5. LINUX ОЖ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ТОПТАМАСЫ
жұмыс станцияларында, дискілерде орналасып, программалық модульдері әртүрлі компьютерлерге орнатылса да, соған қара- мастан біртұтас жүйе жұмысын атқарады. Үлкен көлемдегі ақ- параттарды өңдеу барысында клиент-серверлік технология қол- данылады, мұнда қолданушы тек өзіне қатысты ақпараттармен жұмыс істейді. Бұл технологияның дамыған түрі инттелек- туальды агенттер технологиясы болып табылады. Желілік Linux ОЖ 32- немесе 64-разрядты платформаларға арналған. Бұл ОЖ компьютердің белгілі бір моделімен байланысты емес. Оның яд- росы жоғары деңгейлі тілде жазылғандықтан, бұл жүйені бір платформадан басқасына жеңіл көшіруге мүмкіндік береді. Жүйе GNU лицензиясы бойынша таратылады.
5.1. LINUX ОЖ негізгі жұмыс істеу принциптері Жұмыстың мақсаты: Linux көп қолданушылы және көп
тапсырмалы ОЖ архитектурасын және жұмыс істеу принципте- рін игеру, әсіресе сервер және жұмыс станциясы ретінде қолда- ну ерекшеліктерін қарастыру.
Жүйеде келесідей негізгі компоненттер бар.
Ядро. Жадыны, процессорларды басқару функцияларын орындайды. Барлық программалардың орындалуын және сырт- қы құрылғыларға қызмет көрсетуді реттеп отырады. Барлық ен- гізу/шығаруға және жүйелік операцияларды орындаумен байла- нысты іс-әрекеттер жүйелік шақырулар арқылы жүргізіледі. Жүйелік шақырулар программалар мен ядро арасындағы прог- раммалық интерфейсті іске асырады. Ядро динамикалық конфи- гурациялау мүмкіндігі де бар.
Init процестер диспетчері. Жүйенің қалыпты жұмыс істе- уіне және олардың бастапқы іске асырылуына қажетті процес- терді белсенді етеді. Жүйенің жұмыс істеуін аяқтау және қолда- нушылардың жұмыс сеансын және алыстатылған терминалдар- ды ұйымдастырады.
Shell командасының интерпретаторы. Терминалдан неме- се командалық файлдан енгізілетін командаларды талдайды жә- не оларды жүйе ядросына орындауға жібереді. Командаларда, әдетте аргументтер және параметрлер болады, олар орындала- тын іс-әрекеттерді модернизациялауға қатысады.
237
Shell, сонымен қатар программалау тілі болып табылады, он- да командалық файлдарды құруға болады (shell-файлдар). ОЖ кіру барысында қолданушы shell интерпретаторының көшірме- сін түбірлі процесс ретінде алады. Әрі қарай қолданушы жүйе- мен жұмыс істеу барысында туынды процесс құрылады. ОЖ іс- ке қосылғаннан кейін құрылған процестер, бұрынғы процестің ұрпағы ретінде қарастырылады. Linux ОЖ процестерді динами- калық құру және басқару мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |