондықтан – ақиқат болмыстың ойдағы көрінісі – Таным деп 
аталады. Адамның жиған-терген ақпараты тілде сақтаулы. Адам қоғамдық сана 
арқылы өзінің өмір сүру ортасын, өмір сүру әлемін тілде бейнелейді және сол 
арқылы этностың ментальділігін анықтайды. Тілдің осы тіл иесі табиғатын, 
этнос болмысын таныта алу қабілеті мен оны танытуға деген қажеттілігі тілдік 
ортаның қалыптасуын керексінеді. Бұл қажеттілік тілдің функционалды 
табиғатымен тікелей байланысты, өйткені тілсіз еш қоғам өмір сүрмейді, тіл – 
адам қоғамының өмір сүру құралы, ол тіл иесінің тіршілік әрекетін қатынас, 
байланыспен қамтамасыз етуі арқылы көрінеді [5,39-74-б.]. Осы тұрғыдан 


20 
алғанда, тіл мен ойлау қарым-қатынастың екі мүшесі, екі элементі саналады. 
«Ойлау – тіл арқылы таңбаланған идея мазмұнының негізі. Адам ойы ми 
қабаттарында пайда болып, сөз арқылы сәулелі көрінісін табады»,- дей келе, 
А.Салқынбай тіл ойдың нақты көрінісі болғандықтан, ойдың жарыққа шығып 
іске асырылуы үшін тілдік материалдарға негізделуі қажет. Ой тіл арқылы, 
тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдер, мәтін арқылы көрініс табады деп 
есептейді [8,7-б.]. Халық дүниетанымы оны «Ми ойлағанды тіл тындырады», 
«Сөз – сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады» деп ойдың жарыққа шығуына 
тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қарым-қатынастың да 
соншалықты маңызды екенін пайымдатады. 
Қазіргі тіл ғылымы тілдің осы танымдық қызметіне айрықша мән береді. 
Ол үшін «Тіл қаруы – сөз» демекші, тілдің танымдық қызметі арқылы 
қалыптасқан тілдік-таңбаны дайын сөз – атауыш ретінде зерттеу нысанына 
айналдырады. Тілдің мәдени философиясына қатысты еңбегінде Е.Абақан адам 
баласының әлемді тануы мен қоршаған ортадағы алуан құбылыстарды игеруі 
нәтижесі тілден көрініс табуы дей келе, «Тілдің терең құрылымы ой мен 
болмыстың арақатынасынан пайда болады. Әртүрлі тілдерде байқалатын 
жақындықтың осындай терең құрылымға тәуелді болуы, ең алдымен, адамзатқа 
ортақ ой жүйесіне байланысты. Адамның ойлау жүйесін концептуалды жүйе 
ретінде танимыз. Тіл-тілде әртүрлі лексикалық номинациялардың болуы 
мұндай “алғашқы” концептілердің табиғатын анықтауға кедергі бола алмайды» 
[9,76-б.],-деп пайымдайды.
Тілдегі «алғашқы номинациялар» тілдің сөз байлығының өзегін құрайды. 
Қ.Жұбанов адамның танымдық қасиетін «зат пен құбылысқа тағылған аттардың 
пайда болуы...» туралы өз заманындағы ойларды зерделей, бағыттарды саралай 
келе, ұлттық дүниетанымдық тұжырымдар тұрғысынан түсіндіреді: 
 біріншіден, затқа ат қою үшін сол ұғымның (таңбаланушының) халық 
тұрмысында орны болуы қажет. «Орыста қой сөзінің баламасы жоқ. Олардың 
овца дегені – саулық, баран дегені – қошқар. ... Ал біздің ісек, тұсақ, құнан, 
құнажын, дөнен, дөнежін деген сөздеріміз басқаларда жоқ. Адайларда, 
арабтарда түйе түлігінің аты көп; Еділ, Каспий (Атырау) бойының қазақтары 
балық түрлерінің атын көп біледі. Демек, қолданылмаған затқа ат жоқ. 
Халықтардың тұрмыс қалпы әртүрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын аты 
да түрлі-түрлі» [10,93-94-бб.]. Заттың қолданылу не қолданылмау себебі халық 
өмір сүретін ортаның географиялық т.б. ерекшеліктеріне байланысты болатыны 
белгілі, сондықтан ұғым ортақ болғанымен, оның атауының аз не көп болуы 
сол зат-ұғымның халық тұрмысындағы маңызынан туады; 
 екіншіден, адамның таным әлемі өзінен бастау алады, оны ғалым 
«кішкене космос дәуірі» (микрокосмический период) атайды. Адам баласының 
табиғатында әуелі басқаны біліп алып, өзін кейіннен білу қасиеті бар. Мысалы: 
адам фотографияны танып білгеннен кейін ғана өзінің басқа заттарға ат 
қоятыны, өзін сол басқаларға ұқсата атайтыны – өз басын кіші дүние деп біліп, 
оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де әсер еткен. 
Мысалы, орысша небо – аспан, неба – таңдай; қазақ тіліндегі таң – аспан 


21 
әлемінің аты, яғни жоғары жаққа тән қасиеттің иесі; таңдай – адам денесінің 
жоғарғы жағы» [10,94-95-бб.],-дейді. 
 
үшіншіден, дүниетанымдық алғашқы пікір мифология түрінде 
пайда болғаны белгілі. Қ.Жұбанов оны «тотемизм» атаған, өйткені мифология 
негізінде дін дүниеге келді деп есептеледі. Осы кезеңде пайда болған кей 
сөздерге талдау жасалады, соның бірі – құт сөзі. «Құт сөзінің бақыт 
мағынасында екені белгілі. Құт =Құдай = бақыт – бұлар мағыналас. «Құтыр» 
деген сөздің түбірі де – сол құт, соңғы -ыр үстеу (жұрнақ). Осы ұғым-
түсініктерге сай адамға ат қойылған (Қасым: мұны туғызған шаруашылық 
пайдасы болу керек); 
 
төртіншіден, дүниеге көзқарас арқылы да нәрсеге ат қойылады; 
мұнда -ғалы сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы жайында «ескі формаға 
жаңа мағына беру жолымен де тіл өрлеп отырады» деп есептейді; 
 
бесіншіден, функционалды семантика, заттың атқаратын қызметіне 
қарай атауға ие болуы, таңбалануы. «Киіз үйдің түндігінен жарық түседі, терезе 
де жарық түсіреді. Сондықтан Алтай елінде терезені «түндік» дейді. Орысша 
«перо» деген сөз «қауырсын» емес, «қаламұшты» білдіреді. Себебі ол жазу 
құралына айналған. «Косилканы» «орақ» деуіміз де осыдан. Демек заттың аты 
оны атқаратын қызметіне қарай қойылады» 

10,94-98-бб.]. 
Қ.Жұбанов аталған еңбегінде тілдің танымдық қызметіне айрықша мән 
береді, заттың атауы адам танымының көрінісі екенін дәлелдейді. «Қағаз» деген 
сөз – заттың аты әрі оны басқа заттың атынан айырып атауға қажетті амалы. 
Демек бұл жерде номинатив бар. ... Атаулардың мағынасын айыруды 
сигнификация дейміз. ... Бұл жердегі ерекшелік мынада: тіл элементі атау 
қызметін өтесе, сөз болғаны; егер хабар беру қызметін өтесе, сөйлем болғаны. 
Сөздің бір басында екі функция (қызмет болады): бірінші – хабар беру қызметі, 
коммуникация функциясы; екінші – таңбалау қызметі, номинатив функция не 
сигнификация». «Ат болмаса, сөз де болмайды» дегенде, адам санасында ұғым 
тудыратын себеп, уәж қажеттігін айтып отыр деп түсінуге болады. Өйткені 
«Сөз хабарласу үшін керек, егер осы керекке жарамаса, ол сөз емес. Сөйлеп 
хабарласқанда, әр нәрсенің аттарын (номинативтерді) құрап хабар беріледі. 
Осылайша номинативтерден құралмай жасалған хабар жоқ. Ат болмаса, сөз де 
болмайды» 

10,94-98-бб.],-дейді.
Зат, құбылысқа ат беру – адамның болмыстың өзі танып білген сан алуан 
белгілерін, қимыл-әрекеттің сапасын, қадір-қасиетін бағалауы, әлем бейнесінің 
өзіндік қалыбын жасап, оны сөз мағынасына сыйғызып таңбалауы. Зат 
атауларының тарихы, зат пен оның атауының арасындағы байланыс, затқа ат 
беру ілімі глоттогенез мәселесі тәрізді лингвистиканың т.б. ғылымдардың 
ежелгі өзекті мәселесі болып табылады. А.Салқынбайдың пайымдауынша, 
«Атау үдерісі болмыстың, ұғымның, атаудың арасындағы қатынас арқылы 
айқындалады. Бұл қатынасты ғылым тілінде кейде семантикалық үшбұрыш деп 
те атайды. Болмыс – атаудың денотаты, яғни атау арқылы таңбаланған бүкіл 
заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы. Ұғым  
есімнің мәні, яғни атаудың категориялық-тілдік белгілерінің, экспрессиялық 


22 
белгілерінің жиынтығы. Атау – белгілі мағына мен мәнге негізделген 
дыбыстық қатардан тұратын таным арқылы анықталатын тілдік таңба. Атау – 
тілдің құрылымдық жүйеге сәйкес анықталатын тілдік кілт (языковой код) 
арқылы санада таңбаланады» [11,320-321-бб.]. Қ.Жұбанов айтқандай, «Ат 
болмаса, сөз де болмайды. Номинатив сөзді бір-бірінен айыру үшін ат қоямыз. 
Атты неге қоямыз? Оны заттардың өзі жоқ жерде сөз қылу үшін қоямыз» 

10,94-98-бб.]. Атау қарым-қатынас қажетіне қарай белгілі зат-құбылыс туралы 
ақпарат алмасу үшін қойылады. Г.В.Колшанский оны: «Номинация есть 
закрепление за языковым знаком понятия – сигнификата, отражающего 
определенные признаки денотата – свойства, качества, и отношения – 
предметов и процессов материальной и духовной сферы» [12,101-б.],-деп 
түсіндіреді.
Бұны тілдік таңба арқылы зат, құбылыстың материалдық жағының 
жаңғыруы адам санасында ұғым бейнесін сәулелендіреді деп түсінуге болады. 
Тілдің өзіндік ерекшелігі затқа ат қоя отырып оны бір-бірінен айыру. «... жылқы 
– түйе емес, қой – сиыр емес, сиыр – жылқы емес». Зат-құбылыс бір-бірінен 
сигнификаттық 
мағына 
арқылы 
ажыратылады. 
Осы 
жануарлардың 
айырмашылығы болуының себебін анықтау арқылы олардың әрқайсысының 
өзіндік белгілері анықталады. Әлемдегі әр нысанның өзіндік қасиеті бар және 
олар әртүрлі болуы мүмкін, дүние жүйелі байланыста дамитындықтан, олар 
бірімен-бірі еркін қатынасқа түсе алады. Алайда бұл еркіндік зат мәнінің 
танылуы үшін маңызды бола бермейді. «Әрбір нақтылы жағдайда нысан өзінің 
ерекше бөлігімен, өзгеше белгісімен, қасиетімен ерекшеленеді. Мәселен, 
жылқымен салыстырғанда, түйенің негізгі ерекше белгісі – өркешінің болуы. 
Ал түйенің шуда жүні, маң-маң басқан жүрісі, иілген мойыны, денесінің 
үлкендігі т.б. өзіне тән белгілері болғанымен, жылқымен салыстырғандағы 
негізгі айырым белгісі, көзге елестеп, көңілге бірінші оралатыны – өркеші» 
[11,329-б.]. Бұдан атаудың мәні осы денотаттың алуан түрлі қасиеті мен 
белгісінің ішіндегі айрықша қасиеті болып табылатынына сүйенетіні көрінеді, 
сондықтан осындай айрықша белгілер денотаттық ұғымның қабылдануында 
ерекше роль атқарады. Ал қай заттың да өзге қасиет белгілері келесі нақтылы 
жағдайда атауға тірек бола алады.
Қазақ дүниетанымында жылқының да түйенің де олардың дене бітімі, 
жүрісі, шабысы, жасы т.б. белгілеріне қарай тұрмыс-тіршіліктегі орны 
анықталып, соған сәйкес толып жатқан атауы қалыптасқан. Соның бірі – 
қазанат атауы. Қазанат – жалпыхалықтық тілде «дене бітімі ірі (кеудесі кең, 
шоқтығы биік), ұзақ жолға шыдамды, мықты ат» [ҚТТС,1980,5,503-504-бб.] 
ретінде сипатталады. Арғымақтан туған қазанат, Шабуылға салса нанғысыз. 
Қазанаттан туған қаз мойын Күніне көз көрінім жер шалғысыз (М.Өтемісов). 
Мінсе берік, шапса жүйрік қазанатым, Құлақ сал «Телқоңырға», жамағатым 
(Біржан сал). Жылқының осы шыдамдылық, мықтылық, ірілік қасиетін халық 
ер азаматтың келбет пішініне ауыстырады. Қазанат дене «денесі келісті, 
мүсінді, шымыр» мағынасын білдіреді (Орта бойлы, иықты, бөкен қабақ бүркіт 
көз, қазанат дене боз жігіт телефонмен сөйлесіп тұрды (Ғ. Мұстафин).


23 
Сонымен қатар, аймақтық лексикада қазанат атауының бірнеше мағынасы 
бар. Қарақалпақстандағы қазақтар тілінде қазанат «құйрық-жалы қысқа, 
селдірлеу жарысқа қосатын бәйге аты» деген мағынада қолданылса, 
Талдықорғанның Панфилов ауданында қазанат «сырт пішіні әдемі, кеудесі 
кең, шоқтығы биік, сирақты, денесі жеңіл жылқы тұқымы» дегенді білдіреді. Ал 
Жамбыл облысы Қордай ауданында қазанат «дастарханы кең ақпейіл адам» 
мағынасында жұмсалады [ҚТАС,2005,367-б.]. Қазан және ат сөздерінің 
бірігуінен жасалған атаудың жалпыхалықтық тіл мен сөйленістер жүйесінде, 
оның бірнеше аймағында, қолданылуына қарап, бірінші номинация болмаса да, 
ежелгі атау екенін аңғаруға болады. Қазанат атауының жалпыхалықтық тілдегі 
мағынасы 
мен 
сөйленістік 
мағыналарының 
бір-бірінен 
аса 
үлкен 
айырмашылығы жоқ. Жылқы бейнесі де, ер азамат бейнесі де мықтылық пен 
дархандық, кеңдік көрінісін танытады. Жылқы жануарының айрықша қасиет 
белгісі арқылы халық ер азаматтың сыртқы келбеті ғана ірі емес, оның жан 
дүниесі де ірі, кесек дегенді білдіретін ұлттық, қоғамдық сананы 
қалыптастырған. Сондықтан да осы соңғы мағына қазіргі қазақ 
дүниетанымында ел сүйенетін, халқына қорған, тұлға болар нағыз азаматтың 
бейнесін қалыптастыру үдерісінде деуге болады.
Атау ономасиологиялық қырынан анықталғанда, заттың болмысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет