М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет42/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89
Бисенбаева

«диалектілік 
туынды [99,49-б.]. Ғ.Қалиев аймақтық лексикадағы осы үлгіде жасалған 
туындылар қазіргі тіл құбылыстарымен тек тарихи тұрғыда байланысады деп 
тұжырымдайды. Мұндай сөздердің семантикасын түсіну үшін күрделі 
этимологиялық талдау материалы қажет. Оны М.Атабаеваның еңбегіндегі 
шепшер/шәпшөр түрінде кездесетін сөз «үйде киетін жеңіл аяқ киім» атауының 
талдауынан көруге болады. Ғ.Қалиев бұл сөздердегі жұрнақ - шер/шөр, ал негіз 
шеп/шәп деп есептейді. Қарақалпақ, Түрікменстан қазақтарында шерім сөзі 
қолдан иленген тері мағынасында жұмсалады. "Әуеде бұлт болса, жерде шерім 
етік ұртын томпайтады" деген мақал да бар. Түрікменше – черим (Түркм. – 
русс. сл., 1940); қарақалпақша – шерим (Карак.-рус. сл.,1958); араб тілінде де 
осы мағынада (Будагов, І,474-б.); монғол тілінде шир – тері, бурят 
диалектісінде – шэрэ, иленбеген тері (Бертагаев, 106-б.); ұйғыр тілінде ширэ 
чаруқ – тері шарық, сөйленісінде чэм – ұлтанға арналған қатты тері мағынасын 
білдіреді (Малов,УНС,171-б.), бірнеше тілде ұқсас мағына білдіруіне қарап
Ә.Нұрмағамбетов сөзді нақты бір тілге меншіктеу қиын екенін ескертеді. 
Ғалымның ойынша, сөз түбірі алғашқыда чер «тері» мағынасын берген, кейінгі 
өзгерістер тіл заңдылықтарына қайшы келмейді. Үндіевропа тілдерінде – чер, 
монғол, түркі тілдерінде – шер, шир, чер, қазақ тілі сияқты түркі тілдерінде тер 
тұлғасы қалыптасқан. Ч – ш – т дыбыстық алмасулары түркі тілдері үшін 
дағдылы құбылыс, сондықтан ғалым негіздің чер – шер – тер түрінде 
қалыптасудың тері сөзінің шерім сөзімен туыстығын осыған байланысты 
санайды. Шерім тіліміздегі «тері» сөзінің басқаша дыбысталуы деген болжам 
жасайды. Мағыналық жақтан осы сөздерге ұқсас шарық/шарқай сөздерінің 
таралу изоглоссасы өте кең, сиыр не жылқының шикі терісінен тігілген жеңіл 
аяқ киім атауы. Аффрикат формасы да кездеседі – чарық (Жамб.). Қырғыз 
тілінде – чарык (Юдахин, 85), түрікменше – чарыг, көне түркі жазуларында да 
осы мағынада, чарук (аяқ киім; ДТС,141-б.). Ә.Нұрмағамбетов сөздің аяқ киім 
атауына айналуын оның тігілу формасына байланысты түсіндіреді: шарух – 
араб тілінде көктеп тігу мағынасында [103,134-б]. Сөйленістерде теріден 
тігілген, формасы әр түрлі шепік, шетік тәрізді аяқ киім атаулары да кездеседі. 
Шепшер/шәпшөр, шарық/шарқай, шепік, шетік сөздерінің арасында ортақтық 
бары байқалады. Қазақ тіліндегі "тері" сөзінің бастапқы формасы шер– шир–
чер десек тері мағынасы шепшер сөзінің негізінде емес, жұрнағында болып 
шығады. Негіз мағынасы орнындағы шек/шәп сөздерінің шарқай сөзіндегі шар 


82 
негізімен де байланысы бар. Сөйленістерде а – е алмасуы барын ескеріп, шар – 
шер түрінде қолданылуын түсінуге болады. Көрсетілген сөздердің бәрінде 
үзілмей жалғасып тұрған ортақ сема – тері, теріден жасалған аяқ киім, а –е, а-ә 
алмасуларына сәйкес жуан-жіңішке варианттары пайда болған, сөз соңында р 
дыбысының түсірілуі де түркі тілдерінде бөтен емес, шетік былғары аяқ 
киімнің түрі ретінде ұйғыр тілі сөйленістерінде кездеседі (Алм., Шел.) Сонда 
сөздің түп негізі шар – шер – чар 

ше (п) тері. Жалпыхалықтық тілде сірі 
етіктің өкшесіне салынатын қатты, қалың көн мағынасында жұмсалады, одан 
сірі алақан, жаны сірі сияқты ауыспалы мағыналар тарайды (ҚТСС, 8, 517-518), 
бұл – с-ш алмасуы арқылы пайда болған шар – шер – чер тұлғаларының 
көрінісі. 
Шепшер/шәпшөр 
лексемаларының 
қалыптасуын 
плеоназм 
құбылысының әсері деп түсінуге болады, басқа жағдайларды – ім, - қай, - ық, - 
қай, - тік қосымшаларының жігі айқын аңғарылып тұр [32,75-76-бб.]. Ғ.Қалиев 
соңғы екі модель (үлгі) бойынша жасалған туындылар сөйленістерде азырақ 
кездесетінін ескертеді [99, 40-б.]. 
Синтетикалық тәсіл арқылы сөйленістік туынды жасаудың өнімді жолы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет