М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Файлдық жүйені, мәліметтерді өңдеуді басқару



бет118/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

5.2. Файлдық жүйені, мәліметтерді өңдеуді басқару
Жұмыстың мақсаты: LINUX ОЖ файлдық жүйесінің құ- рылымын зерттеу, командаларды құруды, өшіруді, файлдар мен каталогтардың модификациясын зерттеу.
LINUX жүйесінің файлдық құрылымы
LINUX операциялық жүйесінде файлдар дегеніміз – әдетте- гідей файлдар, каталогтар, сонымен қатар физикалық құрылғы- ларға сәйкес келетін арнайы файлдар (әр құрылғы файл түрінде көрсетіледі). Барлық файлдарға қолданылу рұқсаты бір типті бо- лып келеді. Бұл қолданушының программасының нақты сыртқы құрылғыда енгізу/шығарудың ерекшеліктерінен тәуелсіз орын- далуын қамтамасыз етеді.
241

LINUX файлдық құрылымы ағашқа ұқсас иерархиялық құ- рылымнан тұрады.Түбірлі каталогта 5 негізгі каталогты қосқан- да басқа да каталогтар мен файлдар бар:
  • bin – көптеген орындалатын командалық программалар мен shell процедурасы;
  • tmp – уақытша файлдар;
  • usr – қолданушылардың каталогтары (шартты белгілеу);
  • etc – басымырақ басқару утилиталар мен файлдар;
  • dev – физикалық құрылғыларды көрсететін арнайы файл- дар; /dev каталогына құрылғыларды орнату барысында сәйкес файл да қосылуы керек (/ белгісі түбірлі каталогқа жататынын білдіреді).

  • Ағымдығы каталог – дәл осы уақытты қолданушы отырған
    каталог. Рұқсат құқығы болған жағдайда қолданушы жүйеге кірген соң басқа каталогқа өте алады. Ағымдағы каталог (.) нүк- темен белгіленеді; ағымдағы каталог жататын түбірлі каталог (..) екі нүктемен белгіленеді.
    Файлдың толық аты қисық сызықпен бөлінген түбірлі ката-
    логтан және каталогтардың атынан тұрады, мысалы: /home/ student/file.txt. Бірінші қисық сызық түбірлі каталогты білдіреді әрі файлды іздеу содан және home каталогы мен student катало- гында басталады.
    Бір файлды бірнеше каталогтарға кіретіндей етіп жасаса бо-
    лады. Ол үшін ln (link) командасы қолданылады: ln <1-файл- дың аты><2-файлдың аты>
    1-файлдың аты – байланыс орнатылатын файлдың толық құ-
    рамдас аты; 2-файлдың аты байланыс қолданылатын жаңа ката- логтағы атауы. Жаңа атау ескіден ерекшеленбесе де болады. Әр файлда бірнеше байланыс болады, яғни ол әртүрлі каталогтарда түрлі аттармен орналаса алады.
    ln командасы – s аргументімен келесідей символдық байла- ныс түзеді:
    ln –s <1 файлдың аты><2 файлдың аты>
    Бұл жердегі 2 файлдың аты орнатылатын символдық байла- ныстың аты болып табылады. Символдық байланыс – бұл сілте- ме жасалатын файлдың аты сақталған файлдың ерекше түрі бо- лып табылады. LINUX символдық байланыспен әдеттегі файл-
    242

мен жұмыс істегендей жұмыс істемейді, мысалы, символдық байланыстың ішіндегілер экранға бейнелеген кезде символдық байланыс сілтеме жасалған файлдың мәліметтерінен шығады.
LINUX-те файлдармен каталогтарға рұқсат 3 деңгейде беріледі:
  • файлдың иесінің рұқсаты;
  • файлдың иесі жататын қолданушылардың рұқсаты;
  • басқа да қолданушылар.

  • Әр деңгейдің өзінің байт атрибуттары болады, олардың мән- дері келесі түрде түсіндіріледі:
    r– оқуға рұқсат берілу;
    сызба – жазуға рұқсат берілу; x – орындауға рұқсат берілу;
    -- рұқсат жоқ.
    Атрибуттар байтының бірінші символы файлдың типін анықтайды және келесі мәндермен түсіндіріледі:
    -- қарапайым файл;
    d – каталог;
    l – символдық байланыс;
    b – магнитті дисктегі жинақтаушы сияқты шеттегі құрылғы- ларға сәйкес келетін блок-бағытталған арнайы файл;
    c – принтер, терминал сияқты шеттегі құрылғыларға сәйкес
    келетін байт-бағытталған арнайы файл.
    Үй каталогында қолданушыға барлық файлдарға рұқсат бе- рілген (READ, WRITE, EXECUTE; r, сызба, x).
    Файлдың атрибуттарын ls – s командасымен көруге болады және олар келесі форматта көрсетіледі:

d

rwx

rwx

rwx

|

|

|

|

|

|

|

| Басқа қолданушыларға рұқсат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет