М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет41/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89
Бисенбаева

«диалектілік» туынды [99, 
25-б.]. Бұл үлгі бойынша жасалатын туындылардың ерекшелігі бар. Сөз 
тудырушы тұлға (қосымша) – әдеби, олар өздерінің негізгі қызметін
жалпыхалықтық тілде сөзжасам қызметін сақтай отырып, сөйленістік туынды 
жасайды. Одандық – ерсілік; мамадандық – қулық; қабыздану – пысынау, 
ыстықтау, мұғдарлау – шамалау; нөкестік – жарыместік, есуастық; қасырынды 
– кесірлі, қырсықты; қасқарша – мойны ұзын жез құман; ниқаятсыз – өлшеусіз, 
есепсіз; шақатты – әлді, қуатты; кегеждену – кесірлену, қырсығу; көсіктей - 
салалы, сүйріктей, т.б. Бұлардың ішінде мамадандық, қасырынды, ниқаятсыз, 
кегеждену сөздерінің негіз бен қосымша арасы айқын көрініп тұр, алайда 
сөздіктерде негіз сөздердің жеке қолданыстағы түрі тіркелмеген. Олардың 
бастапқы мағыналарын жоғалтуы, кірме сөз болуы мүмкін. Жалпыхалықтық 
тілде кегжию сөзі бар, оның мағынасы сөйленістік мағынадан аса алшақ емес, 
кегжию қалып-күй мәнді етістік. Адамның ішкі эмоциясының көрінісі
сөзжасамға себеп сема «мінездегі жағымсыз, кесірлі түр», қасырынды сөзінде 
жұрнақ -ынды, әдеби тілде негіз жеке қолданылмайды, түпкі негіз – қасу 
етістігі, сөзжасамға негіз болып тұрған ауыспалы мағына; Осы сияқты 
синхронды жақтан қазір әдеби тілде жеке қолданылмайтын сөздер сөйленісте 
сөзжасамға негіз болып сақталуы да мүмкін, әрине, бұл аталған сөзжасамдық 
үлгідегі туындылардың бәріне тән емес. Жаңа сөз тіл иесіне белгілі негізден 
жасалады, сондықтан келтірілген сөздердің себеп негіздері сол аймақ халқына 
белгілі атаулар болғаны анық; кеуілшек – көңілшек. Ол өзі бір жүрген 
кеуілшек, ешкімнің кеуілін қалдырғысы келмейді (Қ.орда, Жал); кертелеу – 
қоршау, шарбақ . Үй иесі қораның артына жиналған шөбін кертелеп қойыпты 
(Қост., Жітіқара.) 
3) әдеби негіз + «диалектілік қосымша 

«диалектілік» туынды [99, 
49-б.]. Аймақтық лексикада белгілі сөздер құрамында сөз тудырушылық 
қызметі бар, жалпыхалықтық тілде кездеспейтін, тек сөйленіске ғана тән 
қосымшалар 
бар. 
Ғ.Қалиев 
еңбегінде 
сөйленістік 
сөз 
тудырушы 
қосымшалардың көрсеткіші берілген. Мұндағы екі жүз елуден астам сөз 
тудырушы қосымшаның көлемді бөлігі сөйленіске тән, синхронды жағынан 


81 
қосымша деуге болады. Бұл үлгідегі сөз тудырудың ерекшелігі – сөзжасам 
негізгі әдеби тіл элементі. Құтанай – құт (Арал); шамдал – шам қоятын орын 
(Қост.). Жайбат – жазық (Мойын); шайдоз – мыс құман; амалқасы – амал, шара 
(Кег.); ұртқал – тентек (Чап.); жалпош/жалпуош – маса, сона көп жердегі ат 
жабуы (Мойын., Сыр.). Туынды атаулардың мағынасы, атауыштың мәні оларға 
негіз болып тұрған: құт, шам, жай, шай, амал, ұрт, жалп семаларынан шыққаны, 
негіз семалардың сөзжасамда ортақ семаға айналғаны аңғарылады. Осы қатарға 
сұрамжал, тұзди, күнәйім, тамбас, жайбар, оңат, қызалақ, мұңғиық, шалғырт 
т.б. сөздерін жатқызуға болады; 
4) «диалектілік» негіз + «диалектілік» қосымша 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет