жан-жануарға қатысты күрделі атаулар: айтұяқ – жылқы (Қазақ
жылқы малын айтұяқ, қыдыражал, алмауыт, қылқұйрық деп бейнелеп те
айтады. Ертеректе жүніт деп те атаған (ҚХР), күрдебай (кенже қозы), қара
тұқай (түйенің бақайындағы мүйіз тұяқ);
өсімдік, бау-бақшаға байланысты күрделі атаулар: айылжуа-
сарымсақ (Осы жерде айылжуаны көп егеді (Жамб., Шу), айқабақ – күнбағыс
(Айқабақтың гүлдеп тұрған уақыты соы кез (Қ.орда, Сыр.), ақпорми – сабағы
үлкен ұзынжүгері (Ақпорми тұқымын көп егу керек (Сем., Мақ.), ене жап –
үлкен арық (Түрікм.);
тағам атаулары: ақтүймеш – тұз салып жасалған құрт (Ақтүймешті
түйіп ботқа жасаймыз (Ақт., Ырғ.), көмбеқазан – таба нан (Алм., Кег.),
қазанжаппа – қазанға пісірген нан (Ақт., Шалқ.) қамырбас – ашытқы (Орал,
Жән.), қаусырма нан – етке салатын нан (Түрікм.);
ыдыс-аяқ, құрал жабдық атаулары: аққұлақ шелек – айран, сүт құятын
ағаш ыдыс (Аққұлақ шелекте шұбат бар (Гу., Маң.), айырқап – ердің түрі
(Арал), андама-ділмала – үй сылайтын темір қалақ (Қ-орда), бақша шот –
кетпен (Гур.), жылқауыз – тістеуік (Тау., Қош.), кермағаш – ыдыс-аяқ қоятын
шкаф (Ақт., Ойыл), қылдыбақыр – шелек (Жамб., Тал.);
киім-кешек атаулары: жалбағай – күләпара, күн өтпес үшін масадан
қорғану үшін істелген киім (Көкш., Щуч..); жалғантыс– жадағай күләпара,
астарсыз тымақ сыртынан киетін бас киім (Басыңа жалғантысыңды кисеңші
(Гу., Маңғ.); қаптама етік – киіз етік (Жамб., Шу), аяққап -аяқ киім (Шығарың
аяққабыңды (Түрікм., Аш.); айналмалы етекті көйлек – көйлектің түрі (Өзб.,
Там.);
сын-сапа ұғымдарына байланысты күрделі атаулар: ақ алақан –
ешқашан жанын қинап қара жұмыс істемейтін кісі (ҚХР); ала буындау –
ақымақ, жарыместілеу (Гур., Маң.), арқасы қамырдай – семіз, арқасы жұп-
жұмыр мал (Жамб., Жам.), алатұяқ – алаяқ, сұм (Құттықожа ұлы бірнеше
алатұяқ достарымен тұтқынға алынған («Кол-шы», №81), ақдаңғыл – шешен
адам (Қост., Жан.); ақ еден – ақкөңіл (Аңқылдаған бір ақеден кісі (Қост., Об.);
езмалта – мәжнүн, жарым ес (Сем., Ақс.), жадыбас – үй күшік адам (Алм., Кег.);
ақ байтал – өсекші, аузы жеңіл адам (Қарақ.);
90
Достарыңызбен бөлісу: |